Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Bank Euromoney журналы тарапынан Қазақстандағы ең үздік банк болып танылды

10.05.2024

Лондонда 2017 жылдағы ерекше жетістіктері үшін Орталық және Шығыс Еуропадағы (Country Awards for Excellence 2017: Central & Eastern Europe) компанияларға беделді халықаралық «Euromoney» басылымынан тарту ететін марапаттарды ұсыну салтанаты орын алды. Қазақстандық қаржы институттары арасында ең үздік болып «Қазақстан Халық Банкі» АҚ танылды.
Қазақстандағы қаржы секторының қиын кезеңіне қарамастан жоғары кәсіби басқарудың арқасында Halyk Bank нарықта көшбасшылық деңгейді сақтап қалды. Портфель сапасы мен тәуекелдерге ерекше назар аудара отырып капитал табыстылығы 20%-дан төмен болмады. Банк барлық банктік бизнестің сегменттерінде белсенді түрде атсалысып бөлшек сауда, корпоративтік және ШОБ-те әмбебап коммерциялық банк ретінде дамып отырғандығын сарапшылар атап өтті.

""Қазақстан Халық банкі"" АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша: халықаралық беделді «Euromoney» басылымының тарапынан соңғы жылдары Қазақстандағы ең үздік банк деген атағымен марапатталуымыз дәстүрге айналды және Halyk тобының қарқынды түрде дамуы осының дәлелі. Қазкомды иелену мәміле қорытындысы бойынша Halyk group ТМД елдері арасында мөлшері жағынан үшінші орынды иеленген жеке меншік қаржы тобы болып есептеледі және өз стратегиясының жүзеге асырылуын дамытуды одан ары жалғастырады, онымен қоса банк топ-менеджменті негізгі ұстанымды сақтай отырып салымшылардың, клиенттердің, серіктестердің және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның акионерлік құны жоғарылауын, сондай-ақ біздің инвестерлар мен акционерлердің сенімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Басылым сарапшылары қаржы институтының меншікті капитал мөлшері, таза пайда, операциялық шығындардың операциялық табыстылығына қатынасы тәрізді көрсеткіштерге назар аударатындығы тиімді екендігін атап өтті. ""Euromoney"" марапатты тағайындау туралы шешімді, нарық қатысушылары және банк секторларының жыл бойы кең көлемдегі зерттеулері және өңірдегі борыштық капитал нарығындағы сарапшылардың жүргізген егжей-тегжейлі есептің талдау нәтижелері бойынша алынып қабылданады.


«Қазақстан Халық банкі» АҚ PR-қызметі:
тел. +7 727 2 590 295, pr@halykbank.kz
www.halykbank.kz