Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Казкоммерцбанк» АҚ акцияларын сату туралы өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталғаны туралы ақпараттық хабарлама

10.05.2024

2017 жылғы 10 тамыз

«Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) (Қазақстан Республикасы, А26М3К5, Алматы қ., Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 40-үй) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес 2017 жылдың 10 шілдесінде жарияланған, «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінен оларға тиесілі жай және артықшылықты акцияларды, сондай-ақ базалық активтері «Казкоммерцбанк» АҚ-тың шығарылған жай және артықшылықты акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттарды сату туралы өтініштерді қабылдау мерзімінің 2017 жылғы 09 тамыз күні алматы уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталғанын хабарлайды.
«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің берген өтініштерін өңдеу қорытындысы бойынша Банк бір акция үшін 142,67 теңге бағамен жай акцияның 13 687 609 данасын, бір акция үшін 71,55 теңге бағамен артықшылықты акциялардың 130 521 данасын, базалық активтері «Казкоммерцбанк» АҚ-тың шығарылған жай акциялары болып табылатын, бір дана үшін 0,86 АҚШ доллары бағамен 3 081 552 жаһандық депозитарлық қолхатты және базалық активтері «Казкоммерцбанк» АҚ-тың шығарылған артықшылықты акциялары болып табылатын, бір дана үшін 0,43 АҚШ доллары бағамен 14 655 549 жаһандық депозитарлық қолхатты ұстаушылардан өтініш алғанын, бұл 2017 жылғы 10 шілдеде айналымда болған «Казкоммерцбанк» АҚ-тың артықшылықты акцияларынан 2,49%-ды және 2017 жылғы 10 шілдеде айналымда болған «Казкоммерцбанк» АҚ-тың жай акцияларынан 23,63%-ды құрағанын хабарлаймыз.
«Казкоммерцбанк» АҚ-тың жай және артықшылықты акцияларын, сондай-ақ базалық активтері Казкоммерцбанк» АҚ-тың шығарылған жай және артықшылықты акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттарды сатып алу-сату мәмілелерінің ұйымдастырылмаған нарықта жасалуы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес іске асырылады.
Әрбір акционер рұқсаттардың, мақұлдаулардың, келісулердің уақтылы алынғаны және оларға тиесілі «Казкоммерцбанк» АҚ акцияларын сату үшін қажетті өзге іс-әрекеттердің жасалғаны (акцияларды есептен шығару және есепке қосу үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-тың немесе «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-тың ұсынуын қосқанда), сондай-ақ кез келген комиссиялардың, алымдар мен салықтардың төленгені үшін дербес жауап береді.

«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлеріне бағалы қағаздар үшін ақы төлеу, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің талаптарына сәйкес, егер мұндай салық Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген болса, төлем көзінен салық ұстау арқылы жүргізіледі.
Өзара есеп айырысуды толық жүргізу туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосымша хабарланады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz