Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

2016 жылдың 9 айы бойынша «Қазақстан Халық банкі» АҚ біріктірілген қаржы нәтижелері туралы

12.05.2024

«Біз банк топ менеджментінің қазіргі сәтте 2016 жыл қорытындысы бойынша пайдаға болжамын 2015 жылдағыдай  банкте болған қорытындылар көрсеткішіне қол жеткізе алатынын шамалай отырып, өзгертуін жағымды соғылған дабыл деп санаймыз. Қазақстан Халық Банкі банк ісін жүргізудің үлгісін, ең мықты талдаманы және кәсіби сараптаманы нарыққа паш етті. «Altyn Bank» АҚ-ның 60%-ын сатып алуға ниет білдірген және Халық банк үлесінің «Altyn Bank» АҚ-да сақталып қалуында мүдделі болып отырған ең ірі инвестор - CITIC банкпен жасалған мәміле - жоғары кәсіби стандарттардың және дұрыс құрылған корпоративтік басқарудың жарқын сипаттамасы болып табылады. Әмбебап коммерциялық банк бола отырып, және банктік қызметтер, инвестициялық банкинг, сақтындару, брокерлік қызметтер сияқты қаржылық қызметтердің толық шоғырын ұсынатын қаржы тобы ретінде өзінің көшбасшылық орнын нығайта отырып, өзіміздің даму стратегиямызды жүзеге асыруды жалғастырып келеміз, - деп «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.

2016 ж. 9 айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – «Банк») 2015 ж. 9 айымен салыстырғанда 94.0 млрд. теңге пайыздық кіріс алды, 2.2%-ға көп, сондай-ақ 2015 ж. 9 айымен салыстырғанда пайыздық кіріс 43.4%-ға өсті - пайыздық активтердің орташа қалдықтарының 37.8%-ға ұлғаюы және олар бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелердің жылдығы 10.4%-дан жылдығы 10.8%-ға дейін өсуі есебінен, негізінде Банк 2016ж. 3-ші тоқсаны және 2-ші тоқсаны ішінде сатып алатын ҚР Ұлттық Банкінің ноталары есебінен өсті.

Пайыздық шығыстар 2015 ж. 9 айымен салыстырғанда 88.4%-ға өсті. Бұл пайыздық міндеттемелер бойынша орташа қалдықтарды ұлғайтумен және клиенттердің теңгеде деноминацияланған қаражаттары мен кредит мекемелерінің қаражаттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ұлғайтумен байланысты болды. Құнсыздану резервтеріне аударуға дейінгі таза  пайыздық кіріс 2015 ж. 9 айымен салыстырғанда 17.0%-ға  133.8 млрд. теңгеге дейін өсті.

Қызметтер бойынша кірістер мен комиссиялар 2015 ж. 9 айына қарағанда 2016 ж. 9 айы ішінде, көбінесе пластик карталарға қызмет көрсету, банктік аударымдар мен кассалық операциялар бойынша Банктің транзакциялық бизнесінің өсіп келе жатқан көлемі нәтижесінде 11.8%-ға өсті.

2015 ж. 9 айымен салыстырғанда пайыздық кіріс 43.4%-ға өсті. Пайыздық шығыстар 2015 ж. 9 айымен салыстырғанда 88.4%-ға өсті. Бұл пайыздық міндеттемелер бойынша орташа қалдықтарды ұлғайтумен және клиенттердің теңгеде деноминацияланған қаражаттары мен кредит мекемелерінің қаражаттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ұлғайтумен байланысты болды. Нәтижесінде, құнсыздану резервтеріне аударуға дейінгі таза  пайыздық кіріс 2015 ж. 9 айымен салыстырғанда 17.0%-ға  133.8 млрд. теңгеге дейін өсті.

- Орташа меншікті капиталға қайтарым (RоAE) 2015 ж. 9 айы бойынша жылдығы 25.5%-дан жылдығы 22.0%-ға дейін төмендеді;

- Орташа активтерге қайтарым (RоAA) 2015 ж. 9 айы бойынша жылдығы 4.1%-дан 2.8%-ға дейін төмендеді.

Операциялық шығындар 2015 жылғы 9 аймен салыстырғанда көбінесе Банк жұмыскерлерінің бөлек санаттарының жалақысын көбейту есебінен және жалақының индексациясы орнына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген уәждемелеу бонустарының схемасы есебінен 6.4%-ға өсті. 

Операциялық шығындардың операциялық кіріске ара салмағы 2015ж. 9 айымен салыстырғанда өзгермеді, 27.7% деңгейінде қалды. Сол мезетте Банктің операциялық кірісі жоғары пайыздық кірістің және қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістің нәтижесінде 2015ж. 9 айымен салыстырғанда 2016ж. 9 айда 6.2% ұлғайды. Операциялық шығындардың операциялық кіріске ара салмағы туынды құралдармен жасалған операциялар бойынша іске асырылмаған таза пайданың нәтижесінде 2015ж. 3-тоқсанында жоғарылау болған операциялық кірістің есебінен 2015ж. 3-тоқсанындағы 23.8%-бен салыстырғанда 2016ж. 3-тоқсанында 25.3%-ға дейін ұлғайды.

