Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

2016 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙЫ БОЙЫНША «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ БІРІКТІРІЛГЕН ҚАРЖЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

10.05.2024

«Кредиттеудің өтімділігі мен тоқтатыла тұруының, теңгедегі жоғары мөлшерлемелердің болмауымен көрсетілген, қазақстандық коммерциялық банктердің жаппай барлығы үшін күрделі болған жылдың басына сүйене отырып, 2016 жылға жасалған болжамдардың жағымсыз болуына қарамастан, біз портфельдің тәуекелдері мен сапасына айрықша назар аударуды жалғастыра отырып, пайдалылық бойынша өз қарқынымызды сақтап қалдық, капиталға 20% төмен емес кірістілікті қамтамасыз ете алдық. Жыл бойы Қазақстан Халық банкі экономиканың нақты секторын қаржыландыруда белсенді түрде қатысты: сонымен, корпоративтік және ШОБ секторын ұсынатын заңды тұлғаларды кредиттеудегі Халық банктің үлесі 14.7%-дан 15.3%-ға дейін өсті. Halyk тобы банктің топ-менеджменті өз іс-қимылдарында басшылыққа алатын негізгі қағидатқа – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның акционерлік құнын арттыруға сүйене отырып, коммерциялық банктік қызметтерді, инвестициялық банкингтің қызметтерін, сақтандыруды және брокерлік қызметтерді қоса алғанда, қаржылық қызметтердің толық спектрын ұсынатын қаржы тобы ретінде өзінің көшбасшылық орнын нығайта отырып, өзінің даму стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырып келеді, - деп Қазақстан Халық Банкінің  Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның (бұдан әрі – «банк») таза табысы 2015ж. 12 айымен салыстырғанда 9.2%-ға 131.4 млрд теңгеге дейін өсті.

Құнсыздану резервтеріне аударуға дейінгі таза пайыздық табыс 2015ж. 12 айымен  салыстырғанда 22.4%-ға 184.0 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл пайыздық активтердің орташа қалдықтарының 38.3%-ға ұлғаюы және олар бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелердің жылдығы 10.5%-дан жылдығы 10.6%-ға дейін өсуі есебінен, негізінде Банк 2016ж. соңғы үш тоқсаны ішінде сатып алатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ноталары есебінен өсті.

Таза пайыздық маржа 2015ж. 12 айындағы жылдығы 6.2%-бен салыстырғанда 2016ж. 12 айындағы жылдығы 5.5%-ға дейін төмендеді. 2016ж. 4 тоқсаны бойынша таза пайыздық маржа 5.3% құрады, 2015ж. 4 тоқсанымен салыстырғанда бұрынғы деңгейде қалды.

- Орташа меншікті капиталға қайтарым (RоAE) 2015 ж. 12 айы бойынша жылдығы 24.4%-дан жылдығы 22.3%-ға дейін төмендеді;

- Орташа активтерге қайтарым (RоAA) 2015 ж. 12 айы бойынша жылдығы 3.7%-дан 2.8%-ға дейін төмендеді.

 Көрсетілетін қызметтер бойынша табыстармен комиссиялар 2015 ж. 12 айымен салыстырғанда 2016 ж. 12 айы ішінде, көбінесе пластик карталарға қызмет көрсету, банктік аударымдар мен кассалық операциялар бойынша Банктің транзакциялық бизнесінің өсіп келе жатқан көлемі нәтижесінде 11.3%-ға өсті және 59 млрд теңгені құрады.

 Пайыздық емес өзге табыстар (сақтандыруды шегеріп тастағанда) 2015ж. 12 айындағы жылдығы 40.1 млрд теңгемен салыстырғанда 2016ж. 12 айында 20.6 млрд теңгеге дейін төмендеді.

 Операциялық шығындар 2015ж. 12 айымен салыстырғанда көбінесе қызметкерлердің жалақысына және ақпараттық қызметтерге жұмсалған шығындардың ұлғаюы есебінен 3.7%-ға өсті.

 Операциялық шығындардың операциялық кіріске ара салмағы 2016ж. 12 айы ішінде пайыздық табыстың жоғары болуы есебінен және қызметтер мен комиссиялар бойынша тапқан табыстың есебінен 8.3%-ға өскен операциялық кірістің өсуі нәтижесінде 2015ж. 12 айындағы 29.2%-бен салыстырғанда 28.5%-ға дейін төмендеді.

 Активтер 2016 ж. 12 айында Банктің депозиттік базасының ұлғаюы нәтижесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 20.1%-ға өсті және 5 349 млрд теңгені құрады.

 Клиенттерге берілетін заемдар 2015 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда брутто негізде 5.0%-ға және нетто негізде 6.6%-ға өсті. Клиенттерге берілген заемдардың брутто өсімі корпоративтік несиелік портфельдің (брутто негізде +5.5%),  ШОБ несиелік портфелінің (брутто негізде +6.6%) және тұтынушылық заемдар портфелінің (брутто негізде + 6.2%) артуымен байланысты болды. Клиенттерге берілген заемдардың брутто өсімі ипотекалық заемдар портфелінің (брутто негізде –4.8%) төмендеуімен ішінара азайтылып отырды.

