Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Bank және қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

10.05.2024

Бүгін Астанада «Қазақстан Халық банкі» АҚ (бұдан әрі– «Банк») және «Қазпошта» АҚ (бұдан әрі– «Компания») арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.          

Қол қою рәсіміне «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов және «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова қатысты. Атаулы құжат Халық банкі мен Halyk Group Қазпошта үшін қызмет көрсету бөлігінде Банк және Компанияның өзара ынтымақтастықты дамыту бойынша және Қазпошта агенттік, пошта, сондай-ақ өзге де қызметтерді Халық банкіне жекелеген бағыттар бойынша қызмет көрсету ниеттін сипаттайды. Атап айтқанда, Қазпошта жеке тұлғаларға банк өнімдерін сату туралы - депозиттер, кредиттер және өзге де өнімдерді халықтың қажеттіліктеріне байланысты Халық банкі бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде автоматтандырылған Компания бөлімшелерінде ұсынылады. Сондай-ақ Халық банкінде ашылған шоттарға жеке тұлғалардың төлемдерін Қазпошта бөлімшелерінде қабылданып және өз кезегінде оны аудару мүмкіндіктері екі жақты қарастырылуда. Халық банкі және Қазпошта өкілдері банк клиенттеріне төлем карточкаларды жеткізу, хат-хабарларды алушыға дейін жеткізу бойынша пошталық қызмет, соның ішінде, поштаматтар арқылы альтернативті жеткізу қызметі бөлігінде ынтымақтастықты орнату жайлы талқылауда. Меморандум аясында Қазпоштаның инкассация қызметін көрсету мүмкіндігі бойынша, соның ішінде, Банк бөлімшелерінен алшақ орналасқан аудан орталықтарында қайта есептеу және қолма-қол ақшаны сақтау мәселелері қаралады.

Қазақстан Халық банкі басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, «Біз Қазпоштамен жағымды серіктестікті орнатуды көздеп отырмыз, бұл шығындарды қысқарту үдерісі бөлімінде екі жаққа тиімді, мұндай үлкен Халық тобы және Қазпошта тәрізді компанияға бұл өте өзекті болып табылады. Біз Халық банк ретінде бұл ынтымақтастықтан алатынымыз, кейде ауылдық жерлерде бізге өкілдікті ашу тиімсіз, бірақ халыққа әрине сөзсіз қаржылық қызметке қолжетімділік қажет, осы тарапта Қазпоштамен бірлесе отырып біз бұл мәселені шеше аламыз. Қазпошта қаладағы біздің ауқымды филиалдар желісі мен бұқаралық клиенттік бөлшек базамыздан пайда табады, ынтымақтастықтан синергетикалық әсер болуы анық».

""Қазпочта агенттік қызметтерді белсенді дамытуда. Біз екінші деңгейлі банктердің,сақтандыру, ТЖ/әуебилеті және ЕХРО-ға билеттерді  сату агенті болып табыламыз. Қазірдің өзінде қазақстандықтар еліміз бойынша барлық автоматтандырылған Қазпошта бөлімшелерінде кредит және депозитті рәсімдей алады. Соның ішінде 62%-ы ауылдар мен аудандарда орналасқан. Енді шартты рәсімдеу үшін қалаға шығудың қажеттілігі жоқ, мысалы  ҚТҚЖБ-ға. Біздің операторлар тиісті оқытулардан өтіп, депозиттерді ашу және кредиттеу бағдарламасын іріктеу бойынша қызмет ұсынады.

Біз бүгін стратегиялық серіктесіміз - Қазақстан Халық банкімен келісімге қол қойып және қызметтер Қазпошта бөлімшелерінде де ұсынылатын болады. Осылайша біз әрбір Қазақстан тұрғынына еркін қаржылық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Төлемдерді қабылдаудан басқа банк клиенттеріне карточкаларды жеткізу, поштамат арқылы альтернативті жеткізу, инкассациялау, әсіресе банк бөлімшелерінен шалғайда орналасқан аудан орталықтарында қайта есептеу және қолма-қол ақшаны сақтауды жоспарлап отырмыз», - деп Қазпошта АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов атап өтті.

Осы жобаларды іске асыру екі тараптың бірлесе жұмыс атқаруын талап етеді, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау. Тиісінше, жобаларды енгізу тараптардың техникалық дайындығына қарай жүзеге асырылады және тиісті келісім шарттар жасасуына байланысты болады.

Айта кету керек, Қазақстан Халық банкінің және Қазкоммерцбанктің біріккен филиалдық желісі филиалдарды қоса алғанда 748 сату арналарын құрайды. 2017 жылғы 1 тамыздағы көрсеткіштер бойынша Halyk Bank клиенттер саны -  7.5 млн клиент, ал Qazkom – 5.4 млн құрайды.

Қазпошта филиалдық желісі 3 400 бөлімшені ұсынады, бұл Қазақстан бойынша 23 мың қызметкер. Бұл ретте, Казпошта клиенттерінің 70%-ы ауылды жерлерде тұрады.

Анықтама үшін

Halyk Bank – ең ірі жүйеқұраушы әмбебап коммерциялық банк, активтердің мөлшері және меншікті капитал бойынша Қазақстанда №1, Халық тобы– ТМД-да активтердің көлемі бойынша жеке меншік қаржы тобы ретінде үздік үштікке кіреді.

Қазпошта АҚ – пошталық, агенттік және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасындағы пошталық байланыстың ұлттық операторы. Қазпошта АҚ дүниежүзілік пошта одағының құрамында, PostEurop еуропалық пошта операторларының Қауымдастығының мүшесі. VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің қатысушысы. Компанияның жалғыз акционері - ""Самұрық-Қазына"" АҚ болып табылады.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ PR-қызметі:
тел. +7 727 2 590 295, pr@halykbank.kz, www.halykbank.kz
«Казпошта» АҚ Баспасөз қызметі:
+7 (7172) 611 699 (ішкі телефон нөмірі 1104,1020), pr@kazpost.kz
www.post.kz