Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова UnionPay International Шығыс Европа және Орталық Азия бойынша өңірлік кеңесінің төрайымы ретінде сайланды

16.05.2024

Бүгін Мәскеу қаласында UnionPay International (бұдан әрі – «UnionPay/UPI») Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік кеңесінің (бұдан әрі – «Кеңес») 1-ші жиналысы болып өтті.  UnionPay International Кеңесті өңір елдерінде төлем жүйесі бизнесін дамытуға септігін тигізетін мәселелерді бірлесе шешу үшін серіктестер тартуға арналған алқалы орган ретінде құрып отыр. 

Кеңес төрайымы ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова сайланды.  Төрағаны таңдау барысында Кеңеске қатысушылар Қазақстан Халық банкінің төлем жүйесі бизнесінің дамуына қосқан үлесін атап өтті. Үміт Шаяхметова 2012 жылғы қарашадан бері Шығыс Европа және Орталық Азия өңірі атынан UnionPay International Халықаралық Кеңесінің мүшесі болып табылады. Қазақстан Халық банкі – UnionPay International Халықаралық Кеңесінің құрамына кіретін осы өңірдегі жалғыз қаржы институты.

Дэвид Ли, UnionPay International Басқарма төрағасының орынбасары: «біз Қазақстан Халық Банкінің және Шаяхметова ханымның Қазақстанда Union Pay International бизнесінің дамуына қосып отырған  үлесін, сонымен қатар Банктің өз клиенттерін төлем карточкаларын пайдалануға үйрете отырып, төлем мәдениетін тарату бойынша атқарып отырған ауқымды жұмысын жоғары бағалаймыз. Кеңес Төрағасының міндетіне Кеңес жұмысына жалпы басшылық жасау, бизнес мәселелерін шешу кіреді. Осы алқалы орган басшысының лауазымы сайлаулы болып табылады, оның әрекет ету мерзімі сайланған сәттен бастап 3 жылды құрайды. Біз Үміт Шаяхметова осы уақыт ішінде біздің төлем жүйеміздің тек қана Қазақстанда ғана емес, бүкіл өңірде - Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Ресей және Кавказда кең таралуына ауқымды үлес қосатынына сенім білдіреміз».

Өңірлік Кеңестің уәкілеттігіне төлем жүйесі жұмысының операциялық ережелерін бекіту және жаңа қатысушылардың өтінімдерін қарастыру кіреді.

Үміт Шаяхметова, Қазақстан Халық Банкі Басқарма төрайымы: «Маған сенім артып, қолдау көрсете отырып дауыс берген банкир әріптестерімен алғысымды білдіремін. Халық Банкі 10 жыл бой UnionPay Internationa-мен бірге қызмет істеп келеді, эквайринг шартына қол қойған сәттен бастап үлкен жол еңсерілді. Бүгінде біздің банк төлем карталарына қызмет көрсету бойынша банктік қызметтер нарығында көш бастап келеді, біздің үлесіміз - 46,3%,  ал республикамыз бойынша айналыста Қазақстан Халық Банкі шығарған 5,4 млн. төлем картасы болса, оның  680 мыңы  UnionPay International төлем карталары. Алдағы екі жылға  серіктестігімізді және Altyn UnionPay карталарының  функционалын дамыту бойынша үлкен жоспар қойып отырмыз – бұл  1 млн. Altyn UnionPay карталарын шығару,  электронды коммерцияны және «MoneyExpress» P2P аударымдарын дамыту (банкоматтарда), «QuickPass» жанасусыз төлемдерін енгізу.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ және UnionPay International серіктестік тарихы:

2006 Эквайринг шарты (Банк желісінде CUP карталарына қызмет көрсету)

2007 CUP логосымен магниттік жолағы бар бірінші картаны шығару

2012 Халық Банкі ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің коммерциялық банктері арасында  UnionPay International Халықаралық Кеңесінің бірден-бір толық құқықты мүшесіне айналды

2013 UICC стандартына кооперациялану және түрлену туралы келісім

2014 Altyn UnionPay ко-брендингтік чиптік карталарын шығару

2015 Бүгінде Altyn UnionPay карталарының саны 330 мыңнан асты. «Халықтық білім» - Халық Банкі мен UnionPay International компаниясының бірлескен әлеуметтік жобасын іске асыру – Қытайда қаржы мамандықтарын меңгеріп жатқан қазақстандық студенттердің оқуын төлеу. 

Анықтама:

UnionPay International (UPI) - China UnionPay-дің Қытайдан тысқары аумақта UnionPay жаһандық қызметін дамытуға және  қолдауға жұмылдырылған  еншілес компаниясы.  UPI бүкіл әлем бойынша 1000-нан астам қаржы институттарымен серіктестік орната отырып, дүниежүзінің 157 елінде карталарды пайдалану арқылы тауарларды, қызметтерді төлеу және қолма-қол ақша алу мүмкіндігін ұсынып отыр. UnionPay карталары Қазақстанды қоса әлемнің 40 елінде айналысқа шығарылады.  UPI карта иеленушілердің әлемдегі ең үлкен клиенттік базасын жоғары сапалы, тиімді де қауіпсіз трансшекаралық төлем қызметтерімен қаматамасыз етеді, сонымен қатар  жоғары қарқынмен өсіп жатқан UnionPay карталарының жаһандық иеленушілері мен сауда-сервис кәсіпорындарын қолайлы жергілікті қызметтермен де қамтамасыз етіп отыр.  

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 2016 жылдың 1 сәуіріне қарасты Қазақстандағы ең ірі бөлшек қызметтер ұсынатын банк. Халық Банкі барлық ЕДБ арасында бөлшек депозиттер бойынша  нарықтағы 21,1% үлесімен көш бастап келеді. 2016 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша банк 46,3% үлеспен  төлем карталарына қызмет көрсету бойынша банктік қызметтер нарығында көш бастап келеді, жалпы алғанда айналыста Қазақстан Халық Банкі шығарған 5,4 млн. төлем картасы бар. Банк әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді, өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын ұсынады (банктік, брокерлік қызметтер, сақтандыру, лизинг және активтерді басқару жөніндегі қызметтер). Сонымен қатар Халық банкі өз операцияларын Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда іске асыруда.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 816, pr@halykbank.kz

www.halykbank.kz