Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Жаңа «Halyk Arena» стадионы алматылықтарды ақысыз сырғанауға шақырады

11.05.2024

Бүгін, 16 қараша, Алматыда Кұлжа және Талғар даңғыл жолдарының қиылысында орналасқан 3 мың көрерменге арналған 28-інші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарының басты нысандарының бірі - мұз айдынының ашылу рәсімі өткізілді. Ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.

Көпсалалы мұз айдыны Halyk Arena атауы оңтүстік астана әкімдігінің ірі коммерциялық банк – Қазақстан Халық банкімен серіктестігінің нәтижесінде алды (Halyk Bank). Ескеретіні, бұл қазақстандық алғашқы спорт құрылыстары нейминг демеушілік тәжірибесі болып табылады.

Алматы қаласының спорт құрылыстары Дирекциясының жетекшісі Сергей Апенконың айтуынша, ұйымдастырушыларға көптеген тапсырмалар қойылды, соның ішінде қала тұрғындарының спортқа деген, салауатты өмір салтына және белсенді демалыс түрлеріне қызығушылығын арттыру тапсырылды.

«Дирекцияның алдында күрделі, бірақ орындауға боларлық тапсырмалар қойылған – спорттық құрылыстар шығынының орнын толықтыру, ол дегеніміз екі арена және Атлетикалық ауыл, сондай-ақ барлық әлемде жасалып жатқандай олардың мемлекеттік қамтамасыз етуін 30% төмендету. Бірақ бастысы – сайыстар аяқталғаннан кейін келушілердің қарасымен Универсиада нысанын жандандыру, қала тұрғындарының сұранысына ие болып, пайдасына жарап, сүйікті кешеніне айналу», деп С.Апенко айтып берді.

Өз кезегінде, Қазақстан Халық банкі басқарма төрағасының орынбасары Аслан Талпаков атап өткендейТәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай 2016 жылғы 18 қараша және 31 желтоқсан аралығында «Halyk Arena» титулдық демеуші - «Halyk» қайырымдылық қоры тарапынан оңтүстік астана қонақтары мен қала тұрғындарына жаппай тегін сырғанауға мүмкіншілік береді. Жоғарыда көрсетілген жаппай тегін сырғанауға арналған кезеңнің жұмыс кестесі: жұма күні: (1 сеанс 20.00 - 22.00), сенбі және жексенбі күндері (4 сеанс 11.00 - 13.00, 14.00-16.00, 17.00-19.00, 20.00-22.00). Halyk Arena мұз айдыны бір мезгілде және 1 сеанс уақытында 400 келушілерді – 200 негізгі аренада және 200 сырғанақ тебу алаңында қабылдай алады.

«Қалалық билікті қолдап осындай Halyk Arena тәрізді құрылысты қаржыландыра келе, біз, бірінші кезекте, оңтүстік астанадағы балалар спортына, бұқаралық спорттың дамуына мән береміз. Бұл жаңа арена қала тұрғындарының қысқы спорт түріне қызығушылығын позитивті түрде артуына себепкер болады деген үміттеміз. Маркетингтік көз қарас бойынша, біз -  коммерциялық неймингте өз еліміздің пионерлеріміз. Менің ойымша, біз  басқа коммерциялық құрылымдарға жақсы үлгі бере отырып, оларды да дәл осындай серіктестік түріне шақырамыз – компания үшін, бренд үшін және қала үшін де, тұрғындарға да, өзара тиімді», деп атап өтті.

Halyk Arena алаңының жалпы аумағы– 67,5 гектар. Құрылыс үш блоктан құралған – негізгі арена  3 000 көрерменге арналған, сырғанақ тебер алаң, фудкортпен орталық блок және әкімшілік. Аренадағы хоккей алаңы өзгеру жобасы бастапқыдан қарастырылып, көптеген өзге де - волейбол, баскетбол, футзал, күрес, бокс тәрізді спорт түрлері өткізілу жобаланған. Бұл жағдайда мұздың қауіпсіздігін арнайы терможабқыш қамтамасыз етеді. Кешеннің техникалық жабдықтары ірі көлемдегі концерт және көңілді іс-шараларды атқаруға мүмкіншілік береді, осының өзінде кешен бір жыл ішінде 150 мың келушілерді қарсы алуға қауқарлы.

