Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Қазақстан Халық банкі Шымкент қаласындағы филиалына жаңа офис ашты

12.05.2024

Тарихи орталық -Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының АҚ «Қазақстан Халық Банкі»  жаңа офисінің ашылу рәсіміне: Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансеит Түймебаев, АҚ «Қазақстан Халық Банкі» директорлар кеңесінің төрағасы  Александр Павлов және  басқарма төрағасы Умут Шаяхметова қатысты.

Қазақстан Халық Банкінің басқарма төрағасының айтуы бойынша, «қазіргі таңда біздің Оңтүстік Қазақстан филиалында 700-ге жуық мамандар еңбектенуде.Қызметкерлердің еңбек жағдайларын барынша жақсарту үшін және,аймақтағы бизнестің даму сұраныстарына сай келу үшін, банктің топ-менеджменті филиалдың жаңа офиске көшуі туралы шешім қабылдады.Соңғы 12 жылда  8 аймақтық филиалдарында, атап айтқанда:Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Қостанай, Семей, Павлодар, Өскемен және Шымкент қалаларында жаңа ғимараттардың құрылысын жүргіздік».

Халық банкінің филиалы Оңтүстік Қазақстан облысында бизнестің көп бағыттары бойынша кошбасшыларының қатарында.Филиалдың депозит портфелі 23,8 млрд. теңгеге жуық,аймақ бойынша комбанктер арасында депозиттік портфель бөлігі- 8,5%*.Аймақтық бөлімшелердің ссудалық портфелі- 45,6 млрд теңге,филиал несие портфелі бөлігі бойынша кошбасшы қатарларында-23,13%*.Қазақстан Халық Банкі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2300 компанияға жуық  жалақы жобалары бойынша қызмет көрсетеді. Төлем карталарының айналыс саны-444 136*.Халық банкі 40 өкілдіктерден тұратын  кең ауқымды желісі, Оңтүстік Қазақстан облысының шалғай аудандарындағы клиенттерге банктік қызметтердің қөлжетімді болуын қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, банк дистанциондық сату каналдарын қарқынды дамытуда- облыста 176 банкомат,32 банктік киосктер және 42 төлем терминалдары орнатылған.Халық банкі аймақтағы қазақстандық азық-түлік,құрылыс материалдар өндірушілердің,тоқыма өнеркәсіптерін қарқынды несиелендіруде.Филиалдың ШОБ бөлімінің жалпы портфель көлемі- 15 млрд. Теңге*, соның ішінде 5 млрд. теңге  ШОБ қолдау үшін мемлекеттік бағдарламар бойынша.

 

БАҚ-мен байланысу:

Эльмира Сартбаева, +77019883666, pr@halykbank.kzwww.halykbank.kz