Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңісінің жаңа құрамын сайлау туралы

10.05.2024

«Қазақстан Халық банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) 2017 жылы 21 сәуірде Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылған Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті деп хабарлайды.

Банк Директорлары кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанына байланысты акционерлердің жылдық жалпы жиналысында мына тұлғаларды: тәуелсіз директорлар ретінде Александр Сергеевич Павловты, Анвар Галимуллаевич Сайденовты, Арман Галиаскарович Дунаевты, Кристоф Рёльді (Christof Ruehl) және Фрэнк Кайларсты (Franciscus Cornelis Wilhelmus (Frank) Kuijlaars), «АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ өкілі ретінде Мажит Тулеубекович Есенбаевты, Умут Болатхановна Шаяхметованы 3 жылдық өкілеттік мерзімімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлары кеңесінің мүшелері болып сайлансын деген шешім қабылданды (2017 жылғы 21 сәуірдегі Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының №39 хаттамасы). Сол күні Банктің жаңадан сайланған Директорлары кеңесінің жүзбе-жүз отырысында қабылданған шешімге сәйкес Павлов Александр Сергеевич Банк Директорлары кеңесінің төрағасы болып сайланды (2017 жылғы 21 сәуірдегі Банк Директорлар кеңесінің жүзбе-жүз отырысының №3 хаттамасы).

Осылайша, корпоративтік басқарудың үздік халықаралық тәжірибелеріне сәйкес Банк Директорлары кеңесінің жаңартылған құрамында жеті директор болды, олардың бесеуі – тәуелсіз.

Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу күніне Банк Директорлар кеңесінің сайланған мүшелері Банктің дауыс беретін акцияларына және Банктің еншілес ұйымдарында акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) иелік еткен жоқ.

Банк Директорлары кеңесінің жаңа құрамы туралы толығырақ ақпаратты келесі мекенжай бойынша көруіңізге болады: http://www.halykbank.kz/ru/about/management

***

«Қазақстан Халық банкі» АҚ (Halyk Bank) клиенттер базасы мен таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы жетекші қаржы тобы әрі жетекші бөлшек сауда банкі болып табылады. Банк әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келіп, өзінің бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиентеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын (банктік, зейнетақылық қызметтерді, сақтандыру, лизинг бойынша қызметтерді және активтерді басқару қызметтерін) ұсынуда. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда  және Қырғызстанда іске асырады

«Қазақстан Халық банкі» АҚ листингтік компания болып табылады, оның бағалы қағаздары Қазақстан (KASE) және Ұлыбритания (LSE) қор биржаларында айналымда жүреді.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 3 300 295, pr@halykbank.kz , www.halykbank.kz