Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетінін сәттілікпен растады

11.05.2024

Ақпараттық қауіпсізідкті басқару жүйесінің (АҚБЖ) ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін Банк 2008 жылы 19 желтоқсанда тиісті сертификатты алғаннан кейін 8 жыл бойы растап келе жатыр.

2016 жылы тамызда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нда Британдық Стандарттар Институтының (BSI Management Systems CIS) ресейлік өкілдігінің маманы кезекті қадағалу аудитін өткізді. Аудит нәтижесінде ақпараттық қауіпсізідкті басқару жүйесінің ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетіні расталды.

Шешімдер айқындығы мен топ клиенттерінің құқықтарын толық қорғауды қамтамасыз ететін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру және филиалдар желісі арқылы электрондық сатудың кеңеюін, орталықтандырылған есеп жүргізу мен тәуекелдерді басқару жүйесін қолдайтын ІТ жүйесін құру тиянақты түрде тексерілген ақпараттық қауіпсіздік құрылымының бар болуы есебінен банк қосымшаларындағы сыртқы және ішкі ақпараттық ағыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді. Ол бір мезгілде ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін банктегі ақпараттық қауіпсіздікті бастамалайды, іске асырады,  жұмыс күйінде сақтап, оны басқарады.

Британдық стандарттар институты (BSI) - 1901 жылы құрылған, менеджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы беделді жетекші болып табылады және дүние жүзінде сертификаттау бойынша аса ірі орган болып табылады – 150-ден аса елде 90 000 аса клиенті бар.

BSI ISO (International Organization for Standardization – Халықаралық Стандарттау Ұйымы) негізін қалаушысы, сонымен қатар BS 5750 (Сапа Менеджментінің Жүйесі), BS 7750 (Экологиялық Менеджмент Жүйесі), BS 8800 (Еңбекті Қорғау және Өндірістік Қауіпсіздік), BS 7799 (Ақпараттық Қауіпсіздікті Басқару Жүйесі), BS 15000 (IT-Сервистерді Басқару Жүйесі), BS 25999 (Бизнес үздіксіздігін басқару) деген ұлттық британдық стандарттардың және көптеген басқалардың авторы болып табылады, олардың көбі  ISO-да халықаралық ретінде қабылданған  – сәйкесінше ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 27001 және ISO 20000.

    

   Халық Банкі  - клиенттер базасы мен таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы жетекші қаржы институты. Халық Тобы Халық тобы әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді, өздерінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне  және корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең ауқымын ұсынады (банктік, сақтандыру, лизинг бойынша қызметтер, брокерлік және активтерді басқару қызметтері). Банктің Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда еншілес ұйымдары бар.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 816, pr@halykbank.kz