Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

2017 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айға шоғырландырылған қаржылық нәтижелер

10.05.2024

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – «Банк») (Лондон Қор Биржасындағы тикері: HSBK) 2017 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айға шоғырландырылған аралық қаржы нәтижелерін жариялайды.

Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша:

«2017 жылдың өткен жеті айы Халық Банкі үшін төтенше оқиғаларға толы болды. Біріншіден біз Қазақстанның банк секторында  сөзсіз көшбасшы болып әрі нарықтықтағы орнымызды одан әрі нығайта түсіп, «Казкоммерцбанк» АҚ акцияларының соңғы пакетін сатып алудағы мәмілені аяқтадық.   Бұл сатып алуға халықаралық рейтингтік агенттік Moody's оң баға берді - Moody's Халық рейтингін «Ba1» дейін көтеріп, «жағымсыз» болжамды «тұрақтыға» ауыстырды.  Сонымен қатар S & P  рейтингтік агенттігі Банктің кредиттік рейтин гін «BB» деңгейінде растады. 2017 жылғы 7 маусымдағы айтулы оқиғалардың ішіндегісі біз заңдық тұрғыда міндетті болатын  China CITIC Bank Corporation Limited және China Shuangwei Investment Co., Ltd. мен Алтын Банктің акционерлік капиталындағы 60% үлесін сату туралы транзакциялық келісімдерге қол қойдық. 2017 жылғы 3 мамыр күні  Halyk Bank 638 млн. $ сомасына еврооблигациялардың шығарылымын толығымен өтеді. Біздың қаржылық есептілігімізден көрініп тұрғандай, Халық қомақты көлемдегі пайданы тудыруды жалғастырып келеді – бірінші алты айда біз 78.9 млрд. теңге пайда тауып, капиталдық тұрғыдағы орнымыз ең төменгі белгіленген деңгейлерден әлдеқайда жоғары болып қалдырылды, біз алымдарымыз бен активтеріміздің сапасын қатаң бақылауды жалғастырамыз. Мен осы тірліктің бәрін, біздің компаниямыз осы жылы да жасайтынына нық сенімдімін, бұл біздің бизнесіміз үшін, сол сияқты қалған барлық мүдделі тараптардың игілігі үшін жасалады.».

Банк 2017 жылғы 7 маусымда China CITIC Bank Corporation Limited және China Shuangwei Investment Co., Ltd. мен Алтын Банктің акционерлік капиталындағы 60%-ды сату туралы келісімге қол қойды. Алтын Банкке инвестициялар 2017 жылғы 30 маусымдағы ахуал бойынша сату үшін арналған активтерге ХҚЕС (IFRS) 5 сай қайта жіктелген еді.  2016 жылдың алты айына  және 2016 жылдың 2 тоқсанына пайда мен шығындар туралы есеп тиісті түрде қайта есептелді. 2017 жылғы 31 наурыздағы және 2016 жылғы жай-күй бойынша қаржылық жағдай туралы есеп өзгеріссіз қалды. Алдыңғы кезеңдермен салыстыру мақсатында пайда мен шығын туралы есеп, сол сияқты қаржылық жағдай туралы есеп осы пресс-релизде Алтын Банктің инвестицияларымен бірге қайта жіктелудің жүргізілмегені ретінде берілді.

Қаржылық шолу

2017

6 ай

2016

6 ай

Өзгеріс, абс

6 айға өзгеріс-тер

 2016, %

2017

2 тоқсан

2016

2 тоқсан

Өзгеріс, абс

2016

2 тоқсан

ға өзгерістер, %

Пайыздық кірістер

196,838

167,532

29,306

17.5%

100,629

88,401

12,228

13.8%

Пайыздық шығыстар

-91,497

-83,684

-7,813

9.3%

-45,197

-41,723

-3,474

8.3%

Құнсыздануға резервтерді аударуға дейінгі таза пайыздық кіріс

105,341

83,848

21,493

25.6%

55,432

46,678

8,754

18.8%

Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер

30,782

28,341

2,441

8.6%

16,031

14,885

1,146

7.7%

Қызметтер мен комиссиялар бойынша шығыстар

-6,641

-6,484

-157

2.4%

-3,481

-3,281

-200

6.1%

Қызметтер мен комиссиялар бойынша таза табыс

24,141

21,857

2,284

10.4%

12,550

11,604

946

8.2%

Сақтандыру қызметінен түскен кірістер(1)