2016 ж. 9 айында активтер Банктің депозиттік базасының ұлғаюы нәтижесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 5.6%-ға өсті және 4 705 млрд теңгені құрады.

2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда клиенттерге берілген қарыздар брутто негізінде 1.0%-ға және нетто негізінде 1.3%-ға, көбінесе тұтынушылық заемдар есебінен (брутто негізінде +7.2%) өсті. 2016ж. 30 маусыммен салыстырғанда, клиенттерге берілген заемдар брутто негізінде 1.8%-ға және нетто негізінде 2.0%-ға,  корпоративтік несиелік портфельдің (брутто негізінде +2.2%) және тұтынушылық заемдар портфелінің (брутто негізінде + 4.7%) ұйғаюы есебінен өсті.

NPL 90+  ҚРҰБ стандарттары бойынша 2016ж. 30 маусымдағы 10.85%-бен салыстырғанда  2016ж. 30 қыркүйекте 10.37%-ға дейін, негізінде провизиялармен толық қамтамасыз етілген мерзімі өткен қарыздардың есептен шығарылуына байланысты, сондай-ақ Банктің корпоративтік клиенттерінің мерзімі өткен берешекті өтеуі және қайта құрылымдау есебінен және жалпы несиелік портфельдің өсуі есебінен төмендеді.

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2016 ж. 9 ай бойы Банктің корпоративтік және бөлшек клиенттерінің теңгемен және шетелдік валютамен орналастырған жаңа депозиттерінің нәтижесінде, 2015 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда 3.3%-ға және 5.2%-ға өсті. 2016 ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша корпоративтік депозиттердің жалпы сомасындағы теңгеге деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі 2016 жылғы 30 маусымдағы 37.9%-ға және 2015 жылғы 31 желтоқсандағы  24.2%-ға қарағанда 37.6%-ды құрды, бұл кезде бөлшек депозиттердің жалпы сомасындағы теңгеге деноминацияланған бөлшек депозиттердің үлесі 2016 жылғы 30 маусымдағы 29.0%-ға және 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 23.3%-ға қарағанда 28.1%-ды құрды.

Кредиттік мекемелердің қаражаты 2015 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда көбінесе есепті күнге корреспонденттік шоттардағы қалдықтардың ұлғаюы есебінен 6.3%-ға ұлғайды. 2016 жылғы 30 қыркүйекте Банктің кредиттік мекемелер алдындағы міндеттемелерінің жартысынан көбі көбінесе 2014 және 2015 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-нан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-нан экономиканың бөлек секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған қарыздар есебінен болды.

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда көбінесе 2016 жылы 25 сәуірде айналым мерзімі 10 жыл және купон мөлшерлемесі 15% болатын, инфляция мөлшерлемесін шегеріп, жергілікті тәртіптендірілген облигацияларды 4 млрд. теңге сомасына жоспарлы өтеу есебінен 1.1%-ға төмендеді. 2016 жылғы 9 қарашада Банк 2018 жылдың 8 қарашасында бастапқы өтеу мерзімімен және жылдығы 13% купон мөлшерлемесімен, жергілікті тәртіптендірілген облигацияларды 5 млрд. теңге сомасына ерікті мерзімінен бұрын өтеу жүргізді.

2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда меншікті капитал 2016 ж. 9  айда тапқан таза кіріс есебінен 19.3%-ға ұлғайды және 632,4 млрд теңгені құрады.

Банк капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері мыналарды құрды:

 

01.10.2016

01.07.2016

01.04.2016

01.01.2016

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, біріктірілмеген

K1-1

19.0%

19.9%

18.5%

17.3%

K1-2

19.0%

19.9%

18.5%

17.3%

K2

19.0%

19.9%

18.5%

17.5%

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, біріктірілген:

негізгі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (CET)

19.1%

19.7%

18.8%

17.3%

бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті

19.1%

19.7%

18.8%

17.3%

меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті

19.2%

19.8%

18.9%

17.5%


Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттерінің ұлғаюы 2015ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда Банктің 2016 ж. 9 айында тапқан таза кірісіне байланысты болды. 2016ж. 30 маусыммен салыстырғанда капитал жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеуі банкаралық депозиттерді және тұтынушылық заемдарды ұлғайту есебінен 2016ж. 3-ші тоқсан ішіндегі тәуекел деңгейі бойынша активтердің ұлғаюымен байланысты болды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ халықаралық рейтингілік агенттіктер берген қазақстандық коммерциялық банктердің арасында ең жоғары рейтингтердің біріне ие: BB Fitch Ratings-тен; ВВ Standard&Poor`s-тен және Ва2 - Moody's Investors Service-тен.

