Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – «Халық Банкі») Халық Банкінің директорлар кеңесі 2017 жылғы 11 шілдеде бұрын жарияланғандай, «Казкоммерцбанк» АҚ-ты (бұдан әрі - «Казкоммерцбанк») капиталын ұлғайту шаралары шеңберінде шығарылатын Казкоммерцбанктің

10.05.2024

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – «Халық Банкі») Халық Банкінің директорлар кеңесі 2017 жылғы 11 шілдеде бұрын жарияланғандай, «Казкоммерцбанк» АҚ-ты (бұдан әрі - «Казкоммерцбанк») капиталын ұлғайту шаралары шеңберінде шығарылатын Казкоммерцбанктің жай акцияларын басымдықпен сатып алу құқығын қолдану туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Осыған байланысты, 2017 жылғы 12 шілдеде Халық Банкі басымдықпен сатып алу құқығын пайдаланып, Халық Банкіне тиесілі, 96,81%-ға тең үлесіне пропорционалды Казкоммерцбанктің 1 296 698 676 дана жай акцияларын сатып алды, және де сатып алынған акциялар үшін 185 млрд. теңге сомасында төлеу жүргізді, ол сома Казкоммерцбанктің капиталында 2017 жылғы 12 шілде жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша ескеріледі.

Қосымша ақпарат алу үшін мына адамдарға хабарласуыңызды өтінеміз:
Бородивицына Аннаға +7 727 330 10 91
Қасенова Мираға +7 727 259 04 30
Карымсакова Карашашқа +7 727 330 01 92

Халык Группасы туралы
Қазақстандағы жетекші қаржылық топ, бөлшек сауданы қоса алғанда, шағын және орта бизнес, корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік және активтерді басқару сынды әртүрлі сегменттерде қызмет атқарушы.
5,201.1 млрд. тенгеге тең активтерді иелене отырып, Халық банкі жеке меншік капиталы және активтер мөлшері бойынша коммерциялық банк болып табылады. Halyk group сондай-ақ Ресейде, Грузияда және Қырғызстанда қызмет атқарады. Халық банк 1998 жылдан бастап Қазақстан Қор Биржасында және 2006 жылдан бастап Лондон Қор нарығында құнды қағаздар қатарына қосылды. Халық банкі ірі клиенттер базасы мен таралу желісі – еліміз бойынша 506 филиал мен бөлімшелері бар.