1,202

1,140

62

5.4%

563

1,064

-501

-47.1%

Шетел валютасымен жасалатын операциялар (2)

14,561

7,874

6,687

84.9%

-572

8,318

-8,890

-106.9%

Туынды құралдардан және БҚ-дан түскен табыс (3)

-7,059

-3,554

-3,505

-98.6%

4,212

-6,775

10,987

162.2%

Өзге пайыздық емес табыстар

2,298

2,761

-463

-16.8%

1,409

1,831

-422

-23.0%

Құнсыздану бойынша резервтерге бөлу (4)

-10,440

-10,698

258

-2.4%

-5,586

-6,193

607

-9.8%

Берілген аккредитивтер мен кепілдіктердің резервтерінің орнын толтыру / (құру)

336

40

296

740.0%

94

151

-57

-37.7%

Операциялық шығыстар

-41,298

-34,184

-7,114

20.8%

-22,477

-16,625

-5,852

35.2%

Табыс салығы бойынша шығыстар

-10,200

-11,947

1,747

-14.6%

-5,225

-5,839

614

-10.5%

Таза кіріс

 78,882

 57,137

21,745

38.1%

 40,400

34,214

6,186

18.1%

Таза пайыздық маржа, жылдығы

5.5%

5.6%

 

 

5.7%

6.0%

 

 

Орташа меншікті капиталға қайтару (ROAE), жылдығы

22.2%

20.8%

 

 

22.1%

24.2%

 

 

Орташа активтерге қайтару (ROAE), жылдығы

3.0%

2.6%

 

 

3.1%

3.1%

 

 

Операциялық кірістерге қатысты операциялық шығындар қатынасы

28.3%

29.2%

 

 

29.4%

25.7 %

 

 

Тәуекел құны, жылдық

0.9%

0.9%

 

 

1.0%

1.0%

 

 

1)        сақтандыру шығыстарын (сақтандыру төлемдерінің сомасы, агенттерге резервтерді қамтамасыз ету және комиссиялық сыйақы шығындары) шегергенде, сақтандыру қызметінен түсетін кірістер (сақтандыру сыйлықақыларының сомасы, брутто, қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары, ақталмаған сыйлықақы резервтерін өзгерту, нетто);

2)        шетел валютасымен жасалатын операциялардан түсетін таза пайда;

3)        Пайда мен шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша таза пайда және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардан түскен  айналдырылған пайда/(шығын);

4)        клиенттерге берілген заемдарды, кредиттік мекемелердің қаражаты, қолда бар, сатуға арналған бағалы қағаздардың және өзге де активтерді қоса алғанда, құнсыздануға арналған резервтерге аударымдардың жалпы сомасы.

2016 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда пайыздық кіріс 17.5%-ға өсті. Бұл пайыздық активтердің орташа қалдықтарының 28.0%-ға ұлғаюы және клиенттерге берілген заемдар бойынша орташа пайыздық мөлшерлеменің 12.9%-дан 13.1% дейін өсуіне байланысты болды. Пайыздық активтердің орташа қалдықтарының өсімі негізінен 2016 жылдың 2-тоқсанынан бастап Банк сатып алған ҚРҰБ ноталары есебінен болды. Пайыздық шығыстар 2016 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 9.3%-ға өсті. Бұл клиенттердің қаражаты бойынша орташа қалдықтың 21.1%-ға ұлғаюы және олар бойынша орташа мөлшерлеменің жылдық  3.7%-дан жылдық 3.8%-ға дейін өсуімен байланысты болды.   

