Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Қазақстан Халық Банкі Қазкомерцбанк ақ 96.81% жай акцияларын иемденеді

10.05.2024

""Қазақстан Халық Банкі"" АҚ (ары қарай -""Халық банк"") Қазкоммерцбанк АҚ (ары қарай - ""Қазкоммерцбанк"") 86.09% жай акцияларын сатып алу-сату туралы мәмілеге (ары қарай - ""Мәміле"") Рақышев Кеңес мырза қол қойғандығын және сатып алу құны 1 қазақстандық теңге мөлшерін құрайтындығын, одан бөлек, ""Ұлттық Әл-ауқат Қоры ""Самұрық-Қазына"" АҚ (ары қарай - ""Самұрық-Қазына"") 10.72% Қазкоммерцбанктің жай акциясын сатып алу бағасы да 1 қазақстандық теңге мөлшерін құрайтындығын хабарлайды.
Рақышев мырза және Самұрық-Қазынаның мәмілеге отыруы 2017 жылғы 2 маусымда Негіздемелік Келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі атынан), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, ""Самұрық-Қазына"" Проблемалық Кредиттер Қоры АҚ, БТА Банк АҚ (""БТА Банк"" ), Қазкоммерцбанк, Рақышев мырза және Халық Банкпен қол қоюы керек туралы бұрын хабарланды.

Мәміленің аяқталуы бірқатар шарттардың алдын ала орындалуын көздейді:
• Проблемалық Кредиттер Қоры БТА Банктің бірқатар активтер мен қарыздарын сатып алуы;
• БТА Банк Қазкоммерцбанк алдындағы 2.4 триллион теңге берешегін өтеуі;
• Қазіргі таңда Qazaq Financial Group, Субханбердин мырза және Орталық-Азия Инвестициялық Компаниясы иелік ететін акцияларды (соның ішінде, жай акцияларға қатысты шығарылған жаһандық депозитарлық қолхаттар үлгісінде) Рақышев мырза сатып алуы
• Қазақстандағы тиісті реттеуші органдар және белгілі бір басқа да құзіретті орындардан стандартты реттеуші мақұлдамасын алуы

Қазіргі уақытта мәміленің аяқталуы 2017 жылдың үшінші тоқсанында деп күтілуде, бірақ, қандай жағдай болмасын 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Мәміле аясында және алдын ала талаптар орындалғаннан кейін сатып алынатын жай акциялар пакетіне төленген сатып алу құнына қосымша Халық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген реттеушілік талаптарға сәйкес және Казкоммерцбанктің меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін (К1-2) салыстыруға болатын қазақстандық банктер ұстанатын мәндерге сай келтіру үшін Казкоммерцбанкті 185 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыратыны күтілуде. Халық банк Казкоммерцбанкті қосымша капиталдандырылуы өз қаражаты есебінен қаржыландырады деп күтіледі.

Мәміле өз мәресіне жеткеннен кейін, Халық тобы ауқымды бөлімше желісімен, банкоматтар және POS-терминалдармен, банктік, сақтандыру және брокерлік, сондай-ақ активтерді басқару сегментінде қызметтер және өнімдер желісін толық ұсынатын, барлық клиенттік сегменттерде негізгі орын алатын қазақстандық қаржы секторында көшбасшы қаржылық тобы бола алады.

Қол қойылған мәміле бойынша Халық банкі Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова өз пікірін білдірді:
«Атаулы мәміле барлық қазақстандық қаржы секторы үшін белгі болып табылып, ҚР банктік секторын сауықтыруға және тазалауға мүмкіндігін береді және ауқымды қаржы топ құрып тек қазақстандық өзге банктермен ғана бәсекелес болумен тоқталмай, еліміздің ДСҰ-на кіруі шеңберіндегі жаңа үндеулерге жауап беру үшін ел аумағынан тыс жерлерде де қатысу. Халық тобы үшін бастысы өз клиеттеріміздің сенімділігін қамтамасыз ету, кең ауқымды қызметтер мен өнімдерді ұсыну, біздің акционерлер мен инвестерлерімізді қанағаттандыру мақсатында топтың акционерлік құнын жоғарылату бойынша жұмыс істеу. Біз күш-жігерімізді Халық банкінің және Қазкоммерцбанктің клиенттеріне шоғырландырамыз, сондай-ақ әрбір банкте қолданылған ең таңдаулы тәжірибелерді енгізетін боламыз».

Halyk group туралы
Halyk group – Қазақстандағы жетекші қаржылық топ, бөлшек сауданы қоса алғанда, шағын және орта бизнес, корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік және активтерді басқару сынды әртүрлі сегменттерде қызмет атқарушы. 5,201.1 млрд. тенгеге тең активтерді иелене отырып, Халық банкі жеке меншік капиталы және активтер мөлшері бойынша коммерциялық банк болып табылады. Halyk group сондай-ақ Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда қызмет атқарады. Халық банк 1998 жылдан бастап Қазақстан Қор Биржасында және 2006 жылдан бастап Лондон Қор нарығында құнды қағаздар қатарына қосылды. Халық банкі ірі клиенттер базасы мен таралу желісі – еліміз бойынша 506 филиал мен бөлімшелері бар.

Досбол Арыстанбеков, «Қазақстан Халық банкі», PR-қызметі:
тел. +7 727 2 590 295, 8 702 589 06 31, pr@halykbank.kz
www.halykbank.kz