Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Грузия Халық Банкі» АҚ Кутаиси қ. Имерет өңірінің бас қаласында сан жағынан жетінші жаңа филиалын ашты, ол қаланың орталық ауданындағы Чавчавадзе даңғылы, №63 мекенжайында орналасқан.

11.05.2024

Грузия Халық Банкі (бұдан әрі  – Банк) банк қызметтерінің бүкіл шоғырын – жекелеп және бизнеске кредит беру, банктік төлем карталары, эквайринг, депозиттер, кассалық-есеп айырысу қызметтерін, ақша аударымдарын, қашықтықтан банктік қызмет көрсетуді ұсынады. Банк Грузияның фермерлері мен өндірушілеріне жеңілдіктпен кредит беру бағдарламаларының қатысушысы болып табылады.  

Халық Банкінің жекелеген банкоматтары мен POS-терминалдар желісі бар және ол  UFC процессингтік орталығының қызметтерін пайдаланатын Грузияның 4 банкінің серіктесі болып табылады, бұл дегеніміз клиенттерге төмендетілген тарифтермен кеңейтілген эквайрингтік желі арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік беру.  

2016 жылы Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Банкке эмитенттің шетел және ұлттық валютасындағы «BB-» деңгейіндегі ұзақмерзімдік рейтингін белгіледі. Fitch Ratings ойынша, Банктің қарқынды түрде жетілуі және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес банкі ретінде Халық тобына кіруі - рейтингті белгілеудегі негізгі факторлар болып табылады.   

Халык Банкі соңғы екі жыл бойына өзін нарықта инновациялық Банк ретінде танытып келеді. Халық Банкі бұрын карточкалық төлемдер қабылданбаған бизнес секторда карталармен қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін mPOS-терминалдарды енгізгеннен кейін артынша байланыссыз сағаттар -  “watch2pay” жаңа жобасын іске қосты, оның көмегімен Грузияда алғашқы болып Watch2pay қол сағатарының көмегімен байланыссыз төлемдерді жүргізуге болады. 

Грузия Халық Банкінің активтер бойынша үлесі елдің банктік нарығындағы 10-орынға сәйкес келеді. Банк қызметі орташа мерзіммен іске асырылатын даму стратегиясының аясында белгіленген жоспарларға сай болып тұр. Банк тұрақты өсуді және жақсы қаржылық көрсеткіштерді көрсетіп келеді.   

Бас директор Гегучадзе Николозаның айтуынша, «Грузия Халық Банкі» жеке тұлғаларға сол сияқты бизнес клиенттерге де сапалы қызмет пен банк өнімдерін және  қызметтерінің кеңейтілген шоғырын ұсынады. Халық Банкі елдің банктік нарығындағы өз орнын сақтап, өз тұтынушыларына банк өнімдерін бәскеге қабілетті шарттармен ұсынады».

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы - «Грузия Халык Банкі» акционерлік қоғамы грузияның банктік нарығында 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді. «Грузия Халык Банкі» АҚ 100% үлесінің иесі - 93 жылдық табысты даму тарихы бар және Қазақстан Республикасы нарығында ең ірі қаржы институттарының бірі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып табылады.

***

Байланысушы тұлға:

«Грузия Халык Банкі» АҚЧхенкели Тинатин

Маркетинг және қоғаммен байланыс

жөніндегі аға менеджері

Тел: (995 32) 224 07 07 *126

Моб: (995 595) 212 424

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі:

тел. +7 727 2 590 816, aseltyn@halykbank.kz

www.halykbank.kz