Нәтижесінде, құнсыздануға арналған резервтерге аударылуға дейінгі таза пайыздық кіріс 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығымен салыстырғанда 105.3 млрд. теңгені құрап, 25.6% -ға өсті.

Таза пайыздық маржа 2017 ж. 1-ші жарты жылдықпен салыстырғанда  5.5%-ға дейін ұлғайды. 2016ж. 1-ші жарты жылдық үшін 5.6%-бен салыстырғанда, таза кіріс өсімімен салыстырғандағы төмен кірістегі пайыздық активтердің өсімінің есебінен басым түсті. Таза пайыздық маржа 2017 жылғы 3 мамырда жылдығы 7.25% купондық мөлшерлемемен 638 млн. АҚШД мөлшеріндегі еврооблигациялардың өтелуінің және пайыздық активтер бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелердің 2017 ж. 2-ші  тоқсандағы өсімінің нәтижесінде 2017 ж. 1 тоқсан үшін жылдығы 5.2% салыстырғанда 2017 ж. 2-ші тоқсан үшін жылдығы 5.7% пайызға дейін өсті.

Қамтамасыз етуге арналған резервтерге аударымдар негізінен портфель сапасын тұрақтандыру есебінен  2016 ж. 1-ші жарты жылдығымен салыстырып алғанда 2.4%-ға азайды. Тәуекелдің құны 2016ж. 1-жарты жылдығы үшін жылдығы 0.9%-бен салыстырып алғанда 2017 ж.  1-жарты жылдықта жылдық 0.9%-ды құрады.

Қызметтер бойынша кірістер мен комиссиялар негізінен банктік аударымдар,  кассалық операциялар мен төлем карточкаларына қызмет көрсетуге қатысты Банктің транзакциялық бизнесінің өсіп келе жатқан көлемінің нәтижесінде 2016 ж. 1-ші жарты жылдықпен салыстырып алғанда 8.6%-ға өсті.

Өзге пайыздық емес кірістер (сақтандыру шегерумен) 2016ж. 1-жартылдықтағы 7.1 млрд. теңгемен салыстырғанда, 2017ж. 1-жартыжылдығында 9.8 млрд. теңгеге дейін өсті. Өсу негізінен шетел валютасымен жасалған операциялардан түскен таза пайда салдарынан және 2017 ж. 1-тоқсанындағы теңгенің нығаюына байланысты АҚШ долларымен қысқа баланстық жайғасымның оң қайта бағалануы нәтижесінде болды. Өсу кіріс пен шығыс арқылы әділ құны бойынша есептелетін қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша таза шығынмен негізінен 2017ж. 1-тоқ. теңге бағамы нығаюы есебінен туынды қаржылық құралдарды және сауда-саттық операцияларды қайта есептеудің баланстан тыс көрсетілетін АҚШ доллар/теңге жұбындағы валюталық своптар)  салдарынан ішінара ұсталып тұрды.

Операциялық шығыстар 2016ж. 1-жартыжылдығымен салыстырғанда, негізінен жалақы мен сыйлықақыны және кәсіби қызметтерге шығыстарды ұлғайту есебінен 20.8%-ға өсті. Жалақы мен сыйлықақы бойынша шығыстар 2016ж. 1-жартыжылдығымен салыстырғанда, 2017ж. 1-жартыжылдықта есепке алынған бонустар бойынша одан жоғары резервтері және 2017ж. 1 маусымынан бастап жалақыны көтеру салдарынан өсті. Кәсіби қызметтерге шығыстардың өсуі «Казкоммерцбанк» АҚ-ты сатып алумен және «Altyn Bank» АҚ акцияларының 60%-ын сатумен байланысты сыртқы кеңесшілерге шығыстардың салдарынан орын алды.

