Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

2017 жылғы 1 жарты жылдық пен 2 тоқсанға қаржылық нәтижелерді жариялау бойынша телеконференцияға шақыру

10.05.2024

2017 жылғы 16 тамыз

«Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы

2017 жылғы 22 тамыз күні Лондон уақыты бойынша сағат 14:00/Алматы уақыты бойынша сағат 19:00 «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы (Халық Банкі) (Лондондық Қор биржасындағы тикері: HSBK) талдаушылар мен инвесторлар үшін 2017 жылғы 1 жарты жылдық пен 2 тоқсанға аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық нәтижелерді жариялау бойынша Банк топ-менеджментімен телеконференция өтеді. 2017 жылғы 1 жарты жылдық пен 2 тоқсанға аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық нәтижелер 2017 жылғы 21 тамызда баспада жарияланады.

Телеконференцияға келесі телефон нөмірлері бойынша қосылуға болады:

Ұлыбритания: +44 330 336 9105

Ресей: +7 495 213 1767

Пароль: Halyk Bank

Қатысушылар телеконференция басталғанға дейін 5-10 минут бұрын тіркелуі тиіс. Телеконференция ағылшын тілінде өтеді.

Вэбкаст мына сілтеме бойынша мүмкін:

http://www.audio-webcast.com/cgi-bin/visitors.ssp?fn=visitor&id=4937

Презентация 2017 жылғы 22 тамыздан бастап мына сілтеме бойынша қолжетімді болады:

https://halykbank.kz/investor_presentations_ және жоғарыда аталған сілтеме бойынша вэбкаст сайтында.

Телеконференцияны тыңдай алмағандар үшін жоғарыда аталған сілтеме 2018 жылғы 22 тамызға дейін вэбкастта қолжетімді болады.

- СОҢЫ -

Қосымша ақпарат үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ хабарласыңыз:

Мира Касенова +7 727 259 04 30
Елена Перехода +7 727 330 17 19