Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазкоммерцбанк» АҚ акцияларын сатып алу туралы тендерлік ұсыныс нәтижелерін жариялау

10.05.2024

2017 жылғы 10 тамыз

«Қазақсатн Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы

ТЕНДЕРЛІК ҰСЫНЫС НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАУ

2017 жылғы 10 шілде күні «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Компания») «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының барлық ықтимал кәдімгі және артықшылықты акцияларын сатып алу туралы міндетті тендерлік ұсынысқа бастама көтеріп, сондай-ақ осы тендерлік ұсынысты 2017 жылғы 10 шілдедегі тендерлік ұсыныс меморандумында («Тендерлік ұсыныс меморандумы») берілген шарттармен және талаптарын ескеріп, осындай жай акцияларға («Кәдімгі ЖДҚ») ие жаһандық депозитарлық қолхаттарға және сондай артықшылықыты акцияларға ( «ЖДҚ» деп аталатын Кәдімгі ЖДҚ-мен бірге «Артықшылықты ЖДҚ») ие жаһандық депозитарлық қолхаттарға таратты.
Қолданылатын, бірақ осы хабарландыруда ұғымы жоқ бас әріппен берілген терминдер Тендерлік ұсыныс туралы меморандумда көрсетілген мәнге ие болады.
Компания осы арқылы ЖДҚ ұстаушыларға төмендегі кестеде көрсетілген, Сатып алынатын бағаға сәйкес тиісті түрде берілген ЖДҚ-ны сатып алуға қабылдағаны туралы хабарлайды:

ЖДҚ

ЖДҚ саны

1 ЖДҚ үшін сатып алу бағасы (US$)

Жиынтықта сатып алу бағасы (US$)

Regulation S
Кәдімгі ЖДҚ
(CUSIP: 48666E608)
(ISIN: US48666E6086

3 081 522

0,86

2 650 108,92

 

Regulation S
Артықшылықты ЖДҚ
(CUSIP: 48666E301)
(ISIN: US48666E3018)

14 655 549

0,43

6 301 886,07

 

Халық банкі 2017 жылғы 14 тамыздан кешіктірмей Тендерлік агентке Айырбастау бағамы бойынша теңгеден айырбасталған АҚШ долларымен жиынтықта Сатып алынатын бағаны аударады. Тендерлік агент төлем жасалатын күні және Сатып алынатын бағаны алғаннан кейін салықтар мен басқа да мемлекеттік алымдары шегерілгенде, Тендерлік ұсыныс аясында ЖДҚ сатып алуға қабылданған ЖДҚ ұстаушыларға әрі қарай төлеу үшін Тендерлік ұсыныс туралы меморандумның талаптарына сәйкес Клирингтік жүйелерге Сатып алынатын бағаны аударады. Кез келген салықтары мен басқа да мемлекеттік алымдары ескерілгенде, тиісті Сатып алынатын бағаны Клирингтік жүйеге сәйкес келетін рәсімдерге сәйкес ЖДҚ ұстаушыларға өтінім бергендер төлейді.
АҚШ долларымен Сатып алынатын бағаны есептеу үшін қолданылатын айырбастау бағамы (2017 жылғы 9 тамыздағы бизнес жабылатын сәтке қолданыстағы Қазақстанның Ұлттық банкі белгілеген теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы кезінде) 1 АҚШ доллар үшін 332,19 теңге құрайды.
Тендерлік ұсыныс өтіп кетті, ЖДҚ ұстаушылардан сатып алуға басқа өтінімдер қабылданбайды.
Тендерлік ұсыныс туралы толық ақпаратты Тендерлік агенттен алуға болады:
The Bank of New York Mellon
drprojectalpha@bnymellon.com
Толық ақпарат алу үшін келесі тұлғаларға хабарласыңыз:
Халық Банкі
Мира Касенова: +7 727 259 04 30
Елена Перехода: +7 727 330 17 19
Халық тобы туралы
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен оның еншілес компаниялары (бірлесіп «Халық тобы») бөлшектеп сатылатын қызметтерді, ШОБ және корпоративтік банкингті, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызмет көрсету мен активтерді басқаруды қоса, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстанның қаржы қызметтерінің жетекші тобы болып табылады. Сондай-ақ Халық тобы Грузияда, Қырғызстанда және Ресейде жұмыс істейді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ активтерінің жалпы көлемі 5,201,1 млрд. теңгемен ең ірі қазақстандық кредитор болып табылады. Банк ең үлкен клиенттік базаға және Қазақстандағы ең ауқымды филиалдар желісіне ие, оның ішінде 506 филиал мен бөлімше бүкіл елде орналастырылған. Халық Банк Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан және Лондон қор биржасында 2006 жылдан тіркелген.


• БҰЛ ХАБАРЛАМА КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯДА КЕЗ КЕЛГЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДЫ САТУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС НЕМЕСЕ САТЫП АЛУҒА, АЙЫРБАСТАУҒА НЕМЕСЕ ЖАЗЫЛУҒА ШАҚЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ, ОҒАН АРНАЛМАҒАН, БІЛДІРМЕЙДІ. БҰЛ ХАБАРЛАМА ПРОСПЕКТ НЕМЕСЕ ОҒАН ҰҚСАС ҚҰЖАТ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ.
БҰЛ ХАБАРЛАМАНЫ БІРІККЕН КОРОЛЬДІКТЕН БАСҚА ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА БАСЫП ШЫҒАРУ, ЖАРИЯЛАУ НЕМЕСЕ ТАРАТУ ЗАҢНАМАМЕН ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН ЖӘНЕ СОЛ СЕБЕПТІ БІРІККЕН КОРОЛЬДІКТЕН БАСҚА КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ЗАҢДАРЫНА БАҒЫНАТЫН ТҰЛҒАЛАР ХАБАРДАР БОЛУЫ ТИІС ЖӘНЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҚОЛДАНЫЛҒАН ТАЛАПТАРДЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ САҚТАУЫ ТИІС. БҰЛ ХАБАРЛАМА АҒЫЛШЫН ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ МҰНДА АШЫЛАТЫН АҚПАРАТ, ЕГЕР БҰЛ ХАБАРЛАМА АНГЛИЯДАН БАСҚА КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫНА СӘЙКЕС ӘЗІРЛЕНСЕ, ОНДАЙ БОЛМАУЫ МҮМКІН.