Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Алматыда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жаңартылған бөлімшесі ашылды

10.05.2024

2017 жылғы 21 қыркүйек, Алматы қ., баспасөз-релиз «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) Алматы қаласында Айнабұлақ-1 шағын ауданы, 9-үй мекенжайы бойынша бөлімшенің күрделі жөндеуден кейін ашылғаны туралы хабарлайды.

Банктің Алматы облыстық филиалының құрылымдық бөлімшесінің қайта құрылуы филиалдар желісін жетілдіру және бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыру бойынша қабылданған стратегия шеңберіндегі кезекті қадам болып табылады. Бөлімшені ашу Алматы қаласы күнін мерекелеуге ұштастырылып отыр.

«Халық банк филиалдар желісін дамыту және жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жасайды. Банк клиенттері жаңа бөлімшенің жайлылығы мен функционалдығына жақсы баға беретініне сенімдіміз, ал бөлімшенің білікті мамандары жоғары деңгейлі сервис пен әрбір келушінің мәселесін шешіп, бабын табуды қамтамасыз етеді», - деп Банктің Алматы облыстық филиалының директоры Тасбике Кудикова мәлімдеді.

Халық банктің бөлімшесі заманауи сапа стандарттары ескеріліп жабдықталды. Жеке тұлға-клиенттердің жайлылығы үшін бөлімшеде банк өнімдері мен қызметтерінің, соның ішінде тиімді мөлшерлемелер бойынша салымдар мен кепілсіз заемдардың, 50 күнге дейін жеңілдетілген кезеңі бар пайызсыз кредит карталарының толық тізбесі, сондай-ақ жаңа өнім –жалақыдан 50%-ға дейін «Жалақылық аванс» өнімі ұсынылады. Бұдан бөлек, тәулік бойы жұмыс істейтін 4 банкомат орнатылды. Интернет-банкинг бойынша қызмет алуға арналған жабдықтар пен 3 төлем терминалы қойылған өзіне-өзі қызмет ету аймағы бар, мұнда клиенттер банк операцияларының 20-дан астам түріне қол жеткізе алады және 100-ден аса қызметтерді жеткізушілерге төлем жасай алады.

Үй-жайдың ішкі жабдықтары мен бұйымдары Банктің фирмалық стиліне сай жасалды және қазіргі заманғы ыңғайлылық пен алдыңғы қатарлы технология үйлестірілген. Күту аймақтары өте ыңғайлы жиһаздармен жабдықталған. Шағын ауданның тұрғындарының сұрауы бойынша бөлімшеде ыңғайлы жұмыс кестесі де жасалған: жұмыс күндері сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағ. 9:00-ден 14:00-ге дейін.

Анықтама үшін: Halyk Bank – ең ірі жүйе құрушы коммерциялық әмбебап банк, Қазақстанда активтер мен меншікті капиталының көлемі жағынан №1 болып табылады, Халық тобы – активтердің көлемі жағынан ТМД-да жеке меншік қаржы топтарының үшіншісі.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ PR-қызметі:тел. +7 727 2 590 891, pr@halykbank.kz, www.halykbank.kz