Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ CHINA CITIC BANK CORPORATION LIMITED-ПЕН ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

12.05.2024

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) Қытай Халық Республикасының аса ірі қаржы институттарының бірі China CITIC Bank Corporation Limited (бұдан әрі – «СИТИК-Банк») – стратегиялық инвесторды тарту бойынша келісімге қол жеткізгені және Халық Банкінің иелігіндегі «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) (бұдан әрі – «Алтын Банк») акцияларының 60%-н сату туралы хабарлайды.

Жеткен келісімдерді нығайту үшін Халық Банкі және СИТИК-Банк өзара түсіністік туралы тиісті Меморандумға (бұдан әрі – «Меморандум») қол қойды.

 Меморандум қағидаларын іске асыру 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында күтілуде. Жетілген келісімдерді орындау мақсатында Меморандум тараптары бұған қоса  Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының тиісті мақұлдауын алып, осындай мәмілелер үшін әдетті болатын басқа да шарттарды орындау керек. 

Халық Банкі Басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметованың бұл оқиға жөнінде айтқаны: «Стратегиялық серіктестің бар  болуы «Altyn Bank» АҚ үшін инвестициялық банкинг, саудалық қаржыландыру және қазынашылық, юаньмен жасалатын төлемдер, private banking өнімдері мен бөлшек банкинг, банк технологиялары  саласындағы мүмкіндіктерді кеңейтеді.Алтын Банк әмбебап банк болып қалады және корпоративтік және бөлшек клиенттермен жұмыс стратегиясын іске асыруды жалғастырады. Сонымен бірге біз бұл мәміле «Нұрлы жол» атты Қазақстанды дамыту бағдарламасы бойынша жобаларды және «Бір белдеу. Бір жол» атты «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру бойынша қытай бастамаларын іске асыру шеңберінде «Halyk Group»-қа негізгі ойыншы рөлін қамтамасыз етенін күтудеміз.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 816, pr@halykbank.kzwww.halykbank.kz