Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

FITCH RATINGS ХАЛЫҚ БАНКТІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫ «HALYK FINANCE» ЖӘНЕ «АЛТЫН БАНК» АҚ-НЫҢ РЕЙТИНГТЕРІН РАСТАДЫ

12.05.2024

Алматы қ. 2016 жылдың 23 желтоқсаныБаспасөз-релизі -  2016 жылы 20 желтоқсанда Fitch Ratings (бұдан әрі - Fitch) халықаралық рейтингтік  агенттігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның және оның еншілес құрылымдары «Halyk Finance» және «Алтын Банк» АҚ-ның шетелдік және ұлттық валютадағы  эмитенттің дефолт рейтингін  бұрынғы-ВВ деңгейінде  бекітті. Сондай-ақ Fitch «Қазақстан Халық Банкі» АҚ  және «Halyk Finance» АҚ үшін «Тұрақты» ұзақ мерзімді  болжамын  сақтап қалды және   «Алтын Банк» АҚ-ның   рейтингін - Rating Watch Positive (RWP) тізімінде оң болжамды рейтингтердің тізілімінде   қайта қарауға қалдырды.

 Қазақстан Халық Банкі ЭҰР-ның расталуы оның нарықтағы мықты орнын, салыстырылатын банктердің ішіндегі ең мықты - өтімділіктің үлкен қорын,  табыстылықтың және  капиталдануының ең жоғары көрсеткіштерін көрсетеді . Fitch сондай-ақ  Қазақстан Халық Банкі құнсызданудан резервке аударғанға дейінгі  өзінің жоғары табыстылығына және негізгі капиталының үлкен қорына  байланысты, қазақстандық ЕДБ арасында залалды ең жоғары сіңіру мүмкіндігін  сақтап қалғандығын атап өтті.

 Halyk Finance және Алтын Банк ЭҰР олардың бас құрылымымен бір деңгейдегі  рейтингте орналасқан. Fitch қажет болған жағдайда бұл екі компанияның Қазақстан Халық Банкінен қолдау  алатындығын күтеді.  Сонымен қатар Fitch Halyk Finance-тің  қазақстандық клиенттер үшін  инвестициялық- банктік және брокерлік  қызмет  көрсету  сегментінде  жетекші нарықтық орында екендігін және  салыстырмалы түрде  компанияны қолдау  едәуір жеңіл болатын дұрыс  теңгерімін  атап  көрсетті. Fitch сондай-ақ  оның 60% үлесін 2017 жылы China Citic Bank («BBB»/ болжамы - «Тұрақты») сатып алу нәтижесінде  Алтын Банктің рейтингісінің  жоғарылау  әлеуеті  бар  екендігін  атап өтті.

 Қазақстан Халық Банкінің және Алтын Банктің расталған рейтингтері олардың неғұрлым тұрақты қаржы институттары қатарында екендігін тағы да дәлелдей отырып, қазақстандық жергілікті банктердің арасында ең жоғарғысы болып табылады. Halyk Finance – халықаралық кредиттік рейтинг агенттігінен алған  рейтингі бар Қазақстандағы  алғашқы және жалғыз брокерлік компания.

***

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ –  клиенттердің  ең үлкен базасы мен таралу желісіне ие жетекші қаржы тобы және Қазақстандағы жетекші бөлшек сауда банкі. Банк өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын ұсына отырып (банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг бойынша қызметтер, брокерлік қызметтер және активтерді басқару жөніндегі қызметтер) әмбебап қаржы тобы ретінде дамуда. Сонымен қатар Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда да жүргізеді.

 ""Halyk Finance"" АҚ - қаржылық консалтинг және андеррайтинг  (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарын шығару және орналастыруды ұйымдастыру) корпоративтік қаржыландыру қызметін (соның ішінде компанияларға қатысу үлестерін және  акцияларын сатып алу/сату, корпоративтік борыштық қайта құрылымдау бойынша M&A-ның консультациялық қызметтері),  брокерлік қызметтер және бағалы қағаздармен сауданы, KASE сауда-САТТЫҚ алаңында  маркет-мейкер қызметін, инвестициялық портфельді басқару, сондай-ақ тұрақты  аналитикалық қызметтерді қоса алғанда инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін қазақстандағы жетекші инвестициялық банк.

«Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ), бұрынғы - «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ, Қазақстанның банктік нарығында 1998 жылдан бастап бар, корпоративтік және жеке тұтынушыларға арналған өнімдер мен қызметтердің түр-түрі бар әмбебап коммерциялық банк болып табылады. «Altyn Bank» АҚ-тың 4 бөлімшесі бар: Алматыда, Астанада, Атырау мен Ақтауда және Алматыда 2 қосымша бөлімшесі бар.

""Қазақстан Халық Банкі"" АҚ-ның PR-қызметі:

Тел.+7 727 2 590 816, pr@halykbank.kz

Www.halykbank.kz