Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

""Қазақстан Халық банкі"" АҚ 638,029,000 АҚШ доллары көлеміндегі еурооблигацияларды өтеді.

11.05.2024

""Қазақстан Халық банкі"" АҚ (LSE: HSBK) 638,029,000 АҚШ доллары көлеміндегі соманы құрайтын  10 жылдық Еурооблигацияларды 7.25% купон мөлшерлемесімен уақытылы толық көлемде өз есебінен 3 мамыр 2017 жылы өтегенін хабарлайды.                                   

""Қазақстанның Халық Банкі"" АҚ басқарма төрайымы Умит Шаяхметова өз пікірін білдірді:

""Халық банкі Еврооблигациялық шығарылымды белгіленген кестеге сәйкес өз қаражаты есебінен толық көлемде өтеді. Бұл біздің өтімділігі берік позициямыздың тағы бір жарқын дәлелі деп ойлаймыз. Банк өзінің төлем міндеттемелерін орындау үшін қосымша қарыз қаражаттарды, халықаралық немесе жергілікті нарық капиталынан тартуды қажет етпеді. Айта кету керек, 7.25%-ды құрайтын купон мөлшерлемесі қорландырудың қымбат құралы болып есептеледі. Енді күтілетіні, еврооблигациялық шығарылымды өтегеннен кейін банк үшін орташа қорландыру құны төмендеуі тиіс, бұл активтердің табыстылығына септігін тигізеді.""

""Қазақстан Халық Банкі"" АҚ Қазақстандағы қаржы қызметтерінің жетекші тобы және бүкіл Республика аумағында ең ірі клиенттік базасы мен кеңейтілген филиалдық желісі бар бөлшек банк болып табылады. Банк өзінің бөлшектеп сатылым көрсететін киенттеріне, шағын және орта бизнес субъектілеріне, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге кеңейтілген қызмет шоғырын (банктік қызмет көрсету, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтермен басқару) ұсынатын қаржы қызметтерінің әмбебап тобы ретінде дамып келеді. Банк сондай-ақ өз қызметін Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда да жүргізіп отыр.  

Баспасөз қызметі

«Қазақстан Халық банкі»

тел. +7 727 3 300 295, www.halykbank.kz