Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Finance Қазақстанның тарихындағы 1-ші рубльдік облигациялардың шығарылуына ұйымдастырушы болып сәтті қызмет атқарды

10.05.2024

8-маусым ««Қазақстан Темiр Жолы» Ұлттық компаниясы» («КТЖ Финанс» ЖШҚ арқылы) өзінің дебюттік 5 жылдық рессей рублінде іріленген, жалпы көлемі 15 млрд рубль ($264 млн. жуық) және қос листингпен Москваның Биржасында («MOEX») және Қазақстанның Қаржы Биржасында («KASE») облигациясын сәтті орналастырды.

Алғашқы жарияланған купон ставкасының бағдары жылдығы 8,85%-9,15% деңгейінде анықталған. Инвесторлардың өтінімдері бір мезгілде MOEX және KASE биржаларында жүргізіліп, өтінім жиналғанына үш сағат болған кезде жалпы өтінім кітабы 27 млрд рубльден асты. Бұл купон бойынша ставканың бағытын айтарлықтай, жылдығы 8,75%-9,00% дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Соңғы ориентир жылдығына 8,75% деңгейде орнатылды, бұл, сол деңгейдегі өтелудің табыстылығына сәйкес келеді.

Бұл бірегей және инновациялық мәміле Қазақстан тарихында қазақстандық эмитенттің Ресей нарығында бірінші шығарылымы болып, және ТМД елдерінің тарихында Ресей нарығындағы шетелдік эмитенттің корпоративтік шығарылымы болғандықтан,өте табысты болып табылады.

Өтінімдерді жинау кезіндегі білдірілген инвесторлардың әсерлі қызығушылығы мықты кредиттік тарихы бар жоғары сапалы эмитент ретіндегі ҚТЖ-ға деген сенімі мен, ҚТЖ және мәміле ұйымдастырушыларының, сондай ұйымдастырушы болып сәтті шыққан Halyk Finance жүргізген барлық мұқият, ықтиятты жұмысқа деген сенімнің нәтижесі болып табылады.

«Біз, ҚТЖ-нің тек компания үшін ғана емес, сонымен қатар, отандық бағалы қағаздар нарығы үшін серпінді және бірегей болып табылатын мәмілелерін ұйымдастырушы ретінде Halyk Finance-ты кезекті рет таңдағаны үшін өте қуаныштымыз.» Естеріңізге сала кетсем, ҚТЖ-нің, теңге облигацияларын шығару мен орналастыру бойынша алғашқы мәмілесі 2016 жылдың сәуірдегі жалпы сомасы 50 млрд теңгені, айналым мерзімі 10 жылды құрайтын мәмілесінде Halyk Finance жалғыз қаржы кеңесшісі және андеррайтері ретінде әрекет етіп, «EMEA Finance» халықаралық беделді және әйгілі журналдың нұсқасы бойынша ""Еуропа, Таяу Шығыс және Африка үздік квази-мемлекеттік облигациялар шығарылымы» («The Best Sub-Sovereign Bond in EMEA») беделді номинация жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ҚТЖ 2014 жылдың маусымында швейцар франкі валютасындағы 2 транштан тұратын дебюттік Еурооблигациясын сәтті орналастырды. Halyk Finance бірлескен ұйымдастырушы ретінде қатысқан бұл мәміле Қазақстан тарихындағы швейцария франк валютасында іріленген 1-ші қоғамдық облигация шығарылымы саналып, ал ҚТЖ Швейцарияның бағалы қағаздар нарығына шыққан Қазақстан тарихындағы 1-ші эмитент атанды». – деп Halyk Finance басқарма төрағасы Арнат Абжанов атап өтіп, сөзінің соңында: «кезекті ҚТЖ мәмілесі нарықтың қазіргі жағдайындағы өте арзан қаржыландыруды иеленген компанияның кредиттік тарихының керемет жалғасы ғана емес, сонымен қатар, барлық қазақстандық эмитенттерге олардың қаржыландыру базаларын әртараптандыру мен, ресейлік бағалы қағаздар нарығын балама және аса тартымды алаң ретінде пайдалану арқылы жаңа мүмкіншіліктер ашады.» - деп айта кетті.

                                                                                      ***

««Қазақстан Темiр Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ - ««Самрук-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ-ның активтер құрамына кіретін мемлекеттік маңызы бар ең ірі көлік және логистика холдингі. Компания басқармасына темір жол, теңіз порты, әуежай инфрақұрылымы және көліктік-логистикалық орталықтары кіреді.

«Halyk Finance» АҚ - «Halyk Finance» АҚ - Қазақстандағы инвестициялық-банктік қызметтердің, оның ішінде қаржылық консалтинг, андеррайтинг (корпоративті эмитенттердің бағалы қағаздарын шығару мен орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру қызметтерін (оның ішінде акция мен компанияның қатысу үлесін сатып алу/сату және корпоративті қарызды қайта құрылымдау бойынша M&A консультациялық қызметтерін қоса алғанда), броккерлік қызметтер мен бағалы қағаздарды сату, KASE сауда алаңындағы маркет-мейкер қызметтері, инвестициялық портфельді басқару, сондай-ақ, тұрақты аналитикалық қызметтердің барлық түрлерін көрсететін жетекші инвестициялық банкі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қазақстанның ең ауқымды клиенттер базасы және ең ірі филиалдық желісі бар жетекші қаржылық тобы және жетекші бөлшек сауда банкі болып табылады. Банк шамамен 5,9 млн жеке тұлғаларға, 60 мыңнан астам ШОБ субъектілеріне және 300-ге жуық ірі корпоративтік заемшыларға қызмет көрсетеді. Банк өзінің бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең ауқымын (банктік, брокерлік қызметтер, сақтандыру қызметтері, лизинг және активтерді басқару) ұсынатын әмбебап қаржылық топ ретінде дамып келеді. сонымен қатар, Халық банкі өзінің операцияларын Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда атқарады.

Санжар Оспанов
Қаржылық кеңес беру мен андеррайтинг Департаменті
«Halyk Finance» АҚ
www.halykfinance.kz
тел.: + 7 (727) 357 31 77

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
PR -қызметі 
www.halykbank.kz
тел. +7 (727) 259 08 16