Операциялық шығыстардың операциялық кіріске қатынасы 2016ж. 1-тоқсандағы 29.2%-бен салыстырғанда операциялық кірістің өсуі салдарынан 28.3%-ға дейін төмендеді. Операциялық кіріс 2017ж. 1-жартыжылдығында қызметтер мен комиссиялар бойынша одан жоғары пайыздық кіріс, таза кіріс және бағамның оң айырмашылығы есебінен 24.7%-ға өсті. Операциялық шығыстардың операциялық кіріске қатынасы 2016ж. 2-тоқсанындағы 25.7%-бен салыстырғанда операциялық кіріске қарағанда операциялық шығыстардың жылдам өсуі салдарынан 29.4%-ға дейін өсті.

Қаржылық жағдай туралы қысқартылған аралық шоғырландырылған есеп  

 

30-маус-17

31-наур-17

31-желт-16

Өзгеріс, абс

Өзгеріс, %

Өзгеріс, абс

Өзгеріс, %

Активтердің барлығы  

5,275,683

5,201,147

5,348,483

-72,800

-1.4%

74,536

1.4%

Ақша қаражаттары мен олардың баламалары

1,489,116

1,562,623

1,850,641

-361,525

-19.5%

-73,507

-4.7%

Кредиттік мекемелердегі қаражат

35,244

38,774

35,542

-298

-0.8%

- 3,530

-9.1%

ҚР Қарж. Мин. қазынашылық вексельдері мен ҚРҰБ ноталары

863,993

846,938

586,982

277,011

47.2%

17,055

2.0%

Өзге ББ мен туынды құралдар

369,687

318,477

341,379

28,308

8.3%

51,210

16.1%

кредиттік портфель, брутто

2,576,852

2,499,801

2,604,335

-27,483

-1.1%

77,051

3.1%

Құнсыздануға резервтер

-284,814

-280,260

-284,752

-62

0.0%

-4,554

1.6%

Кредиттік портфель, нетто

2,292,038

2,219,541

2,319,583

-27,545

-1.2%

72,497

3.3%

Өзге активтер

225,604

214,794

214,356

11,248

5.2%

10,810

5.0%

Міндеттемелердің барлығы

4,520,902

4,491,474

4,682,890

-161,988

-3.5%

29,428

0.7%

Депозиттердің жиынтығы, соның ішінде:

3,881,008

3,617,073

3,820,662

60,346

1.6%

263,935

7.3%

  жеке тұлғалардың депозиттері

1,738,335

1,694,886

1,715,448

22,887

1.3%

43,449

2.6%

           мерзімдік салымдар

1,485,685

1,471,137

1,470,536

15,149

1.0%

14,548

1.0%

           ағымдағы шоттар

252,650

223,749

244,912

7,737

3.2%

28,900

12.9%

  заңды тұлғалардың депозиттері

2,142,674

1,922,187

2,105,214

37,460

1.8%

220,487

11.5%

           мерзімдік салымдар

1,085,618

1,148,682

1,267,589

-181,971

-14.4%

-63,064

-5.5%

           ағымдағы шоттар

1,057,056

773,505

837,625

219,431

26.2%

283,551

36.7%

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

383,602

564,453

584,933

-201,331

-34.4%

-180,851

-32.0%

Кредиттік мекемелердің қаражаты

139,967

186,694

162,134

-22,167

-13.7%

-46,727

-25.0%

Өзге міндеттемелер

116,325

123,254

115,161

1,164

1.0%

-6,929

-5.6%

Капитал

754,781

709,673

665,593

89,188

13.4%

45,108

6.4%

 

 

 

 

 

 

 

 

NPL 90+

10.2%

10.9%

10.2%

 

 

 

 

Резервтеу деңгейі

11.1%

11.2%

10.9%

 

 

 

 

2017ж. 1-жартыжылдығында активтер 2016ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда, негізінен 2017ж. 1-тоқ. ішінде теңгенің АҚШ долларына бағамының нығаюы салдарынан баланстың валюталық баптарын теріс қайта бағалау есебінен 1.4%-ға төмендеді.