ШОБ-ты қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалаға қатысу

01.10.2016ж. жағдайға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдаудың және бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Халық Банкі Бағдарламаға қатысатын ЕДБ-дің арасында көшбасшылар қатарында, несиелік берешектің көлемінің және Бағдарлама шеңберінде қатысу мақұлдау алған жобалардың санының көрсеткіштері бойынша. Осылайша, Банк жобалар саны бойынша бірінші орынға ие - 187.0 млрд. теңге пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша портфельдің көлемі бар 1 351 жоба. Субсидияланатын портфельдің көлемі және кепілдік беру шеңберінде қол қойылған шарттардың сомалары бойынша Қазақстан Халық Банкі ЕДБ арасында екінші орында. 

2016 жылғы 5 мамырдан Қазақстан Халық Банкі облыстарда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін Қор және жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен «Даму» өңірлік қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. 1 қарашадағы жағдайға сәйкес 9 облыста келісім жасалды: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жалпы сомасы 3.750 млрд теңгеге жасалды. Түпкілікті заемшы үшін пайыздық мөлшерлеме облысқа қарай жылдығы 7%-дан  8.5%-ға дейін құбылып отырады.

Банктің бөлшек бизнесі

2016ж. 9 айының қорытындысы бойынша Халық банк бөлшек бизнесте көшбасшылық орнын үдетті: оның ЕДБ-дің бөлшек депозиттерінің нарығындағы үлесі 20.36%-ды құрады, 2016ж. 9 айында жеке тұлғалардың депозиттерінің өсімі 63.4 млрд теңгені құрады. Кредиттік портфельдің мөлшері 587 млрд. теңгені құрады, 9 айда Банктің нарықтағы үлесі 15,99%-дан 17,4%-ға дейін өсті, бұл ретте нарықтың сыйымдылығы 3 374 млрд теңге. 9 айда Банк жеке тұлғаларға жалпы сомасы 217, 6 млрд теңгеге 227 мың кредит берді:

- Ипотекалық (кепіл) заемдарын – 21.6 млрд теңге сомасына

- Автокредиттер – 3.5 млрд теңге сомасына

- Кепілсіз заемдар – 192.5 млрд теңге сомасына.

2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Халық банк активті карточкалар бойынша 47,2% үлеспен төлем карталарына қызмет көрсету бойынша банктік қызметтер нарығында бірінші болып отыр. Халық банк шығарған барлығы 5.6 млн. төлем карта айналымда жүр. 9 ай ішінде қашықтан сату арналары арқылы төлемдер санының үлесі 69,98%-ды құрады, бұл 2016 жылдың басымен салыстырғанда 4,5%-ға көп. Интернет-банкингті пайдаланушылар саны 21%-дан аса ұлғайды және 848 мың клиентке қол жеткізілді. Пайдаланушылар 3,5 млн-нан артық операция жүргізді, бұл 2015 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 24%-ға көп. Банк республика бойынша сату орындарының ең тармақталған желілеріне ие, оның - 22 филиалы, 487 сату арнасы,  2 368 банкоматы және 576 төлем терминалы бар.

Банк клиенттерінің мобильдік банкингті белсенді түрде пайдаланатынын ескерген жөн, бұл деген барлық жүргізетін операциялардың 40%-ы. Google Play және App Store дүкендерінде «myHalyk» қосымшасын жүктеудің жалпы саны 350 мыңнан асты, бұл қосымша Google Play және App Store-дың «Қаржы» санатындағы тегін қосымша арасында танымалдылығы бойынша топ-үштіктің ішінде.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ипотекалық заемдарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуды жалғастырып келеді: 2016ж. 1 қазандағы жағдай бойынша Банк 19,9 млрд сомасына 3 107 өтініш қабылдады, олардың ішінде 2 379 заем 13,8 млрд. теңге сомасына қайта қаржыландырылды.

Кері байланыс алу және сервисті жақсарту үшін Халық банк әлеуметтік желілердегі клиенттермен белсенді жұмыс істеуде. Facebook-те, Vkontakte-де, Instagram-да, Twitter-де банк аккаунтына жазылушылардың жалпы саны - 72 000-нан астам. Банк ЕДБ арасында Facebook парақшасында ең жоғары көрсеткішке - 30% ие болды. Өтінішке жауап берудің орташа жылдамдығы 3-5 минут, үн қатудың пайызы – 100%, яғни, клиенттік өтініштерге банк жауапты 3-5 минут ішінде қайтарады.

2016 ж. шілдесінде «Euromoney» халықаралық баспасөзі Халық банкті Қазақстанның ең үздік қаржы институты деп атады2016 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қайырымдылық жасаушылар рейтингіне іліккен қазақстандық коммерциялық банктер арасында 1-ші орынға ие болып, Vlast интернет-журналының нұсқасы бойынша «еліміздің 25 ең ірі қайырымдылық жасаушылары» рейтингіне кірді.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі:

тел. +7 727 590 816, pr@halykbank.kz

www.halykbank.kz