Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Қазақстан Халық банкі және VISA бірлесе HalykFinTech хакатонын өткізді

11.05.2024

«Қазақстан Халық банкі» АҚ және Visa 15-16 қазан күні бастаушы кәсіпкерлер, бағдарлама жасаушылар және студенттер үшін II HalykFinTech Хакатон[1] өткізді.

Хакатон жобасы қазіргі уақытта әлем бойынша корпоративтік секторлар арасында танымалдылығы артуда. Хакатонды ритейлдардан бастап әуе компанияларына дейін өткізіп жатса, оған қатысушылар енді тек бағдарлама жасаушылар ғана емес, маркетологтар, дизайнерлер және де басқада бағыттағы өкілдер де қатыса алады. Мысалға, Facebookтегі Like батырмасы әлеуметтік желідегі хакатон шеңберінде өткізілген шара арқылы пайда болған. 

Халық банк басқарма төрайымының орынбасары Аслан Талпаков атап өткендей, «Осы іспетті мерекелік шараны Халық банкі екінші рет өткізіп отыр. Осы жолы біздер жоғарғы оқу орындарын кең көлемде қамтуға тырыстық, оларға краш-тест түрінде үй жұмысын беру ұйымдастырылып және нәтижесінде сапалы өнімді алу мақсатында шеберлік сабақтарын өткіздік. Біздің ұсытанып келе жатқан басты мақсаттармыздың бірі –материалдық құндылыққа ие сыйлықтардың берілмеуінде, бірақ біздердің банктік инфраструктура базамыз арқылы әзірлеушілерге идеяларын жүзеге асыруға мүмкіншілік береміз. Дәл осындай тәсіл барлығымыз үшін ұтымды – жас әзірлеушілер тәжірибе жинақтайды, банк тесттен өткеруге мүмкіндік алып және қысқа мерзімде өнімді немесе қызмет түрін енгізуге мүмкіншілік алар болса, ал жергілікті нарық үшін кәсіпкерлер пайда болып, біздердің үмітіміз бойынша болашақта жаңа өнімдері мен жаңа қызмет түрлерін үйлестіре отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды қалыптасырады».

«Visa инновациялық қолма-қол ақшасыз саласында көшбастаушы ретінде әлем бойынша әзірлеушілерге белсенді қолдау көрсетіп және тәжірибесімен бөлісіп келеді. Өздерінің технологиясымен және Visa Developer сервисіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл қаржы мекемелеріне, сауда-сервистік және технологиялық компанияларға жаңа, ыңғайлы және қауіпсіз төлем шешімдерін ойлап табуды қамтамасыз етеді»,деп – Visa  Орталық Азия елдерінің негізгі менеджері Галым Табылдиев атап өтті. « Біз Халық банктің Halyk FinTech Hackathon бастамасына қолдау көрсеткенімізге қуаныштымыз және алдағы уақытта бұл төлемдік және банктік шешімдерді жүзеге асыратын әзірлеу алаңына,  уақытымен цифрлық төлем форматына айналады деп үміттенеміз».

Мерекелік іс-шараның ұйымдастырушысы Рашид Дюсембаевтің айтуынша, «қазіргі кезде кез келген корпорацияны стартапсыз жүзеге асыру мүмкін емес, себебі, бұрындары үлкен көлемдегі балықтар кішілерін жеп жатса, ал қазір, жылдам балық басқаларын жеп жатыр. Хакатон бұл қысқа мерзімде корпоративтік сектор мен жас әзірлеушілерді біріктіріп, олардың қорытындысында сапалы жаңа IT-өнімдерді алатын бірден бір керемет тәсілдердің бірі. Сондықтан дәл осы жоба корпорацияға жылдам балық болуға мүмкіншілік береді».

Хакатонға дайындалу барысында 23-қыркүйек пен 4-қазан кезеңдерінде ұйымдастырушылар Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары СДУ, ҚБТУ, Narhoz, AlmaU және ХАТУ студенттерімен банк және Visa өкілдері кездесіп,Visa Developer Platform және Visa API мүмкіншіліктерімен таныстырды. Бұл әзірлеушілерге хакатонға сапалы түрде дайындалуға және өз шешімдерін әзірлеу барысында ашық API және SDK мүмкіншіліктерін пайдалана алды. Онымен қоса, хакатонның әлеуетті қатысушылары танымал кәсіпкерлер Арман Сулейменов, Николай Мазенцевтің мотивациялық дәрістеріне қатысып, сондай-ақ өздерінің идеяларын краш-тесттерде (crash-tests) жүзеге асыруға мүмкіншілік болды.   

Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан Халық банкі және Visa – қатысушыларға өз жобаларын үш бағытта әзірлеп ұсынуды талап етті. Бұл қызмет көрсету орталықтары, коммуникациялық арналары және жаңа қаржы өнімдері мен қызметтің түрлері. Онымен қоса, әзірлеушілер еркін тақырыпта да өз өнімдерін шығару мүмкіншілігі де болды. HalykFinTech Хакатонында жалпы саны 21 команда, 93 адам, олардың арасында бастаушы кәсіпкерлер, бағдарлама әзірлеушілер және студенттер болды. Тәулік бойы хакатон алаңында жаңа тұрғыдағы идеяларды және жүйеге асыру үшін прототиптерді дайындаумен жұмыс істеді.

