Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

2017 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық банкі» АҚ біріктірілген қаржылық нәтижелері туралы

12.05.2024

«2017 жылғы 1-тоқсанның аяғында, Қазақстан Халық Банкі  Қазақстанда активтері мен меншікті капиталының  мөлшері  бойынша №1 банк болып табылады. Қазіргі белгісіз экономикалық жағдайда Қазақстан Халық Банкі есепті кезеңде тамаша нәтиже көрсетті: 38.5 млрд көлемінде таза табыс  алынды, ол өткен жылмен салыстырғанда 68%-ға жоғары, банк капиталы  минималды нормативті талаптардан әлдеқайда жоғарылады,  төлемпаздық бойынша активтердің ортақ көлемі - 47,5%-ды құрап,  тұрақты және берік күйінде қалды. Бұл банкке мамыр айының  басында қосымша қарыз алу немесе қайта қаржыландырудың қажетінсіз,банктің өз есебінен 638 мың АҚШ доллары көлемінде 10 жылдық еурооблигацияларды толық өтеуге мүмкіндік берді. Қазақстан Халық Банкі бөлшек сауда, шағын және орта бизнес, экономиканың нақты секторын несиелеу сияқты салаларында жетекші орынға ие. Банктің акционерлік құнын арттыру, қаржылық институттардың тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамассыз ету және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру сияқты негізгі  принциптерімізге негізделген даму стратегиямызды дәйекті түрде іске асырамыз, - деп «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.

2017 жылдың 1-ші тоқсанында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – «Банк»)  активтері 01.01.2017 жылмен салыстырғанда теңге бағамының АҚШ долларына қатысты валюта баланс баптарын қайта нығайтуға байланысты есебінен 2017ж. 1-ші тоқсанында 2.8%-ға төмендеп, 5201 млрд. теңгені құрады.  Сонымен қатар, есепті кезеңнің нәтижелері бойынша, Қазақстан Халық Банкі активтері бойынша қазақстандық коммерциялық банктердің рейтингінде №1 банк.

2016 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда Қазақстан Халық Банкінің таза кіріс мөлшері 67.9% -ға өсіп, 38.5 млрд теңгені құрады. 

Таза пайыздық кіріс құнсыздану резервіне жібергенге дейін 2016 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 34,3% -ға өсіп, 49.9 млрд теңгені құрады. 

Таза пайыздық маржа 2016 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 5.1%-дан, 2017жылдың 1-ші тоқсанның нәтижесі бойынша жылдығы 5.2 -%-ға дейін өсті.

Орташа меншікті капиталға қайтарым (RоAE) 2017жылдың 1-ші тоқсанында жылдығы 13.7%-дан, 22.4%-ға дейін өсті.

Орташа активтерге қайтарым (RоAA)  2017жылдың 1-ші тоқсанында жылдығы 2.1%-дан, жылдығы 3.0%-ға дейін  өсті.

Банктің транзакциялық бизнесінің көлемінің өсуі, негізінен пластикалық карталар, кассалық операциялар мен банк аударымдары қызметтерінің өсу себебінен 2016 жылдың 1-ші жартысымен салыстырғанда қызмет көрсету және комиссия бойынша кіріс 9.6%-ға өсіп, 15 млрд теңгені құрады.

Басқа да процентсіз кірістер (сақтандыруды санамағанда) банктің 2016 жылғы 1-ші тоқсанында тапқан 3.7 млрд теңгеге қарағанда 4.8 млрд теңгені құрады.

 

Операциялық шығындар 2016 жылғы 1-ші тоқсанмен салыстырғанда көбінесе Банк жұмыскерлерінің жалақысының шығынын көбейту себебінен 7.2%-ға өсіп, 19 млрд теңгені құрады.

Операциялық шығындардың операциялық кіріске ара салмағы  2016 жылғы 1-ші тоқсанмен салыстырғанда 27.1%-дан 33.6%-ға төмендеді. Операциялық кіріс 32.9%-ға өсіп, 70млрд теңгені құрады. 

2016 жылғы 1-ші тоқсанмен салыстырғанда клиенттерге берілген қарыздар брутто негізінде 4.0%-ға және нетто негізінде 4.3%-ға төмендеді. Бизнестің барлық түрлері бойынша несиелік портфельдің азаюына қарыздардың көлемінің ұлғаюы және валюттық несиенің 2017 жылғы 1-ші тоқсанмен салыстырғанда  АҚШ долларының теңгеге қатынасының өсуі есебінен валюттық несиенің баланстық бағасының төмендеуі себеп болды.

