Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

2016 жылғы І тоқсан бойынша Халық Тобының біріктірілген қаржы нәтижелері туралы

16.05.2024

Халық Тобының 2016 жылғы І тоқсан бойынша қаржы нәтижелері ағымдағы жылдың алғашқы үш айында қазақстандық ЕДБ бастарынан кешкен экономикалық ақиқаттың бейнесі болып табылады:  аса қымбат қорландыру кредиттеу қарқындарына жағымсыз әсерін тигізіп, пайыздық шығындардың өсуімен бірге Топтың кірісі мен пайыздық маржасынан жағымсыз салдарын білдірді. Қолайсыз экономикалық шарттарға қарамастан Халық тобы өзінің даму стратегиясын іске асыруды жалғастыруда.    

Құнсыздану резервтеріне аударуға дейінгі таза пайыздық кіріс пайыздық міндеттемелер бойынша орташа қалдықтардың ұлғаюына және ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында теңгемен қорландырудың шектелуіне және нарықтағы сыйақы мөлшерлемелерінің жоғарылау болуына байланысты теңгеге деноминацияланған клиенттер қаржысы мен кредиттік мекемелер қаржысы бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің ұлғаюына байланысты 2015 ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 14.7%-ға 31.1млрд. теңгеге дейін төмендеді.

Таза кіріс 2015 жылғы 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 18.3 млрд. теңгеге дейін 32.2%-ға азайды, таза пайыздық маржа 2015 ж. 1-ші тоқсанындағы жылдығы 6.6%-дан жылдығы 4.3%-ға дейін төмендеді.

Операциялық шығыстың операциялық кіріске арақатынасы 37.8%-ға дейін өсті, бұл көрсеткіш 2015 ж. 1-ші тоқсаны бойынша 32.9% болды, бұл ретте операциялық шығындарыдң абсолюттік өсімі инфляция деңгейінен төмен болып қалыптасты. Орташа меншікті капиталға қайтарым (RоAE) жылдығы 22.8%-дан 13.7%-ға дейін төмендеді, орташа активтерге қайтарым (RоAA) - 2015 ж. 1-ші тоқсаны бойынша жылдығы 3.9%-дан жылдығы 1.7%-ға дейін төмендеді.

2016 ж. 1-ші тоқсанында Қазақстан Халық банкі (бұдан әрі – Банк) 4.5млрд. теңге сомасына провизиялар құрды. Бұл ретте тәуекел құны 0.7%-ды құрды. Бұл көрсеткіш Банк бұрын ол жөнінде мәлімдеген бірыңғайланған 1.0%-дық көрсеткішке жуықталған. 

Транзакциялық банкинг қызметтерінен келіп түсетін кірістер мен комиссиялар көбінесе пластик карталарына қызмет көрсету, клиенттерге зейнетақы төлеу бойынша және берілген кепілдіктер мен аккредитивтер бойынша, және аздау шамада тарифтердің өсуі есебінен Банктің транзакциялық бизнесінің өсіп келе жатқан көлемі нәтижесінде 2015 ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2016 ж. 1-ші тоқсанында 11.5%-ға өсті. Пластик карталарға қызмет көрсетуден келіп түсетін кірістер, қолданыстағы төлем карталарының санын 7.8%-ға көбейту нәтижесінде 2016 ж. 1-ші тоқсанында 17.3%-ға 2.6 млрд. теңгеге дейін өсті. Клиенттерге зейнетақы төлеуден келіп түсетін кірістер зейнетақы төлемдерін 9.0%-ға ұлғайту есебінен 2016 ж. 1-ші тоқсанында 18.1%-ға 1.7 млрд. теңгеге дейін өсті. Берілген кепілдіктер мен аккредитивтер бойынша кірістер ірі аккредитивтер мен кепілдіктерді шығару нәтижесінде және ішінара валюталық қайта бағалау есебінен 2016 ж. 1-ші тоқсанында 31.8%-ға 1.0 млрд. теңгеге дейін өсті.

