Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Грузия Халық Банкі (бұдан әрі – Банк) банк қызметтерінің бүкіл шоғырын – жекелеп және бизнеске кредит беру, банктік төлем карталары, эквайринг, депозиттер, кассалық-есеп айырысу қызметтерін, ақша аударымдарын, қашықтықтан банктік қызмет көрсетуді ұсынады

12.05.2024

2016 жыл 25 қараша, Алматыда – 26 қарашада футзал бойынша Республикалық Ұлттық Студенттік Лиганың финалдық кезеңі бастау алады, атаулы сайысқа 20 команда қатыса отырып, 4-інші желтоқсанда оңтүстік астанада өткізілетін және нағыз футзал мерекесіне айналатын ақырғы кезеңге жолдама алу үшін өзара бақ сынасады. Бұл жастар арасындағы бұхаралық спорт түрін насихаттау үшін осы жылы Өңірлік және Республикалық Финалдық турнирінің чемпионатының ұйымдастырушы және бас демеуші ретінде «Халык» қайырымдылық қоры болып табылды. 
 

2014 жылы құрылған Ұлттық студенттік лигасы футзал сайысы қазірдің өзінде студенттер арасында спорттың ең сауық түрін дамыту алаңына айналып қана қоймай, онымен қоса ҰСЛ командалары арасында бірыңғай ұжымдық рухты көтеру үшін тамаша мүмкіндік болып отыр.


Биыл ҰСЛ чемпионатының кубыгына қатысуға еліміздің 7 өңірінен 48 команда ниет білдірді: Астана, Алматы, Тараз, Көкшетау, Шымкент, ШҚО және Қарғанды. Чемпионатқа деген қызығушылық жылдан-жылға арытып келе жатқаны байқалады, естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы чемпионатта еліміздің 4 өңірінен командалар қатысса, ал одан алды, тек: Алматы және Астана қалалары ғана қатысқан болатын. Келесі жылы Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларының студенттік командалары қатысады деп көзделіп отыр.

  
Қазақстан футзал Қауымдастығы халықаралық дәрежедегі Қазақстанның футзал чемпионатының төрешілері аталмыш ойынға төрелік етеді.

 
Республикалық финалдық турнирдің нәтижесі бойынша ең үздік команда еліміздің тарапынан халықаралық аренада Халықаралық оқу орындары арасында өткізілетін чемпионатқа жолдама алады. Сондай-ақ спортшылар Лиганың кубогы және медальдарымен марапатталады.

 
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Достық» (Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті, Шымкент) командасы «Казпотребсоюз» (ҚЭУ) командасымен сайысқа түсіп 5:1 есебімен тізе бүктіріп, 2015 жылғы Ұлттық студенттер лигасы чемпионы атанды. Ақшалай сыйлықтар мен мадальдардан басқа, жеңімпаздарға сол уақытта Криштиану Роналдудың қолтаңбасы бар УЕФА Лига чемпиондарының ресми добы табысталды.


Марапаттардан бөлек жеңімпаздарға жоба шеңберінде қайырымдылық жүлде қоры: «Ең әдемі гол», «Үздік бомбардир 1», «Үздік бомбардир 2», «Үздік бомбардир 3», «Ең әдемі чирлидерлер командасы» "" (дауыс беру порталында және әлеуметтік желілерде-Facebook, Instagram), ""Ең шулы фанзона"", ""Үздік спорттық репортаж"", ""Үздік сұхбат"", ""Үздік журналист"" әртүрлі номинациялар қарастырылды. Сыйлықтарды табыстау финалдық чемпионатының бір бөлігінде өткізіледі.


Әр жыл сайын Лиганың және ойынның ұйымдастырылу және де спортшыларымыздың дәрежелері өсуде, өткен уақыттармен салыстырғанда еліміздегі білім беру орындары осы сайысқа қатысуға қызығушылық танытуда. Көптеген жоғарғы оқу орындарының студенттері жоғары дәрежелі ойыншылар болып табылады, бәлкім, болашақта, осы спортшыларымыз еліміздің намысын халықаралық ойындарда қазақстандық клубтардың  қатарында жүріп қорғауы мүмкін. ҰСЛ командаларының арасында бәсекелестік өте жоғары, сондай-ақ тез дамып отырған футзал дәрежесі Қазақстанда осы спорт түрі бойынша жаңа талан иелерін табуға мүкіндік береді.

 
Чемпионатқа Қазақстанның кез келген жоғарғы оқу орындарының командалары қатыса алады. Қатысуға өтінім қалдырып және ұйымдастыру жарнасын енгізгеннен кейін университеттер еліміздің ең үздік алаңында ойнауға мүмкіндік алады, арнайы командағы тіктірілген формалармен қамтамасыз етіліп, сапалы төрешілік көрсетіледі. Бүгінгі таңда Қазақстанның жеті өңірінен шамамен 5000 ойыншы және жанкүйерлерді ҰСЛ біріктіріп отыр.

Лига ұйымдастырушылары алдағы уақытта ЖОО рейтингін әзірлеуді ниет етіп отыр, бұл болашақта талапкерлердің тек жалпылама дайындықтың дәрежесіне қарап ғана емес, сондай-ақ университеттің спорттық өміріне қарап таңдау жасайтын болады. Онымен қоса, бұл рейтинг – ЖОО үшін болшақ спортшыларға көрсеткен үлестерін анықтауға керемет мүмкіншілік береді. Бұл болашақта спортшыларға гранттардың берілуінің кепілі болып табылады. Шетелдерде – бұл танымал тәжірибенің бірі, осы әдіс арқылы еліміздің спорттық резервтік жағдайын тәрбиелеуге көмек көрсетеді. Әлбетте, Қазақстанда бұл жас спортшыларға қол жетімді болуы қажет.


Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасындағы футзал бойынша Ұлттық студенттер лигасы – бұл мүше болуға жарна енгізетін заңды тұлғалардың бірлестігі. ҰСЛ тапсырмасы – Қазақстанның барлық жастарын белсенді салауатты өмір салтына шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау және еліміздің спорттық резервін дайындау. Турнир 2016 жылы студенттер арасында және ішкі бөлімінің магистранттар арасында, сондай-ақ университеттер командаларының арасында достық қатынастарды дамыту мақсатында өткізіледі.

   
ҰСЛ мақсаттарының бірі спорттық мерекені ең жоғарғы және кәсіби деңгейде әлемдік  тенденциялармен және шетелдік студенттік ұйымдардың тәжірибесімен сәйкес ұйымдастыру.

БАҚ үшін байланыс нөмірлері:

 «Ұлттық студенттер лигасы» директоры, Сергей Садовский +77021032323
  Halyk Bank PR-менеджері, Нурия Султанова  +77053080444