NPL 90+ үлесі (ҚРҰБ дерегі бойынша) 2016ж. 31 желтоқсандағы 8.6%-бен салыстырғанда 2017ж. 31 наурызда 9.4%-ға дейін өсті. Бұл өсім 2017 жылдың  1 -ші тоқсанында  негізінен несие портфелінің төмендеуі мен бұрын құнсызданған  корпоративтік заемшының кешігуіне байланысты.

Негізінен 2017 жылдың 1-ші тоқсанында АҚШ долларына қатысты теңгенің өсу қарқынының әсерінен шетел валютасындағы депозиттерді теріс қайта бағаланғанына байланысты. Дедолларландыру саясаты өз жемісін әкелуде - 2017 жылдың 1-ші тоқсанының нәтижесі бойынша ұлттық валютадағы депозиттердің корпоративтік үлесі 2016 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 36,8% -дан  46,7% -ға дейін өсті. теңгедегі бөлшек сату депозиттері өткен жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда  32,1%-дан  осы жылы 33,5% -ды құрады.

АҚ «Қазақстан Халық Банкі» 2017 жылдың 3 мамырында 638млн АҚШ долларын құрайтын,  10 жыл мерзімдік, 7.25% купондық ставкалы  еурооблигациялардың толық шығарылымын уақытылы және толығымен өтеді. Төлем банктің күшті өтімділік позициясының арқасында банктің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

16.05.2017 жылда банктің борыштық бағалы қағаздарына :

 - $ 500 млн сома мөлшерінде  жылына 7.25% сыйақы мөлшерлемесі бар бір жолғы 2021ж. қаңтарында төлем жасау қажет өтелмеген еурооблигациялар шығарылымы;

- 131.7млрд теңгені құрайтын Банктің  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ -да 2015 жылы орналастырылған жергілікті облигациясы купон ставкасы бойынша  жылдық 7,5% мөлшерлемесімен және өтеу мерзімі 2025 жылдың ақпан айы;

- 100 млрд теңгені құрайтын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да 2015 жылы орналастырылған жергілікті облигациясы купон ставкасы бойынша  жылдық 7,5% мөлшерлемесімен және өтеу мерзімі 2024 жылдың қараша айы;

- 2016 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ меншікті капиталы таза кіріс есебінен 2017 жылғы 1-ші тоқсанда 6,6% -ға өсіп, 710 млрд.  теңгені құрады. Қазақстан Халық Банкі меншікті капиталдың көлемі  бойынша барлық қазақстандық коммерциялық банктер арасында көшбасшы болып табылады.

Банк капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері мыналарды құрды:

 

01.04.2017

01.01.2017

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, біріктірілмеген:

К1-1

21,3%

19,2%

К1-2

21,3%

19,2%

K2

21,3%

19,2%

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, біріктірілген:

CET

21,5%

19,4%

1-ші деңгейдегі капитал

21,5%

19,4%

2-ші деңгейдегі капитал

21,5%

19,4%

Халықаралық рейтинг агенттіктерінің АҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ рейтингтері:  

Moody's Investors Service

Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді салымдар                                Ba2

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді салымдар                             Not Prime

Рейтингтер бойынша болжам                                                               Дамушы

 

Standard and Poor`s

Ұзақ мерзімді контрагенттік рейтинг                                                 BB

Қысқа мерзімді контрагенттік рейтинг                                               B

Рейтингтер бойынша болжам                                                              Жағымсыз

 

Fitch Ratings

Шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді  рейтингі  BB

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді  рейтингі                                      B

Тұрақтылық рейтингі                                                                                    bb

 Қолдау жасау рейтингі                                                                                 4

Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам                                                   Rating Watch «Жағымсыз»

 

ШОБ-ты қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалаға қатысу

2017жылдың 1-тоқсанының нәтижесіне сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдаудың және бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Халық Банкі өзінің несие портфелінің және мақұлданған жобалар санының көлемі бойынша көшбасшылар қатарында.  Банк жобалар көлемі бойынша – 1 592 , портфельдің пайыздық қаржылай көмек көлемінің пайыздық мөлшерлемесі - 216.6 млрд теңгемен (корпаративті блоктың несие портфелін есепке алумен) сенімді 1-ші орынды алады. 