2016ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда, клиенттерге арналған қарыздар брутто негізде 1.1%-ға және нетто негізде 1.2% төмендеді. Несиелік портфельдің төмендеуі өтелген қарыздардың жаңадан берілген қарыздардан артық болуы, сондай-ақ 2017ж. 1-тоқ. ішінде теңгенің АҚШ долларына бағамының нығаюы салдарынан шетел валютасында деноминацияланған қарыздардың баланстық құны азаюы салдарынан орын алды.  2017ж. 1-тоқсанында клиенттерге арналған қарыздар брутто негізде 3.1%-ға өсті және нетто негізде 3.3%-ға өсті. Несиелік портфель барлық бизнес-сегменттерде өсті: корпоративтік несиелік портфель – на 1.4%-ға, ШОБ несиелік портфелі – на 10.8%-ға және бөлшек несиелік портфель – на 3.3%-ға.

NPL 90+ 2017ж. 31 наурыздағы 10.9%-бен салыстырғанда 10.2%-ға дейін төмендеді және 2016ж. 31 желтоқсандағы 10.2%-бен салыстырғанда, бұрыңғы деңгейінде қалды. 2017 ж. 2-тоқсасында NPL 90+ төмендеуі негізінен кейбір корпоративтік клиенттердің мерзімі кешіктірілген қарыздарды өтеуі, бөлшек бизнестің проблемалық қарыздарын есептен шығару және кредиттік портфельді ұлғайту есебінен орын алды.

Құнсыздануға резервтер негізінен кейбір құнсызданған қарыздарға қарсы жасалған қосымша резервтер және 2017ж. 2-тоқсанда теңгенің әлсізденуі салдарынан шетел валютасында деноминацияланған қарыздарға қарсы жасалған резервтерді оң қайта бағалау есебінен 2016ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда, дәл сол деңгейде қалды, және де 2017 ж. 1-тоқсанмен салыстырғанда 1.6%-ға ұлғайды.

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2016ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанда негізінен 2017ж. 1-жартыжылдықтың ішінде жаңа депозиттердің түсімі нәтижесінде сәйкесінше 1.8% және 1.3%-ға ұлғайып, 2017ж. 1-тоқ. ішінде теңгенің бағамы АҚШ долларына қатысты бағамының нығаюы есебінен шетел валютасында деноминацияланған депозиттерді теріс қайта бағалаудың салдарынан ішінара тоқтатылды. 2017ж. 30 маусымда корпоративтік депозиттердің жалпы сомасындағы теңгеде деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі 2017ж. 31 наурыздағы 46.7%-бен және 2016ж. 31 желтоқсандағы 36.8%-бен салыстырғанда, 45.6%-ды құрады, сонымен қатар бөлшек депозиттердің жалпы сомасында теңгеде деноминацияланған бөлшек депозиттердің үлесі 2017ж. 31 наурыздағы 33.5%-бен және 2016ж. 31 желтоқсандағы 32.1%-бен салыстырғанда, 38.9%-ды құрады.

Кредиттік мекемелердің қаражаты 2016 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда негізінен  корреспонденттік шоттар бойынша қалдықтардың және ЭЫДҰ  мүшелеріне жатпайтын мемлекеттердің қысқа мерзімді салымдарының азаюы есебінен 13.7%-ға төмендеді. 2017 жылғы 30 маусымда Банктің кредиттік мекемелер алдындағы міндеттемелерінің жартысынан көбі негізінен 2014ж. және 2015ж. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-тан экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған қарыздардан құралды.

