Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk және Qazkom банкоматтар желісін біріктіру үдерісін бастады

10.05.2024

""Қазақстан Халық банкі"" АҚ және ""Қазкоммерцбанк"" АҚ банкоматтық желілерді біріктіру үдерісін бастады: 10-шілдеден бастап Halyk және Qazkom карталарын ұстаушылар үшін банкоматтан қолма-қол ақша алу кезіндегі қосымша комиссиялардың алынуы тоқтатылады. Енді Halyk және Qazkom клиенттері біріккен банкоматтар желісінде қос банктің кез келген банкоматынан қолма-қол ақша аларда ешқандай айырмашылық көрмейді.

2017 жылғы 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша, Халық банкінің банкоматтар желісі 2367 құрылғыны ұсынып отыр, соның ішіндегі 559 банкоматтың cash-in функциясы бар, Қазкоммерцбанктің банкоматтар желісі 2292 құрылғыны құрады, олардың 465-інде қолма-қол ақша қабылдау функциясы жабдықталған. Қазіргі таңда Халық банк 6 млн карта ұстаушыларға қызмет көрсетсе, ал Қазкоммерцбанкте – 2 млн астам, Қазақстанның экономикалық белсенді азаматтарының көпшілігі екі банктің біріктірген банкоматтар желісінің артықшылықтарын пайдалана алады. Айта кетейік, Қазақстандағы әрбір екінші банкомат Halyk+Qazkom банкоматтар желісі болып табылады.

Қолма-қолсыз төлемдер нарығы белсенді түрде дамып жатқандығына қарамастан, қаражатты банкомат арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру Қазақстандағы ең танымал банктік операциялардың бірі болып табылады. Ресми статистика[1] бойынша, тек 2017 жылғы сәуір айында ғана  қазақстандықтар 683,2 млрд теңгеге осы сынды 17,6 млн транзакцияны жүргізген.

Байланыс үшін:

Досбол Арыстанбеков, ""Қазақстан Халық банкі"" АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 59 02 95, pr@halykbank.kz
www.halykbank.kz

 


[1] ranking.kz-те жарияланған ҚР Ұлттық банк деректері