Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Қазақстан Халық банкі мен UnionPay International «UnionPay-мен бірге халықтық білім беру» атты стипендиялық бағдарламаны аяқтады

16.05.2024

Бүгін  Қазақстан Халық Банкі (бұдан әрі – «Банк») және UnionPay International (бұдан әрі – «Халықаралық төлем жүйесі») «Unionpay-мен бірге Халықтық білім беру» атты стипендиялық бағдарламаның аяқталуы жөнінде жариялады.

«Unionpay-мен бірге Халықтық білім беру» («Halyk Education with UnionPay» scholarship program») – отандық және шетелдік орта және жоғары оқу орындарын бітірген қазақстандықтарды бір оқу жылы ішінде шәкіртақы төлеумен қытайлық ЖОО-дарында оқыту бағдарламасы 2015 жылы 16 маусымда басталды. Стипендиаттарды іріктеген кезде үміткердің оқу үлгерімі, «Мен болашақтағы банкті қалай елестетемін» деген тақырыпқа қазақ/орыс тілінде жазылған эссенің тақырыбын ашқаны, ой-өрісінің кеңдігі мен мазмұндау сауаттылығы сияқты көрсеткіштер есепке алынды. Осы негізгі параметрлерден басқа үміткерлердің  көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ата-анасының қамқорысыз қалған және жетім балалар сияқты халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарға тиесілілігі есепке алынды. 50 стипендиат оқу жылы ішінде ай сайын өздерінің Altyn UnionPay Gold карталарына 500 (бес жүз) АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы алып отырды. Бағдарлама Пекинде (ҚХР) 2015 жылы мамыр айының аяғында UnionPay International Co., Ltd. және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында қол қойылған «Өзара түсіністік туралы меморандум» шеңберінде іске асырылды.

Қазақстан Халық банкінің және UnionPay International-дың ынтымақтастығы 2006 жылы эквайринг туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап дамып келеді. 2012 жылы Халық Банкі ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің коммерциялық бенктері арасында жалғыз болып,  UnionPay International Халықаралық кеңесінің толық құқықты Мүшесі болды. Жақын арадағы келешекте банк пен халықаралық төлем жүйесі электрондық коммерция мен «MoneyExpress» P2P аударыдарын дамытуды, «QuickPass» контактысыз төлемдерін енгізуді және 1 млн Altyn UnionPay төлем картасын шығаруды жоспарлауда.

«Unionpay-мен бірге Халықтық білім беру» бағдарламасының кейбір стипендиаттарының пікірлері

Қымбат Орынтаева: Конкурс ұйымдастырушыларына маған сеніп, Қытайда оқуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс айтқым келеді. Және де, әрине ынта бергендері үшінҚазақстанда шетелде білім алғысы келгендер үшін стипендиялық бағдарламалар көп болғаны қуантады. Ең бастысы –өзіңе сену керекЕгер талаптарға сай болсаңыз – сол беттен-ақ өтінім беріңізОсыдан бұрын мен көптеген конкурстарға қатысқам. Жеңістер де болды, ұтылған кездер де. Бірақ ешқашан үміт үзген емеспін. Қазіргі сәтте «Unionpay-мен бірге Халықтық білім беру» стипендиясы – менің ең үлкен жеңісім. Шетелде оқу және қытай тілін білу менің болшаққа қойған мақсаттарыма жету үшін алтын көпір болады. Ықтимал жұмыс беруші беделді шетел университетін бітірушіге артықшылық береді – шетелде оқудың пайдасы осы. Бұған қоса, бұл қызмет сатысымен көтерілуді жеделдетуге және қоғамның белгілі бір саласының беделді өкілі болуға – еліміздің кәсіби, шығармашылық элитасын құруға саналы мүмкіндік береді».

Әнел Темірбұлатова: «Стипендия маған дәстүрлі қытайлық кунг-фуды оның пайда болған жерінде – Қытай елінің өзінде зерттеуге мүмкіндік берді. Атап өту керек, бұрын бұл спортпен айналыспағанмын, бірақ Қытайға келерден бұрын оны үйренуді жоспарлағам. Кунг-фуды үйренудің бағасы мұнда қымбат болғанына қарай, стипендиясыз жаттығуларға баралмаушы еідм. Кунг-фуды қытай бапкерімен үйрену – мен үшін өте құнды әрі пайдалы тәжірибе. Бірнеше ай жаттыққаннан кейін мен Нанкинде өткен  халықаралық жауынгерлік өнерлер турниріне қатыстым. Грамота мен медальға ие болдым. :) Қытайға келу мен үшін жаңа хоббиді танытты, ол денсаулықты нығайтқанмен бірге, сол тілде сөйлейтін бапкермен қатынасу арқылы ауызша қытай тілінің тәжірибесіне зор әсерін тигізеді».

Дәнияр Нұрғожин: «Қытай ғылым академиясында оқып келе жатқаныма алты жыл болды. Бірінші жылы мен тек қана қытай тілін оқығам -  университетте төрт сағат сабақта, содан кейін үйде үш сағат, бұл дәрісте түсіндіргеннің бәрін сезініп, үй жұмысын жасау үшін қажет, содан кейін, мен қытай тілін қатты оқығым келгендіктен, күніне кемінде екі сағат сол тілде сөйлейтіндермен жаттықтым. Бұл тілдің күрделілігі соншалық – оны оқу үшін мыңдаған түсініксіз сөздер мен мығыналарға басыңмен батуың керек, өз туған тіліңді мүлдем ұмытуың керек, бұдан өзім де өткенмін. Қытайда білім алудың біздікінен негізгі ерекшелігі – жеке жұмыстарға емес, жобалық жұмыстарға мән берілетіні шығар. Бұл мені таңғалдырды. Бір жағынан бұл оңай: бір топ адамға бір ғана тапсырма. Бірақ бұл алғашқы рет көрінгені ғана. Өзіңе жат адамдарды бірге жинап, бір нәрсені ойластырып жасату өте қиын. Бізде компьютерлік желі бойынша топтық үй тапсырмасы болды. Оны мен және тағы екі студент жазуымыз керек болды. Бәріне бір ортақ баға қойылады. Мен барлығын дұрыс жазған сияқты едім, қалғандардың жұмысын қарасам, шатастырып тастапты. Нашар баға алмас үшін олардың жазғанын түзетуіме тура келді».

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 816, pr@halykbank.kzwww.halykbank.kz