Halyk Arenaның басты тапсырмаларының бірі – өзге әлемдік ірі спорттық аренадағыдай ойынды тамашалау үшін келген жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасау. Бұл үшін трибунаның  геометриясы да және  олардың еңіс бұрыштары трибунаның аренаға максималды тұрғыда жақын болуы есептелген. Осының арқасында барлық көрермендер алаңдағы кейіпті трибунаның кез келген нүктесінен жоғарғы және төменгі жақтарды қоса алғанда тамаша көруге болады. Swiss Timing команиясының төреші құрылғылары орнатылған. Мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға да арнайы орындар қарастырылған. Аренаға келген барлық қонақтарды тамақтандыратын 7 тамақтану нүктелері орналастырылған. Жоғарғы қабатта 11 корпоративтік лож жоғарғы жайлылығы жабдықталған (скайбокстар), бұл жерден Алматыдағы ең үздік кейтерингтік компаниялардың тарапынан жоғарғы деңгейдегі сервисті келушілер пайдалана алады.

Универсиада уақытында аренада хоккейден сайыстар өткізіледі. Соңынан Halyk Arena «Алматы» және «Айсулу» хоккей клубтарының алаңы болып қалады. 
Онымен қоса, мұз айдыны демалыс күндері жаппай сырғанақ тебуге ашық болып, сондай-ақ балаларға, студенттерге және зейнеткерлерге конькилерді жеңілдетілген түрмен жалға беру қарастырылған.

2016 жылғы 18 қараша және 31 желтоқсан аралығында жаппай сырғанауға кіру тегін. Көрсетілген кезеңдердегі конькилерді жалға беру құны:

Жұма:

- 20.00 – 22.00 –жеңілдетілген - 1000 теңге, ересектерге – 1500 теңге.

Сенбі:

- 11.00 – 13.00 – жеңілдетілген – 300 теңге, ересектерге – 500 теңге

- 14.00 – 16. 00 – жеңілдетілген – 500 теңге, ересектерге – 1000 теңге

- 17.00 – 19.00 – жеңілдетілген – 1000 теңге, ересектерге – 1500 теңге

- 20.00 – 22.00 – жеңілдетілген - 1000 теңге, ересектерге – 1500 теңге.

Жексенбі:

- 11.00 – 13.00 – жеңілдетілген – 300 теңге, ересектерге – 500 теңге

- 14.00 – 16. 00 – жеңілдетілген – 500 теңге, ересектерге – 1000 теңге

- 17.00 – 19.00 – жеңілдетілген – 1000 теңге, ересектерге – 1500 теңге

- 20.00 – 22.00 – жеңілдетілген - 1000 теңге, ересектерге – 1500 теңге.

Bauer фирмасының қолжетімді конькилердің мөлшері: 26 және 46 жас аралығы

 Анықтама үшін:

- Алматы қ. спорт құрылыстары Дирекциясы

ЖШС «Алматы қаласының спорт құрылыстары Дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын компаниясының қайта құрылу жолымен мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Алматы қ. әкімдігінің қаулысы негізінде құралған. ЖШС сенім білдірілген басқармасында 12 мың орындық көпсалалы мұзкешені «Almaty Arena», 3 мың орындық «Halyk Arena» және 5 мың орынға арналған атлетикалық ауыл қол астындаКөпсалалы деп аталуы, арена алаңын, өзге де әртүрлі спортық сайыстарға және де мәдени іс-шараларды өткізу мақсатында мұзды трансформациялауға мүмкіншілік бар. Сондай-ақ, арена күнделікті шынығуға арналған спорт залдар мен бассейндермен жабдықталған.

Универсиада аяқталғаннан кейін Атлетикалық ауылы барлық инфраструктурасымен қамтылған жаңа ықшам ауданына айналады. Басқарма Дирекциясына коммерциялық алаңдар қалады.

- «Қазақстан Халық банкі»  АҚ

Клиенттер базасы мен таралу желісі бойынша ең үлкен Қазақстандағы жетекші қаржы тобы болып табылады. Банк әмбебап тобы ретінде дамып келеді, өздерінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең ауқымын ұсынады (бактік, сақтандыру, лизинг бойынша қызметтер, брокерлік және активтерді басқару қызметі).

БАҚ үшін байланыс:

- «Алматы қ. спорт құрылыстары Дирекциясы» ЖШС 
Асель Сулейменова, маркетинг және сату жөніндегі директордың орынбасары:
+7 701 520 8393, a.suleimenova@almaty-sportfacilities.kz

- Қазақстан Халық банкі PR-қызметі: pr@halykbank.kz