 NPL 90+ ҚРҰБ әдістемесі бойынша 2016ж. 30 қыркүйектегі 10.4%-бен салыстырғанда  2016ж. 31 желтоқсанда 8.6%-ға дейін төмендеді. Мұндай төмендеу талап ету құқығын тоқтатпастан қалыптастырылған провизиялар есебінен 20 млрд теңге сомасына (негізгі борыш бойынша) мерзімі өткен қарыздардың есептен шығарылуына байланысты, Банктің корпоративтік клиенттерінің мерзімі өткен берешекті өтеуі және несиелік портфельдің өсуі есебінен болды.

 Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2016 ж. 12 ай бойы Банктің корпоративтік және бөлшек клиенттерінің теңгемен және шетелдік валютамен орналастырған жаңа депозиттерінің нәтижесінде, 2015 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда 34.1%-ға және 16.4%-ға өсті.

 Кредиттік мекемелердің қаражаты 2015 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда 3.6%-ға төмендеді, көбінесе бұл 2016 жылдың ішінде ақша нарығында (қазынашылық вексельдермен РЕПО мәмілелері) Қазақстан Қор биржасы арқылы банктің және оның еншілес ұйымдарының біреуінің қарыз алу көлемінің төмендеуінен болды.  2016 жылғы 31 желтоқсанда Банктің кредиттік мекемелер алдындағы міндеттемелерінің жартысынан көбі көбінесе 2014 және 2015 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-нан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-нан экономиканың бөлек секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған қарыздардан құралды.

 Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда көбінесе 2016 жылы 25 сәуірде айналым мерзімі 10 жыл және купон мөлшерлемесі 15% болатын, инфляция мөлшерлемесін шегеріп, жергілікті тәртіптендірілген облигацияларды 4 млрд. теңге сомасына жоспарлы өтеу есебінен және 2016 жылғы 9 қарашада Банк 2018 жылдың қарашасында бастапқы өтеу мерзімімен және жылдығы 13% купон мөлшерлемесімен, жергілікті тәртіптендірілген облигациялардың тағы бір шығарылымын 5 млрд. теңге сомасына ерікті мерзімінен бұрын өтеу есебінен 2.1%-ға төмендеді.

31.12.2016ж. жағдай бойынша банктің борыштық бағалы қағаздарына:

- әрбір шығарылым бойынша купон мөлшерлемесінің жылдығы 7.25% болғанда, 2017ж. мамырында және 2021ж. қаңтарында біржолғы өтеумен 638 млн АҚШ доллары және 500 млн АҚШ доллары сомасына өтелмеген еврооблигациялардың екі шығарылымы;

- банк 2015 жылы «Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да купонның жылдығы 7.5% мөлшерлемесі бойынша орналастырған және 2025ж. ақпанында өтелуге жататын  131.7 млрд теңге сомасына жергілікті облигациялар;

- банк 2014 жылы «Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да купонның жылдығы 7.5% мөлшерлемесі бойынша орналастырған және 2024ж. қарашасында өтелуге жататын  100 млрд теңге сомасына жергілікті облигациялар кіреді.

 

2015 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ меншікті капиталы 2016 ж. 12  айда тапқан таза табыс есебінен 25.6%-ға ұлғайды және 666 млрд теңгені құрады. 

 

01.01.2017

01.10.2016

01.07.2016

01.04.2016

01.01.2016

 

 

 

 

 

 

капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерішоғырландырылмаған:

К1-1

19,2%

19,0%

19,9%

18,5%

17,3%

К1-2

19,2%

19,0%

19,9%

18,5%

17,3%

K2

19,2%

19,0%

19,9%

18,5%

17,5%

капиталдыңжеткіліктілік коэффициенттері, шоғырландырылған:

CET

19,4%

19,1%

19,7%

18,5%

17,3%

1 деңгейдегі капитал

19,4%

19,1%

19,7%

18,5%

17,3%

2 деңгейдегі капитал

19,4%

19,2%

19,8%

18,6%

17,5%

 

Халықаралық рейтингілік агенттіктерінен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ рейтингтері:

 

Moody's Investors Service

Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер

Ba2

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді депозиттер

Not prime

Рейтинг болжамы

Жағымды

Standard and Poor`s

Ұзақ мерзімді контрагенттік рейтинг

BB

Қысқа мерзімді контрагенттік рейтинг

B

Рейтинг болжамы

Жағымды

Fitch Ratings

Эмитент дефолтының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі

BB

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг

B

Тұрақтылық рейтингі

bb

Қолдау рейтингі

4

Ұзақ мерзімді рейтингке болжам

RWN (Rating Watch Negative)

 ШОБ-ты қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу

01.10.2017ж. жағдайға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдаудың және бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Қазақстан Халық Банкі несиелік портфельдің көлемінің және бағдарлама аясында қатысуға мақұлдау алған жобалар санының көрсеткіштері бойынша ЕДБ арасында көшбасшылар қатарында тұр Осылайша, Банк жобалар саны бойынша бірінші орынға ие - 207.6 млрд. теңге пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша портфельдің көлемімен 1 499 жоба (корпоративтік блоктың несиелік портфелінің көлемін есепке алумен).

