Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Казкоммерцбанк» АҚ-тың акцияларын сату туралы өтініштер бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ-тың акцияларын сатып алу қорытындысы туралы ақпараттық хабарлама

10.05.2024

«Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) (Қазақстан Республикасы, А26М3К5, Алматы қ., Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғ, 40-үй) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес 2017 жылғы 10 шілдеде жарияланған 2017 жылғы 29 тамыздағы жағдай бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ-тың жай және артықшылықты акцияларын, сондай-ақ базалық активі «Казкоммерцбанк» АҚ-тың шығарылған жай және артықшылықты акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттарын сатып алу бойынша есеп айырысулардың аяқталғанын хабарлайды.

«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінен «Казкоммерцбанк» АҚ-тың оларға тиесілі жай және артықшылықты акцияларын, сондай-ақ базалық активі «Казкоммерцбанк» АҚ-тың шығарылған жай және артықшылықты акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттарын сату туралы өтініштерді қабылдау мерзімі 2017 жылғы 9 тамыз күні аяқталды.

«Казкоммерцбанк» АҚ-тың жай және артықшылықты акцияларын, сондай-ақ базалық активі «Казкоммерцбанк» АҚ-тың шығарылған жай және артықшылықты акциялары болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттарын сатып алу-сату мәмілелерін жасау нәтижесінде, Банк бір акция үшін 142,67 теңге бағамен жай акциялардың 13 687 609 данасын, бір акция үшін 71,55 теңге бағамен артықшылықты акциялардың 31 311 данасын, бір дана үшін 0,86 АҚШ доллары бағамен базалық активі «Казкоммерцбанк» АҚ-тың шығарылған жай акциялары болып табылатын 3 081 552 жаһандық депозитарлық қолхат және бір дана үшін 0,43 АҚШ доллары бағамен базалық активі «Казкоммерцбанк» АҚ-тың шығарылған артықшылықты акциялары болып табылатын 14 655 549 жаһандық депозитарлық қолхат сатып алды.

2017 жылғы 29 тамыздағы жағдай бойынша Банк айналымдағы «Казкоммерцбанк» АҚ-тың жай акцияларының 99,72%-на және айналымдағы «Казкоммерцбанк» АҚ-тың артықшылықты акцияларының 23,55%-на ие болды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 727 2 590 816, www.halykbank.kz