Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

PWC Қазақстан Halyk Bank ішкі аудит қызметінің ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына және этика кодексіне сәйкестігін растады

10.05.2024

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ішкі аудит қызметінің Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына (бұдан әрі – Халықаралық стандарттар) және Этика кодексіне сәйкестігін сәтті растаған Қазақстандағы алғашқы банк болды.

2017 жылдың шілдесінде жүргізілген сыртқы бағалаудың нәтижелері бойынша PricewaterhouseCoopers кеңесшілері Банктің ішкі аудитінің қызметі Халықаралық стандарттарға және Этика кодексіне толық сәйкес келетіні туралы тұжырым жасады. Сыртқы бағалаудың нәтижелері тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін арттыруға жүйелі және бірізді тәсілді қолдана отырып, қаржы институтының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне жағдай жасайтын Банктің ішкі аудит жүйесінің жоғары тиімділігін көрсетеді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павловтың айтуынша, «Халық» тобының даму стратегиясын әзірлеу барысында Директорлар кеңесі ішкі аудиттің қызметінде Халықаралық стандарттарға жетуді - негізгі мақсат ретінде белгіледі, және де біз бүгін жүргізілген жұмысты жоғары бағалап отырмыз. Халық тобының басшылығы қаржы институтындағы ашықтыққа, транпаренттілікке және шешім қабылдау жүйесіне тікелей әсер ететін, дұрыс ұйымдастырылған корпоративтік басқаруға ерекше мән береді, ал ішкі аудиттің мықты жүйесі бұл жұмыстағы табыстың маңызды кепілі болып табылады. Біз Халық банкіндегі құрылған ішкі аудит жүйесіне тәуекелдері басқару, ішкі бақылауды күшейту және корпоративтік басқару деңгейін көтеру бойынша ұтымды және тиімді шараларды қамтамасыз ететін сенімді құрал ретінде сенімдіміз. Ішкі аудиттің тәсілдері мен әдістемелері Халық тобына түгел тарайды, сондай-ақ, атап айтқанда, топтың соңғы ірі сатып алуын ескере отырып, еншілес Казкоммерцбанкке де тарайтын болады».

Ішкі аудиттің кәсіби тәжірибесінде екі тәсіл бар: толық сыртқы бағалау немесе тәуелсіз сыртқы растаумен өзін өзі бағалауды жүргізу арқылы іске асырылатын оңайтылған тәсіл. Банк өз қыметін ұдайы жетілдіруге берілгендігіне сүйене отырып, толық тәуелсіз бағалау жүргізуді таңдады. Ішкі аудит саласында қойылған стратегиялық мақсаттарға жету үшін банк тоғыз жыл бойында «Улкен төрттік» (Big 4) компаниялары Халықаралық стандарттарға және Этика кодексіне сәйкестігінің үш сыртқы бағалауын жүргізу арқылы бірізді жұмыс жүргізді. Сондай-ақ сапаны көтеру бағдарламасының орындалуын бақылау мақсатында ішкі аудит қызметкерлері халықаралық стандарттарға және этика кодексіне сәйкестігі бойынша жыл сайынғы өзін өзі бағалауды, аудиторлық тапсырма жұмысының үздіксіз мониторингін, ішкі аудит тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді, ішкі нормативтік құжаттаманың барабарлығын және өзге де шараларды қамтитын сапаның ішкі бағалауларын жүргізеді.

Толық сәйкестікке қол жеткізу «Қазақстан Халық Банкінің» АҚ-тың сенімділіктің жоғары деңгейін қмтамасыз ететін банк ретінде беделін тағы да растайды.

Анықтама үшін:
Ішкі аудиторлар институты (Institute of Internal Auditors, IIA) – 1941 жылы құрылған, ішкі аудитор мамандығын дамытуға және бүкіл әлем бойынша ішкі аудиторларды қолдауға бейімделген халықаралық кәсіби қауымдастық болып табылады – 160-тан астам елде 190,000-нан астам мүшесі бар. IIA әзірлеген Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары және Этика кодексі мақсаты ішкі аудиторлар арасында жоғары кәсіби және этикалық стандарттарды дамыту және қолдау болып табылатын ішкі аудит саласында кәсіби қызметке қатысты қағидалар мен талаптарды қамтиды. Сондай-ақ, IIA 40 жылдан астам уақыт бойы CIA (The Certified Internal Auditor) (Дипломы бар ішкі аудиторды) сертификаттау бойынша орган болып. СIA – ішкі аудиторлдардың бүкіл әлемде мойындалатын ішкі аудиторлардың біліктілігі.

О Halyk Group
Halyk Group құрамына Halyk Bank, Qazkom және Altyn Bank кіреді, активтердің көлемі бойынша ТМД-да 3-ші жеке қаржылық топ болып табылады. Халық Банкінің Halyk Group қаржылық тобы – түрлі сегменттерде бөлшек, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтерді, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді және активтерді басқаруды қоса алғанда, қызмет атқаратын Қазақстандағы жетекші қаржылық топ. Halyk Group сондай-ақ Грузияда, Қырғызстанда және Ресейде қызмет етеді.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ PR-қызметі:
тел. +7 727 2 590 891, pr@halykbank.kz, www.halykbank.kz