Қазақстан Халық Банкінің субсидияланатын портфелінің көлемі бойынша - барлық банктер арасында 2-ші орын. «Даму» қорымен тағы бір белсенді ынтымақтастықтың бір ауданы болып банктің ШОБ субъектілеріне  ұсынған несиелерді кепілдеу болып табылады. «Қазақстан Халық Банкі» қол қойылған кепіл келісім саны барлық  кепілдік қол қойылған келісімшарттар қорының жалпы санының 617 (22.06%) болып табылады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға арналған «Даму» қорының кепілдіктер сомасы банк клиенттерінің жалпы кепілдіктерінің 19.07% құрап, 8.121 млрд теңгені құрайды. Бұл көрсеткіштердің әрқайсысынан, кепілдік бағдарламасына қатысу арқылы, Қазақстан Халық банкі екінші деңгейдегі барлық банктер арасында 2-ші орында тұр

Банктің бөлшек бизнесі

2017жылдың 1-ші тоқсанында коммерциялық банктердің бөлшек депозиттер нарығында Халық банкінің үлесі, 21,32% -ды өсім- 0,03% -ды құрады. Бөлшек тұлғаларға депозиттер портфелі 01.04.2017ж қарағанда 1 615 млрд. теңгені құрады. Маусымдық тұтынушылық сұраныстың төмендеуі мен  кепілді қарыздарды кредиттеу жағдайларының өзгерістерінің себебінен аз мөлшерде кепілдік қарыз   (0.3%-ға)  төмендеді.  Халық банкінің бөлшек несиелеу нарық үлесі 16.17% құрайды.

Қазақстан Халық банкі клиенттерінің базасы кем дегенде бір мәрте банк өнімін қолданған 7.4 млн клиент құрайды. Оның ішіндегі белсенділерді – 70% немесе 5.1 млн. клиент. Халық банк желісі 506 бөлімшеден, 2368 банкоматтардан, 577 төлем терминалдардан, 431 мультикиоскілерден және 21 291 терминалдардан тұрады. 2017 жылдың 1-тоқсанында Астанада жаңа екі бөлімше ашылды – Басқарма үйінде және жаңа «Mega Silk Way» СОО.

Халық Банк нарықта  45.6% үлеспен төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша көш бастап келеді.  Қашықтықтан сату арналары арқылы төлемдер  санының үлесі  75.07%-ға дейін ұлғайып, 3.6 млн. төлем жүргізілді. 

Жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг жүйесі пайдаланушыларының саны 980 мың клиентке жетті. Интернет-банкинг  пайдаланушылары 1.5 млн-нан астам төлемдер мен аударымдар жүргізді. Жеткізуші көлемі 130-ға артып, бүгінгі күнде Халық банк интернет-банкингінде 1800 жеткізушінің қызметіне төлем жасау мүмкін. Google Play және App Store дүкендерінен «myHalyk» қосымшасын жүктеудің жалпы саны 615 мыңнан асты. Қосымша Google Play мен App Store-де «қаржы» санатында тегін қосымшалардың арасында танымалдылық жағынан 3-тікте қалады.


 2017 жылдың 1 – тоқсанындағы «SMS-банкинг» қызметі белсенді пайдаланушыларының саны 2%-ға артып, 1 782 мың. клиентті құрады. Банк төлем терминалдарының желісіндегі операциялардың жалпы саны 2.8 млн. операцияны құрады, бұл 2016 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 30%-ға артық.

Өз қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында  клиенттерден кері байланыс алу және қызмет көрсету Халық банкінің әлеуметтік желілерінде белсенді түрде ұсынылған. Facebook, Vkontakte, Instagram, және Twitter  аккаунттарының жалпы саны 100 000 пайдаланушылар болып табылады. Халық банкі әлеуметтік желілерде отандық коммерциялық банктердің арасында ең жоғары тарту көрсеткіші (Engagement rate)- 10%. :ауап берудің  орташа  жылдамдығы 15 минут, жауап беру мөлшерлемесі 100% болып табылады.

 

 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі:

тел. +7 727 30 0 290, pr@halykbank.kz

www.halykbank.kz