Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Altyn Bank» АҚ 01.10.2016 жылғы қаржылық нәтижелері

11.05.2024

«Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) бизнестің жаңа бағыттарындағы сәтті дамулар мен 2016 жылғы 9-айдың нәтижелері бойынша шыққан негізгі қаржылық қарқынды нық қадамдарды көрсетеді. 2016 жылғы 1 қазанда Банктің активтері мен жеке меншік капиталдарының мөлшері бойынша Қазақстандағы 34 банктің ішінен 18 және 16-орындарды иеленеді.  

01.10.2016 жылғы таза табыс 5,6 млрд. теңгені құрайды.

01.10.2016 жылғы Банк активтері 316 млрд. теңгені құрады. Банк активтер мөлшері бойынша Қазақстанның 34 банкінің арасынан 18-орында тұр. Банкті 2014 жылдың соңында сатып алғаннан бері активтер 2,3 есеге артты.

Тұтынушыларға берілген қарыз мөлшері жыл басынан бері 24%-ға өсіп, 104,8 млрд. теңгені құрады. Оған қоса, заңды тұлғаларға берілген қарыз көлемі жыл басынан бері 44%-ға артты. 2 жыл ішінде қарыз қоржыны екі еселенді деуге болады.

Тұтынушылардың депозиттері 01.10.2016 жылы 248 млрд. теңгені құрады, ал 2014 жылғы қарашадан бері 2,4 есеге артты.

Жеке меншік капиталы 17%-ға өсіп, 39,7 млрд. теңгені құрады. Банк жеке меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстандағы 34 банктің арасынан 16-орынды иеленді.  

Жеке меншік капиталдың орташа қайтарымы (RoAE) жылына 20,2%-ды құрады.

Активтердің орташа қайтарымы (RoAA) жылына 2,4% болды.

Айналымдағы емес қарыз коэффициенті (NPL 90+) 01.10.2016 жылы 2,3% мөлшеріне келіп табан тіреді, жыл басынан бері салыстырғанда 0,39%-ға төмендеген.

Таза пайыздық маржа жыл басынан бері 2,3%-ға артып, 6,5%-ды құраған.

***

2016 жылғы 28 қарашада «Қазақстан Халық Банкі» АҚ HSBC Kazakhstan акциясын 100% сатып алып, жаңа еншілес банктің атауын Altyn Bank деп өзгерткеніне тұп-тура 2 жыл болады. 2 жыл ішінде корпоративті банктегі шетелдік және жергілікті ірі компаниялар мен бөлшек айналымның ауқатты бунағына бағытталған әмбебап банк үлгісі өміршең ғана болып қоймай, банкке барлық бизнес-көрсеткіштің тұрақты даму траекториясына шығуына мүмкіндік туғызды.

2015 жылғы қаңтарда банкке Fitch Rating, ал 2016 жылғы мамыр айында – Moody’s несиелік рейтингтері берілді. Бүгінгі таңда «Altyn Bank» АҚ қазақстандық жеке меншік банктердің арасында ең жоғарғы деңгейлерді: Fitch Ratings-тің «BB», Moody’s-тің «Ba2» рейтингілерін иеленді. Жоғарғы несиелік рейтингтер сапалы қызмет көрсетумен қосылып, Банкке ірі корпоративті тұтынушылар мен шетелдік компанияларға қызмет көрсетуде алдыңғы қатарды иеленуге жағдай туғызады. Шетелдік компаниялар үшін Банктің валюталық нарықта көшбасшы болуы аса маңызды және соңғы 2 жылдағы теңге бағамының тұрақсыздығында валюталық қатерді хеджерлеу бойынша қызмет көрсете алуы да басымдылық танытады.

Банк шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасына белсене қатысуда. Осылайша, «Бизнестің жол картасы-2020» ДАМУ қорының бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені қаражыландыру бойынша сәуір айында Банк Қазақстан экономикасындағы басымды салалардың біріндегі жобаны қаржыландырды.  Тамыз айында Банк «Қазақстанның даму банкі» АҚ-дан өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қарыз әкелді. Осы әкелінген қаражатпен Банк тұтынушыларының айналым капиталындағы қажеттіліктер 2,5 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Оған қоса, шілде айында Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында тұтынушы-жеке тұлғалардан құжат қабылдай бастады.

Банк активтерінің артуы мен табыстылығы жаңа жобалар мен бағыттардағы құралдар мен ресурстарға қаржы салуға мүмкіндік туғызады. Осылайша, 2016 жылғы наурызда «Altyn-i» санды банкінің жобасы іске қосылды. «Altyn-i»-да Банк тұтынушылары тәулік бойы шот пен карта және депозит аша алады,  айырбастау амалдарын жүзеге асыра алады, кәдімгі аударымдар жасап қана қоймай, Facebook-тағы достарына және телефон нөмірі бойынша да аударым жасай алады, шоттағы қалдыққа берілетін, сондай-ақ cash back түріндегі пайыздық сыйақылар алады. 14 қарашадан бастап Altyn-i-да тұтынушылық қарыз да рәсімдеуге болады.