Өзге пайыздық емес кірістер (сақтандыруды есептен шығарып) көбінесе кіріс немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша таза кірістің 2.7 есе рет өсуі есебінен 2015 ж. 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2016 ж. 1-ші тоқсанында 3.7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2016 ж. 1-ші тоқсанында Банк активтері 2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда көбінесе ақша қаражаты мен олардың баламалары (1.4%-ға) және клиентерге берілген заемдар (2.7%-ға) есебінен 1.5%-ға төмендеп, 4,387 млрд. теңгені құрды.

Клиенттерге берілетін қарыздар 2015 ж. 31 желтоқсанға қарағанда брутто негізінде   2.2%-ға және нетто негізінде 2.7%-ға төмендеді. Клиенттерге берілетін қарыздардың брутто төмендеуі 2016 ж. 1-ші тоқсанда теңгедегі қаржының шектеулі көлеміне және Банктің кредиттік саясатын қатайтуына байланысты болды.

«Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және бизнесті дамыту бірыңғай бағдарламасы аясында 01.04.2016ж. жағдай бойынша Халық банкі несиелік портфель көрсеткіштері мен оларға Бағдарлама аясында қатысу мақұлданған жобалар саны бойынша ЕДБ арасында жетекшілер қатарында. Осылайша, Банк  161.8 млрд. теңгені құрайтын пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау портфелінің көлемімен 1 207 жоба болған жобалар саны бойынша бірінші орын алады. Субсидияланатын портфель көлемі мен кепілдік беру аясында қол қойылған шарттар сомалары бойынша Қазақстан Халық банкі барлық ЕДБ ішінде екінші орында.  

NPL 90+ 2016 жылғы қаңтар-ақпан аралығында ауыл шаруашылық секторында жұмыс істейтін корпоративтік қарыз алушылардың бір қатарында қаржылық жағдай нашарлады деп танылғанына байланысты, сондай-ақ несиелік портфельдің мөлшерінің төмендеуіне байланысты 2016 ж. 1-ші қаңтарында  9.16%-дан 2016 ж.1-ші сәуірінде 11.67%-ға дейін өсті.

Заңды тұлғалардың қаражаты 2015 ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда теңгенің өтімділігімен жағдайдың жақсаруына орай, көбінесе Банк ұсынатын төмендеу сыйақы мөлшерлемелерінің есебінен 7.8%-ға төмендеді. Сонымен қатар теңгеге деноминацияланған корпоративтік депозиттердің корпоративтік депозиттердің жалпы сомасындағы үлесі 2015 ж. 31 желтоқсандағы 23.7%-бен салыстырғанда 2016 ж. 31 наурызда  43.3%-ға дейін өсті.

Жеке тұлғалардың қаражаты Банкте 2016 ж.1-тоқсанында орналастырылған клиенттердің жаңа қаражаты есебінен 2015 ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда 3.4%-ға ұлғайды. Сонымен қатар теңгеге деноминацияланған депозиттердің бөлшек депозиттердің жалпы сомасындағы  үлесі  2015 ж. 31 желтоқсандағы 22.4%-бен салыстырғанда 2016 ж. 31 наурызда 23.3%-ға дейін өсті. Жеке тұлғалардың депозиттік базасының көлемі бойынша Халық банкі қазақстандық коммерциялық банктер арасында орнықты түрде бірінші орын алады.

Кредиттік мекемелердің қаражаты көбінесе Қазақстан Қор Биржасы арқылы (қазынашылық вексельдермен жасалған РЕПО мәмілелері) ақша нарығындағы қарыз алу көлемдерінің төмендеуі есебінен 2015 ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда 2016 ж. 31 наурызда 13.9%-ға төмендеді. 2016 жылғы 31 наурызда Банктің кредиттік мекемелер алдындағы міндеттемелері негізінен 2015 жылы экономиканың бөлек секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-нан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-нан тартылған қарыздардан тұрды.

2016 ж. 1-ші тоқсанның нәтижелері бойынша Халық банкі 1-ші тоқсан ішінде тапқан таза кіріс есебінен меншікті капиталды 2.3%-ға 541.9 млрд. теңгеге дейін өсірді.  2016 ж. 31 наурызда Банк капиталының реттеуші коэффициенттері 2015 жылғы 31 желтоқсандағы k1 – 17.3%, k1_2 – 17.3%  k2 – 17.5%-бен салыстырғанда, k1 – 18.5%, k1_2 – 18.5% және k2 – 18.5% құрды. Халық банкінің меншікті капиталының көлемі еліміздегі коммерциялық банктер арасында ең жоғары болып қалуда.

