Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Moody’s Altyn Bank-ке Ba2 деңгейіндегі рейтингтерді берді

16.05.2024

2016 жылдың 19 мамырында Moody’s Investors Service «Altyn Bank» АҚ-на Ba2/Not Prime деңгейіндегі депозиттік рейтингтерді және ұлттық шәкіл бойынша A2.kz рейтингісін бергені туралы хабарлады. Ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтер бойынша болжам жағымсыз, бұл дербес рейтингтің жағымсыз болжамына, сондай-ақ бас банктің ұзақ мерзімді рейтингтеріне сәйкес.

Moody's берген Ba2 деңгейіндегі ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтер банктің (BCA) ba3 деңгейінде белгіленген базалық кредиттік бағалауына, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың төмен ықтималдығы болжалына негізделген. Сонымен бірге Ba3 BCA банктің жоғары төлем қабілеттілігін, атап айтқанда, капитал жеткіліктілігінің коэффициентін, тәуекел деңгейі төмен активтерді,  сондай-ақ пайдалылықтың жоғары және тұрақты көрсеткіштерін қамтитын күшті және орнықты қаржы профилін көрсетеді. Сондай-ақ депозиттік рейтингтер банк активтерінің өтімділігі жоғары құрылымы мен жергілікті депозиторлардан қорландыруды тарту қабілеттілігін қамтып көрсетеді, ал бұл өз кезегінде, қайта қаржыландыруда тәуекелдердің жоқтығын білдіреді және өтімділіктің жоғары көрсеткіштерінің нәтижесі болып табылады. Moody’s Altyn Bank нашарлап бара жатқан макроэкономикалық жағдай кезінде қарыздардың қайтарымдылығына байланысты кез келген ықтимал ысыраптарды жауып қана қоймай, адсорбиялайтын провизиялар жасалғанға дейін жоғары табысты түрлендіру қабілеттілігін сақтай отырып, сонымен бірге келесі 12-18 айдың ішінде қосымша капиталды қалыптастыруға мүмкіндік береді деп күтеді.

Altyn Bank рейтингтері 2014 жылдың 4-тоқсанында HSBC plc-ден «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ-ның 100% қарапайым акцияларын сатып алу нәтижесінде Altyn Bank-тың акционері болған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бас құрылымының рейтингілерімен  бір деңгейде тұр.

Altyn Bank рейтингтері бас банк «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның рейтингтерімен қатар, Қазақстанның жеке меншік банктердің ішінде ең жоғары болып табылатынын атап өткен жөн.

Бұрын «HSBC Банк Қазақстан» АҚ-ның ЕБ болған «Altyn Bank» АҚ ( «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ)  Қазақстанның банк нарығында 1998 жылдан бері бар және корпоративтік және бөлшектеп сатып алушы клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын қамтитын әмбебап коммерциялық банк болып табылады. «Altyn Bank» АҚ-ның Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы және Алматы қаласында 2 қосымша бөлімшелері бар.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қазақстандағы көшбасшы қаржылық топ және ең үлкен клиенттер базасы мен тарату желісі бар көшбасшы бөлшек сауда банкі  болып табылады.  Банк өзінің бөлшектеп сатып алушы клиенттеріне, шағын және орта бизнестегі клиенттеріне, корпоративті клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын (банктік, сақтандыру қызметтерін, лизингтік, брокерлік және активтерді басқару қызметтерін) ұсына отырып, әмбебап қаржылық топ ретінде дамып келеді. Сонымен қатар Банк өзінің операцияларын Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда жүзеге асырады.

www.altynbank.kz