Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Казтелепорт» АҚ Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымының төлемдік ұйым мәртебесін алуы туралы

10.05.2024

Осы арқылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Казтелепорт» АҚ «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4-тармағына сәйкес төлемдік ұйым ретінде есептік тіркеуден өткені және тіркеу нөмірі берілгені туралы хабарлайды.
«Казтелепорт» АҚ «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мынадай төлемдік қызметтерді:

- клиент электронды түрде бастамалаған төлемдерді өңдеу және төлемдер жүргізу және (немесе) осы төлемдер бойынша ақша аудару немесе қабылдау үшін қажетті ақпаратты банкке, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізетін ұйымдарға ұсыну қызметін көрсетуге құқылы.
«Казтелепорт» АҚ Халық Банкі мен оның еншілес ұйымдарына телекоммуникациялық қызметтердің кеңейтілген шоғырын, банктерге авторластырылған сұратуларды бағыттау бойынша процессингтік қызметтерді ұсынады. «Казтелепорт» АҚ Қазақстандық Банкаралық Есептер Орталығына және «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-қа, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ға байланыс арналарын ұсынатын Қазақстан Республикасындағы оператор болып табылады.

«Казтелепорт» АҚ активтері 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1 813 млн. теңгені құрайды. 2017 жылғы 1 жарты жылдықтың қорытындысы бойынша таза кіріс 192,6 млн. теңгені құрайды.