Халықаралық рейтингтік агенттіктер Халық банкіне берген кредиттік рейтингтер қазақстандық қаржы институттары арасында ең жоғары болып қалуда: Fitch Ratings-тен BB; Standard&Poor`s-тен ВВ және Moody's Investors Service-тен Ва2, бұл Банктің мықты қаржылық және бизнес жайғасымын көрсетеді.

Банктің Бөлшек бизнесі 

Халық банкі 2016 жылдың бірінші тоқсанында бөлшек бизнестегі өзінің жетекші позицияларын  бекіте түсті: ЕДБ бөлшек депозиттері нарығындағы банктің үлесі 21.1% құрады, жеке тұлғалар депозиттерінің өсімі 2016 жылдың 1-ші тоқсанында 47.5 млрд. теңге құрады.

Кредиттік портфель көлемі 554 млрд. теңге құрады, және, несиелік портфельдің 1,3% төмендеуіне қарамастан, Халық Банкінің нарықтағы үлесі арта түсуде – сыйымдылығы 3 353 млрд. теңге нарықтағы үлес 1-ші тоқсанда 2015 жылдың соңындағы 15,99%-дан 1-ші тоқсан қорытындысы бойынша 16,5%-ға дейін өсті. Банк жеке тұлғаларға жалпы сомасы 51 млрд. теңге құрайтын 53 мың кредит берді:

- Ипотекалық (кепілді) заемдар - 7.9 млрд теңге сомасында;

- Автокредиттер – 0.8 млрд теңге;

- Кепілсіз заемдар – 42.7 млрд теңге.

Халық Банкі 2016 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша банктік қызметтер нарығында төлем карталарына қызмет көрсету бойынша белсенді карточкалардың 46,3% үлесімен көш бастап келеді.  Жалпы алғанда айналымда Халық Банкі шығарған 5,4 млн. карточка бар.  2016 жылы қашықтан сату арналары арқылы жүргізілген төлемдер санының үлесі 68,9% құрады, бұл 2015 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 0,6%-ға артты.  2016 жылдың 1-ші тоқсанында интернет-банкингті пайдаланушылар саны 9%-дан аса өсіп, 765,5 мың клиентке жетті.  Жылдың басынан бері жүйе пайдаланушылары 970 мыңнан астам төлемдер мен аударымдар жүргізді, бұл 2015 жылдың ұқсас кезеңімен  салыстырғанда 16,6%-ға артық болып табылады.

Банктің клиенттері мобильдік банкингті белсенді түрде қолданатынын айта кету қажет, онымен барлық жүргізілетін операциялардың 33%  қамтылған. Google Play және App Store дүкендерінде «myHalyk» қосымшасы жүктелімдерінің жалпы саны 185 мыңнан асты, қосымша Google Play және App Store дүкендерінің «Қаржы» санатындағы тегін қосымшалардың арасында танымалдық бойынша үздік 3-ке кіреді.

Халық Банкі кері байланысты дамыту, клиенттер жайлылығы және сервисті  жетілдіру үшін өзінің әлеуметтік желілердегі орнын күшейте  түсті. Бүгінде банктің Facebook, Вконтакте, Instagram, Twitter желілеріндегі аккаунттарына жазылушылардың жалпы саны 47 000 пайдаланушыдан асты.  Бұл бағытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді – ЕДБ арасында Халық банкінің Facebook желісіндегі парақшасы үлкен тартымдылық көрсеткішіне ие: қамту үлесі 35%-ды құрайды, бұл дегеніміз парақшадағы жазылушылар санының үштен бірі белсенділік танытып отырғандығын білдіреді.  Осы жылдың сәуір айының басында клиенттердің жайлылығы үшін әлеуметтік желілерде клиенттерді толыққанды қолдау іске қосылды.  Өтінішке жауап алу жылдамдығы орташа есеппен алғанда 15 минут, ал  жауап беру пайызы - 100 % құрады, яғни бұл дегеніміз клиенттердің сұрауларын Халық кеңесшici 15 минут ішінде өңдейтінін білдіреді.  

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 816, pr@halykbank.kz