Хакатонның  әділ қазылар алқасының мүшелеріне Қазақстан Халық банкінің бизнес-бағытындағы жетекшілері және  IT-секторы, Visa компаниясы және Рашид Дюсембаев қамтылды. HalykFinTech Хакатон жеңімпаздары UniTech командасы «Электрондық кезек» жобасымен, FINElement командасы «Мобильді Агенті» жобасымен және AceLight командасы- «V-banking» жобасымен жеңімпаз атанды. Олар клиенттерге қызмет көрсету саласында өздерінің мықты жобаларын ұсынып және Халық банк инфраструктура базасында жүзеге асыруға мүмкіншілік алды. Сондай-ақ Visa-ның арнайы дайындаған сыйлығын Limitless командасы «Студенттер үшін Бонустық клубы» идеялық ұсынысымен жеңіп алды.

FinTech – жаһандық экономиканың болашағы зор сегменттерінің бірі[2], оған  өз кезегінде әзірлеушілер, сол сияқты инвесторлар жоғары баға беретін инновацияларды шапшаң жылдамдықта ендіру және соңғы тұтынушы үшін икемді әрі сомды шешімдерді құру тән.   Мұның бәрі қаржы ұйымдарының жұмысын оңтайландыруға септігін тигізеді. Міне, сондықтан да Қазақстан Халық Банкі қатарынан 2-ші рет HalykFinTech Хакатон өткізіп келеді. Банктің бұл бастамасын Visa компаниясы да қолдай түсті, ол Visa Developer платформасын ұсынып, әзірлеушілермен өзінің API-мен бөлісуде.

Visa Developer Platform жасаушыларға карта ұсташыны сәйкестендіру және тексеру (верификация), валютаны айырбастау, онлайн және POS-тағы (Visa Checkout) қауіпсіз және ыңғайлы төлемдер, карталар ұстаушылары арасында төлемдер (Visa Direct) сияқты Visa-ның кеңінен қолданылатын төлем шешімдері мен қосымшаларына, орналасқан орнын анықтау негізіндегі және нақты уақыт режимінде ұсынылуы мүмкін шешімдерге (сауда-сервистік кәсіпорынның орналасуы, хабарламалар) қолжеткізу мүмкіндігін береді.

Visa туралы ақпарат

Visa Inc. (NYSE:V) компаниясы   карта ұстаушыларына  сауда – қызмет көрсету ұйымдарында, әлемнің 200-ден астам елдеріндегі  қаржылық және  үкіметтік  кәсіпорындарында   электрондық төлемнің жылдам, қауіпсіз әрі сенімді желісіне қолжетімділік беретін  жаһандық  төлем жүйесі болып табылады.  Электронды төлемдер тұтынушылар үшін  алаяқтық әрекеттерден сенімді қорғанысты  және сауда – қызмет көрсету ұйымдары үшін төлемнің жүргізілуіне кепілдік  бере отырып, секундына  65 000-нан астам  транзакцияларды  өңдеуге қабілетті  VisaNet жаһандық инновациялық  процессингтік  жүйе көмегі арқылы жүзеге асырылады . Visa банк болып табылмайды, төлем карталарын шығармайды,  қолданушылар үшін  комиссия  немесе пайыздық  мөлшерлемелер орнатпайды, сондай-ақ  карта ұстаушыларына кредит бермейді. Өз кезегінде Visa-ның инновациялық шешімдері  қаржы ұйымдары үшін өз клиенттеріне  дебеттік,   алдын ала төленген  және  кредиттік карталық өнімдерді өоса алғанда қаржылық құралдардың  кең таңдауын   ұсынуға м мүмкіндік береді[3]. Толығырақ ақпаратты: www.corporate.visa.comhttps://www.facebook.com/VisaKazakhstanwww.visa.com.kz мекенжайлары бойынша ала аласыз .

Қазақстан Халық банкі жайлы ақпарат

«Қазақстан Халық банкі» клиенттер базасы мен таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы жетекші қаржы институты. Халық Тобы Халық тобы әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді, өздерінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне  және корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең ауқымын ұсынады (банктік, сақтандыру, лизинг бойынша қызметтер, брокерлік және активтерді басқару қызметтері). Банктің Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда еншілес ұйымдары бар.

[1]Хакатон (англ. – hackathon) - hack (зертеушілік бағдарламалау деген мағынада) және marathon (марафон) сөздерінің туындысы – «бағдарламалау марафоны», бағдарламалық жасақтама жасаушылары арасындағы жарыс, ұйымдастырушылар қойған бір міндетті шешуге бағытталады. Әдеттегідей, хакатон барысында қатысушылар командалары белгіленген күнге шешім тауып, өз идеясы мен сол шешімнің прототипін ұсыну үшін бірнеше күнге оңаша жиналып жүреді. Әрбір хакатон белгілі бір салаға бағдарланады, мысалы, бағдарламалау тіліне, операциялық жүйеге, қосымшаға, бағдарламалық интерфейске (API). Дереккөз: LINK

[2]Дереккөз: Moody's: Fintech to drive transformation rather than disruption for banks. Global Credit Research - 18 May 2016

[3]«Виза Интернэшнл Сервис Ассосиэйшн» (Visa International Service Association) (АҚШ) корпорациясы банктерге Visa-ның төлем карталарын  шығаруға мүмкіндік береді . Эмитент- Банктер  Visa карталарын  шығару бойынша шектеу қоюға құқылы. Visa-ның төлем карталарын  шығару және қызмет көрсету  талаптары туралы  ақпарат алу үшін банктерге жүгініңіз. Visa бренді туралы Толығырақ ақпаратты  visa.com.kz. https://www.facebook.com/VisaKazakhstan мекенжайлары бойынша ала аласыз.