Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

УМУТ ШАЯХМЕТОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ INTERNATIONAL BANKER БАСЫЛЫМЫ ТАРАПЫНАН «ШЫҒЫС ЕУРОПАНЫҢ ЖЫЛ БАНКИРІ»МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

11.05.2024

""Қазақстан Халық банкі"" сондай-ақ беделді халықаралық International Banker басылымы тарапынан Қазақстандағы 2016 жылдың Үздік Банктік топ марапатына ие болды.

12 желтоқсан, 2016 жыл, Алматы қ., Баспасөз-релизі Халықаралық International Banker басылымы Умут Шаяхметованы ""Шығыс Еуропаның жыл Банкирі"" номинациясы бойынша жеңімпаз деп таныды (""Banking CEO of the Year Eastern Europe 2016 Award""), ""Қазақстан Халық банкі"" АҚ басқарма төрайымы соңғы 8 жылдықтың көлемінде Қазақстан Халық банкі тобының жетістіктері мен дамуына елеулі үлесін қосқанын атап өтті. Басылымның пікірінше, Шаяхметованың басқару стилі – байыпты, көреген және стратегиялық тұрғыдан зерделенген қасиеті Halyk Group қаржылық нәтижелеріне тікелей әсер етуде. Шаяхметова ханымның банктік бизнесті және клиенттердің қажеттіліктерін терең түсіне білетіндігін, сондай-ақ жоғары кәсіби, этикалық стандарты және еліміздің қаржы секторындағы мол жұмыс тәжірибесі жайлы сарапшылар атап өтті. Басылымның санауынша, Халық тобының жеткен жетістігі жетекшінің жеке қосқан үлесі деп есептейді.

International Banker сарапшыларының ойынша, қазіргі уақытта қазақстандық конъюнктура қаржы нарығын қарапайым түріне жатқыза алмаймыз және банктерге қиын шарттармен жұмыс істеуге тура келеді. Сарапшылардың есептеуінше, Қазақстан Халық банкі Қазақстан банктер ісін жүргізетін, балансты сақтай отырып әмбебап банктің барлық банктік бизнес бағытында мықты позицияға белсенді өсуі және тәуекелдер мониторингі, әрдайым жұмыс істеу арқылы тұрақты несие портфелінің сапасын сақтап қалуы үлгі болып табылады. Қазақстан Халық банкі тобы жоғары кәсіби стандарттар мен дұрыс жолға қойылған корпоративтік басқаруын көрсете отырып қарқынды дамып келеді және журнал сарапшыларының пікірінше, ""Қазақстандағы 2016 жылдың Үздік Банктік топ"" марапатына лайықты (""Banking group of the year Kazakhstan 2016"").

Қазақстан Халық банкі басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, ""маған және Халық тобына берілген марапат, ең алдымен, біздің командаға біздің ұжым қызметкерлеріне тиісілі. Бұл табысымыз біздің күнделікті күш-жігеріміздің, еңбегіміздің, арман-тілектеріміздің жемісі. Біздің еңбектерімізді, адалдық, клиенттің бағдарына жүгіну, сенімділік, көшбасшылық, кәсіпқойлық және әлеуметтік жауапкершілік сияқты корпоративтік құндылықтарымыз осындай International Banker беделді басылым тарапынан байқалғаны қуанышты. Біз дұрыс бағытты таңдағанымызға сенімдіміз, біздің таңдаған және жүзеге асырылып жатқан даму стратегиясы қазірдің өзінде оң нәтиже беруде, ең бастысы – біздің команда, жүйе құраушы банк ретінде жоғарғы жауапкершілікті түсінеді"".

Жыл сайын International Banker банктер мен қаржыгерлердің жоғары көрсеткіштегі елеулі нәтижелері мен кәсіптік стандарттарын белгілейді.  Дәстүрлі түрде марапаттарды нарықта көшбасшы позициясын сақтап қалған, жаңа сервистер және клиенттер үшін жаңа қызметтерді реттеуші органдар мен  корпоративтік басқарудың стандарттары талаптарына сәйкес енгізген қаржы мекемелері алады.

Анықтама үшін.
International Banker
 Finance Publishing қаржы секторында  мамандандырылған , банкинг, халықаралық қатынастар беделді халықаралық баспа үйі флагмандық бренді болып табылады. Толығырақ ақпарат http://internationalbanker.com

""Қазақстан Халық банкі"" АҚ - дәстүрлі банкинг, инвестициялық банкинг, сақтандыру қызметтері, өмірді сақтандыру, брокерлік және т. б. қоса алғанда толықтай қаржы қызметтерін ұсынатын бактік топ. "" Казахинстрах"" АҚ, ""Халық-Лизинг"" АҚ, ""Halyk Finance"" АҚ, ""Халык-Инкассация"" ЖШС, ""Казтелепорт"" ЖШС, ""Халық Банк Қырғызстан"" ААҚ, ""НБК - Банк"" (Ресей) ААҚ, ""Халык-Life"" АҚ,  ""Халык Банк Грузия"" АҚ, ""Халык Проект"" ЖШС және ""Altyn Bank""АҚ Халық тобына кіреді.

Шаяхметова Умут Болатхановна Қазақстан Халық банкі"" қазақстандық құраушы банкі басқарма төрайымы, директорлар Кеңесінің мүшесі, (LSE:HSBK).

Банк секторында 19 жылдық тәжірибесі бар, оның ішіндегі 12 жылын Халық банкінде жұмыс істеген. 2009 жылдың қаңтарынан бастап ""Қазақстан Халық банкі"" АҚ  басқарады, 2009 жылы мамыр айында ""Қазақстан Халық банкі"" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.  Банк секторындағы мансабы 1997 жылы құрылымдық қаржыландыру ""ЕБ ЖАҚ АБН АМРО Банк Қазақстанда"" басталған.  1998-2000 жылдары Умут Шаяхметова ЗАБК ""ABN AMRO Asset Management басқарды және республика жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру бастауында тұрды. 2000-2004 жылдары ""ЕБ ЖАҚ АБН АМРО Банк Қазақстан"" басқарма төрағасының орынбасары ретінде қазақстандағы еншілес голландық банкте  корпоративтік кредит беру бөліміне жетекшілік етті. 2001 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының бағалы қағаздар бойынша сараптамалық кеңестің құрамына кірді. 2012 жылдың қараша айынан бастап ""ҚазАгроқаржы"" АҚ мүшесі болып табылады, Халықаралық UnionPay International Өңірлік Кеңесінің Төрағасы болып 2016 жылғы маусымында сайланды. UnionPay International өңіріне Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Ресей және Кавказ жатады. 2015 жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ""Атамекен"" іскер әйелдер Кеңесіне басшылық етеді. 2016 жылғы маусымда ""Атамекен"" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиумының қаржы секторы Комитетінің Төрағасы болып сайланды. 2011 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы көркем гимнастика Федерациясын басқарады. Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің Атқарушы мүшесі болып табылады. Қазұу. Әл-Фараби атындағы университеттің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Назарбаев Зияткерлік мектебі физика-математика бағытындағы бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады. Шаяхметова ханым «Ерен енбегi ушiн» және «Парасат» Ордені мемлекеттік марапатына ие. Ресей халықтар достығы университетінің (Ресей, Мәскеу қ.) ""экономикалық ғылымдар бакалавры"" біліктілігін және Rutgers University MBA дәрежесі (АҚШ, Нью-Джерси) меңгерген.

 «Қазақстан Халық банкі» АҚ PR-қызметі:

тел. +7 727 3 300 295, pr@halykbank.kz

www.halykbank.kz