Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Казкоммерцбанк» АҚ Акцияларын сату туралы ұсыныс

10.05.2024

Осы арқылы «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) (Қазақстан Республикасы, А26М3К5, Алматы қ., Медеу ауданы,Әл-Фараби даңғ., 40 үй) 2017 жылғы 05 шілде күні қайталама нарықта «Казкоммерцбанк» АҚ-тың 772 093 590 дана жай акциясын (772 093 590 дана дауыс беруші акциясын) (соның ішінде негізгі активі «Казкоммерцбанк» АҚ жай акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар нысанында) сатып алуына байланысты, және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағының талаптарын орындау мақсатымен «Казкоммерцбанк» АҚ қалған акционерлеріне (жай және артықшылықты акция ұстаушылары) оларға тиесілі «Казкоммерцбанк» АҚ-тың акцияларын, қоса беріліп отырған ""Казкоммерцбанк""АҚ акционерлері үшін ақпараттық хабарламада баяндалған келесі шарттарда сатуды ұсынады:

1. Сатып алуға ұсынылатын акциялардың түрлері: «Казкоммерцбанк» АҚ жай акциялары (НИН KZ1C00400016) (соның ішінде негізгі активі «Казкоммерцбанк» АҚ жай акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар) және «Казкоммерцбанк» АҚ артықшылықты ациялары (НИН KZ1P00400211) (соның ішінде негізгі активі «Казкоммерцбанк» АҚ жай акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттар) (бұдан әрі бірлесіп «Акциялар» деп, ал жеке «Жай акциялар» және «Артықшылықты акциялар» аталады).

2.   Акцияларды сатып алу бағасы: 1 (бір) Жай акция үшін 142,67 теңге және  1 (бір) Артықшылықты акция үшін 71,55 теңге, бұл 2017 жыл 4 шілденің алдындағы 90 күн ішіндегі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың орташа өлшемді бағасы болып табылады.

3. Жай акциялардың және/немесе Артықшылықты акциялардың ұстаушысы оған тиесілі Акцияларды сату туралы Банктің ұсынысын қабылдау құқығына ие мерзім: 2017 жыл 9 тамыз 18:00 дейін (Астана уақытымен) (оларды Банкке сату туралы ұсыныс жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде).

4. Акцияларды сатып алу шарттары: ұйымдаспаған нарықта.

Акцияларды Банкке сату мақсатында «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлері Банкке белгіленген мерзімде «Казкоммерцбанк» АҚ акцияларын сатуға өтініш беруі тиіс, өтініш осы ақпараттық хабарламаға қоса тіркеледі. 

«Казкоммерцбанк» АҚ акцияларын сатуға өтініш нысанын алу үшін Банктің корпоративтік веб-сайтына жүгіну және онда орналастырылған өтініштің электронды нысанын басып шығару қажет немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғ., 40 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың Бас офисінің немесе «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың облыстық/өңірлік филиалдарының Дербес сервис орталықтарының қызметкерлеріне жүгіну қажет, орталықтардың тізімін сілтеме арқылы алу мүмкін:

Акцияларды сату-сатып алу мәмілесін бекіту үшін «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлері Банкке, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін), акционердің-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы куәлігінің немесе анықтамасының көшірмесін, акционердің-заңды тұлғаның басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырулары тиіс. Бұл ретте Банк өзінің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінен Акцияларды сату-сатып алу мәмілесін бекіту үшін қажетті өзге құжаттарды беруді талап етуге құқылы.  

Қажетті мәліметтер көрсетілмеген, немесе белгіленген мерзімді бұза отырып берілген Өтініштерді қабылдаудан бас тартылуы мүмкін.  

Сатып алынатын Акциялардың төлемі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде ашылған Банктің есебіне сатып алынатын Акциялар қабылданғаннан кейін Банк тарапынан жүзеге асырылатын болады. 

Жоғарыда көрсетілген мерзімде «Казкоммерцбанк» АҚ акцияларын сатуға өз өтініштерін бермеген «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлері осы ұсыныстан бас тарты деп есептеледі.

Негізгі активі Жай акциялар, сондай-ақ Артықшылықты акциялар («ЖДҚ») АҚ болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттардың ұстаушылары осы ұсыныстың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін ЖДҚ-ды Акцияларға айырбастаған жағдайда «Казкоммерцбанк» АҚ қалған акционерлерімен тең жағдайда осы ұсынысты пайдалану құқығына ие. Осы ұсынысқа сәйкес кез келген осындай айырбасталған Акцияларды сату құқығын іске асыру үшін, ЖДҚ ұстаушысы оған тиесілі ЖДҚ айырбастау үшін, drglobaltransactions@bnymellon.com. эл. почтасы арқылы, ЖДҚ депозитарийі болып табылатын ""Бэнк оф Нью-Йорк Меллон"" (The Bank of New York Mellon) банкіне жүгінуі қажет. Банк сондай-ақ ЖДҚ ұстаушыларына олардан кез келген ЖДҚ және ЖДҚ-ң барлығын сатып алу бойынша жеке ұсыныстар жасады. 

Акцияларды сату туралы осы ұсыныстың бірде-бір ережесі кеңес немесе ұсыным түрінде қарастырылмауы тиіс. Осы Акцияларды сату туралы ұсынысқа байланысты қандай да бір шешім қабылдағанда немесе қандай да бір іс-әрекетті іске асырғанда, «Казкоммерцбанк» АҚ акционері кеңес алу үшін өзінің қалауынша заңгерлік, салықтық және қаржылық кеңесшіге жүгінуге құқылы.

Осы ұсынысқа сәйкес жасалған осы ұсыныс және Өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы ұсыныста және (немесе) онымен байланысты туындауы мүмкін болған барлық даулар немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының соттарында қаралуы тиіс.

Осы ұсынысқа байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, немесе қосымша ақпарат немесе ұсыныста көрсетілген құжатты алу қажет болған жағдайда, Топтың капиталын басқару департаментінің Директоры Анна Бородовицынаға мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (727) 259 05 99, +7 (727) 330 10 91; эл. почта halykbank@halykbank.kz.