Субсидияланатын портфельдің көлемі және кепілдік беру шеңберінде қол қойылған шарттардың сомалары бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕДБ арасында екінші орында тұр.  Банк жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттеріне кепілдік беру - «Даму» қорымен белсенді ынтымақтасудың келесі бағыты болып табылады. Кепілдік беру бағдарламасының әрекет ету сәтінен бастап «Қазақстан халық Банкі» АҚ-та қол қойылған кепілдік шарттарының саны қор қол қойған 2 596 шарттың ішінен 576 (22.19%) құрайды. Бұл ретте, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ үшін қор кепілдіктерінің сомасы 7 669 млрд теңгені құрайды, бұл ЕДБ клиенттерінің кепілдіктерінің жалпы сомасынан 19.25%-ды құрайды. Аталған көрсеткіштердің әрбіреуі бойынша, кепілдік беру бағдарламасына қатысу аясында банк барлық ЕДБ арасында 2-ші орынға ие болды.

 

Банктің бөлшек бизнесі

2016 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бөлшек бизнесте өз экспансиясын күшейтті – мәселен, банк жеке тұлғалардың салымдары бойынша нарықта көшбасшылық орынды ұстап тұруды жалғастырып келеді – екінші деңгейдегі банктердің депозиттерінің нарықтағы үлесі  20,65% құрайды. 

Бөлшек заемдардың несиелік портфелінің көлемі өсімнің оң динамикасын көрсетеді, оның үлесі 16.0%-дан 16.51%-ға дейін өсті, бұл абсолюттік өрнекте 18.5 млрд теңгені құрайды. Ең болмағанда бір банктік өнімді пайдаланатын 7.4 млн. клиенттен құралған Банктің бөлшек клиенттік базасының динамикасы тұрақты (олардың ішінде белсенді клиенттер 72,4% - 5.4 млн). 2016 жылы Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карталарының саны 5.6 млн данаға дейін артты. Төлем карталарына қызмет көрсету бойынша банктің үлесі нарықтағы белсенді карточкалар бойынша 46.1% құрайды.

Халық банк Проблемалық кредиттер қоры «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы» бойынша бөлген қаржыны игеруді жалғастырады».

28.6 млрд теңге бөлінген сомадан:

- 21.712 млрд теңге сомадағы өтініштер қарастырылды (бөлінген лимиттен 76%)

- 18.684 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыру мақұлданды

- 2.4 млрд. теңге сомаға бас тартылды (бағдарлама талаптарына сәйкес келмеу себебі бойынша)

- 15.973 млрд теңге сомаға нақты қайта қаржыландырылды.

ҚР Ұлттық Банкі Бағдарламаның қолданысын 2017жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартты.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қазақстан Республикасы бойынша ең тармақталған филиалдар желісінің біріне ие:

- халықтың барлық сегментіне қызмет көрсететін 22 облыстық/өңірлік филиал және 485 сату арнасы бар.

- 2016 жылы банкоматтардың саны 100 бірлікке артты және барлығы 2 368 бірлікті құрайды. Жыл бойы табиғи және сапалық ескірген 300 банкомат ауыстырылды.

- 577  төлем терминалы орнатылды.

Клиенттер икемділік пен жайлылықты көбірек бағалайды – қашықтықтан сату арналары арқылы жасалатын төлемдер санының үлесі 01.01.2017 жылғы жағдайға сәйкес 75%-ды құрады, бұл 2016 жылдың басымен салыстырғанда 6%-ға көбірек. Клиенттер myhalyk мобильдік банкингті де белсенді түрде пайдаланады, бұл деген Жеке тұлғаларға арналған интернет банкингтің толық нұсқасы арқылы жүргізілетін төлемдер мен аударымдардың жалпы үлесінің 43%.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Google Play және App Store дүкендерінде «myHalyk» мобильдік қосымшасын жүктеудің жалпы саны 480 мыңнан асты, бұл қосымша «Қаржы» санатындағы тегін қосымша арасында танымалдылығы бойынша топ-үштіктің ішінде.

Кері байланыс алу және сервисті жақсарту үшін 2016 жылы Halyk Bank әлеуметтік желілердегі қатысуын күшейтті. Желілерде жұмыс істеудің бірінші жылының қорытындысы бойынша Facebook-те, Vkontakte-де, Instagram-да және Twitter-де банк аккаунтына жазылушылардың жалпы саны - 80 000-нан асты. Halyk Bank қазақстандық коммерциялық банктердің арасында әлеуметтік желілерде ең жоғары көрсеткішке ие (Engagement rate). Өтінішке жауап берудің орташа жылдамдығы 3-5 минут, үн қатудың пайызы – 100%, яғни, клиенттердің  өтініштеріне банк жауапты 3-5 минут ішінде қайтарады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 3 300 295, pr@halykbank.kz

www.halykbank.kz