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 2016ж. 31 желтоқсанмен салыстырғанды негізінен 2017ж. 3 мамырда Банк 638 млн. АҚШ долларын құрайтын, 10 жылдық мерзімі бар және купон мөлшерлемесі 7.25%-ды құрайтын  еурооблигацияларды өтеуге байланысты 34.4%-ға төмендеді. Өтеу Банктің өтімділік бойынша нық позициясының арқасында оның меншікті қаражаты есебінен жүргізілді (2017ж. 31 наурызда активтердің жалпы сомасында өтімділік активтері 47.5%-ды және 2017ж. 31 маусымда 46.5%-ды құраған). Осы пресс-релиз жасалған күнге Банктің борыштық бағалы қағаздары мыналарды қамтиды:

- 500 млн. АҚШ доллары сомасына бір жолдық өтеу мерзімі 2021 ж. қаңтар айына тура келетін және купон мөлшерлемесі жылдығы 7.25%-ды құрайтын еурооблигациялардың бір шығарымы;

- Банк 2015 ж. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-та өтеу мерзімі 2025 ж. ақпан айына тура келетін, купон мөлшерлемесі жылдығы 7.5 %-ды құрайтын 131.7 млрд теңге сомасына жергілікті облигациялары;

- Банк 2014 ж. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-та өтеу мерзімі 2024 ж. қараша айына тура келетін, купон мөлшерлемесі жылдығы 7.5 %-ды құрайтын 100 млрд. теңге сомасына жергілікті облигациялары

           2016 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда меншікті капитал 2017 ж. 1-жартыжылдығы бойында тапқан таза кіріс есебінен 13.4%-ға ұлғайды.

Банк капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері мыналарды құрды:

 

01.07.2017*

01.04.2017*

01.01.2017

 

 

 

 

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, шоғырландырылмаған:

K1-1

22.1%

21.3%

19.2%

K1-2

22.1%

21.3%

19.2%

K2

22.1%

21.3%

19.2%

Капитал жеткіліктілігінің коэффициенттері, шоғырландырылған:

негізгі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (CET)

21.6%

21.5%

19.4%

бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті

21.6%

21.5%

19.4%

меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті

21.6%

21.5%

19.4%

*2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, реттеуші капитал жеткіліктілігінің минималды талаптарын ұлғайтты: k1 ­– 9.5%, k1-2 – 10.5% и k2 – 12.0%, коэффиценттердің әрқайсысы үшін 3% консервациялау буферін және 1% жүйелік буферін қоса.

2017 ж. 30 маусымда аяқталған алты ай ішіндегі шоғырландырылған қаржылық ақпарат, ескертулерді қоса, Банктің вэб-сайтында қолжетімді: https://halykbank.kz/ifrs_reports2.

2017ж. 1-ші жартыжылдықта қаржы нәтижелерінің қорытындысы бойынша телефондық конференция сейсенбі күні, 2017 жылы 22 тамызда Гринвич уақытымен (GMT) сағат 14:00-де / шығыс стандартты уақытымен (EST) сағат 8:00-де өтеді: http://www.audio-webcast.com/cgi-bin/visitors.ssp?fn=visitor&id=4937

Қазақстан Халық Банкі туралы

Қазақстан Халық Банкі - бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызмет көрсету, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару сегменттері бойынша Қазақстанның жетекші қаржы тобы.  Банктің 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасында, ал 2006 жылдан бастап Лондон қор биржасында листингі бар.

5,275.7 миллиард теңге көлеміндегі активтерімен Банк Қазақстандағы жетекші несие ұйым болып табылады. Банкте саны бойынша ең үлкен клиенттер базасы мен филиалдар желісі  - республика бойынша 504 филиал мен бөлімшелері бар. Банк сондай-ақ Грузия, Қырғызстан мен Ресейде жұмыс істейді.

Шілдеде Банк «Казкоммерцбанк» АҚ-да активтері бойынша Қазақстандағы екінші ірі банктің 96.81% жай акцияларын сатып алуды аяқтады. Қазкоммерцбанктің бүкіл ел бойынша 222 филиал мен бөлімшелері бар. Казкоммерцбанк Ресей мен Тәжікстанда да жұмыс істейді.

Банк туралы толық ақпарат www.halykbank.kz сайтында орналасқан. 

- ENDS-

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыздар:

 

Көшенов Мұрат

+7 727 259 07 95

Қасенова Мира

+7 727 259 04 30

Перехода Елена

+7 727 330 17 19