2016 жылғы сәуірде «Status» белгісіндегі алғашқы private banking кеңсесінің ашылуы өтті. Алғашқы рет Банк MasterCard халықаралық төлем жүйесінің World Elite сыйлықақылық картасын шығарды және сейфтік ұяшықтарды жалға бере бастады, тұтынушыларымыз қосымша артықшылықтар мен бонустарға қол жеткізе алатын серікстестік бағдарламаларын дамытуда. 2016 жылы Банк VISA картасын шығаратын лицензия алды, бұл банк тұтынушыларына арналған карталық өнімдер қатарын кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Шілде айында тұтынушылар үшін «Алтын тәж» қаражатты қолма-қол аудару қызметін іске қосты.

2016 жылғы 3 қарашада «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Банк акциясының 60%-ын сатуды қарастыратын стратегиялық инвестор - China CITIC Bank–пен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Пекинге сапары барысында қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасы мен қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламалары атты Инфрақұрылымдық жоба аясындағы ынтымақтастық жоспарға қол қойылды. Бұл бағдарламалардың іске асуы – бірнеше миллиардтық инвестицияларды білдіреді және Altyn Bank осы жобалар үшін қаржылық операторлардың бірі ретінде қатысады деп жоспарлануда.   

Банк акциясының 60%-ын сату бойынша келіссөз 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында жүзеге асады деп жоспарлануда. Altyn Bank тек қана әмбебап банк болып қалмай, СИТИК-Банк акционерлер қатарына қосылғаннан кейін капиталдарына қытайлар мен олардың қызметкерлері қатысатын компаниялармен жұмыс істегенінің арқасында нарықтағы үлесі айтарлықтай артады деп күтілуде, сонымен қатар нарыққа, мысалы, юаньмен төлем жасау сияқты жаңа өнімдермен шығады деп жоспарлануда. Халық Банк СИТИК-Банктің стратегиялық серіктесі болғаннан кейін де Altyn Bank-тің 40% акция үлесі бар акционері болып қала береді.

Сарапшылар Altyn Bank-тің акцияларын сату бойынша келіссөзді  M&A (mergers and acquisitions – бірігу мен сіңісу) келіссөздер саласында жоғарғы білікті жұмыс деп және қазақстандық қаржылық сала үшін жағымды сигнал деп атап үлгерді, өйткені China CITIC Bank сияқты ірі халықаралық қаржылық институттар жергілікті қаржылық нарыққа кәсіби сарапты, жаңалықты, жұмыстың халықаралық стандарттарын енгізеді.

Рейтингтік агенттіктер Банк рейтінгін жағымды болжамы бар тізімге қайта енгізу арқылы алдағы келіссөз туралы жағымды пікір айтты. Осылайша, Fitch Банк капиталының мажоритарлық үлесін қытайлық China CTIC Bank сатып алған жағдайда Банк рейтингіне жоғарылау мүмкіндігі бар деп бағалайды. Moody’s агенттігі Банк акциясының басымды топтамасын қытайлық China CITIC Bank-ке сату бойынша жоспары туралы мәлімдемесі 2017 жылғы бірінші жарты жылдықта жасалатын келіссөздің сәтті аяқталу нәтижесі бойынша Altyn Bank-тің депозиттік рейтингі болжамына жағымды әсер етуі мүмкін деп атап кетті.  

***

СИТИК-Банк Қытайдың 10 ірі банктер қатарына кіреді, банк активтері $828 млрд-ты құрайды, міндеттемесі -  $779 млрд. 2015 жылы China CITIC Bank «The Banker» журналының «Top 1000 World Banks» рейтингінде 1-деңгейлі капиталы бойынша 33-орынға және активтері бойынша 46-орынға ие болды. Банктің несиелік рейтінгі Moody's – Baa1, FITCH – BBB.

«Altyn Bank» АҚ Қазақстан нарығында 1998 жылдан бастап келе жатыр, жергілікті және шетелдік ірі компаниялар мен дербес ауқатты тұтынушыларға арналған өнімдер мен қызметтерінің ауқымы кең әмбебап коммерциялық банк болып табылады. «Altyn Bank» АҚ бөлімшелері  Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында бар.

2016  жылдың 3-тоқсаны бойынша барлық аралық қаржылық ақпараттар Банктің веб-сайтында жарияланған: http://www.altynbank.kz/ru/about/reports

 

«Altyn Bank» АҚ

Баспасөз қызметі

Тел: +7 727 356 6455

communication@altynbank.kz

www.altynbank.kz