Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ақпараттық қауіпсіздік талаптарының ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне қайта сертификаттаудан сәтті өтті

10.05.2024

Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің (бұдан әрі – АҚБЖ) ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2008 жылғы 19 желтоқсанда тиісті сертификатты алғаннан кейін 9 жыл бойына дәлелдеп келеді.

2017 жылғы тамыз айында Британдық Стандарттар институтының (BSI) ресей өкілдігінің маманы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-та қайта сертификаттау аудитін жүргізді. Жүргізілген аудиттің нәтижесінде енгізілген ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін дәлелденіп және сертификат алынды.

Шешімдердің нақтылығын, клиенттердің құқықтарының қорғалуын, IТ жүйесінің қалануын қамтамасыз ететін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құру филиалдық желі, орталықтан есепке алу және тәуекелдермен басқару жүйесі арқылы электрондық сатылымның кеңейтілуіне септігін тигізіп, сенімді әрі тексеруден өткен ақпараттық қауіпсіздіктің есебінен банктік қосымшалардағы ішкі және сыртқы ақпараттық ағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қажет етеді.

Британдық стандарттар институты (BSI) 1901 жылы негізі қаланып, менеджмент жүйесін сертификаттау саласында белгілі авторитет және көшбасшы болып табылады және 150 елде 90 000 астам кәсіпорынға қызмет көрсете отырып, әлемдегі стандарттау және сертификаттау жағынан ең ірі орган болып саналады.

BSI сапаны жақсарту, өнімділік, қауіпсіздік, тәуекелдермен басқару, беделді қорғау, тұрақтылықты арттыру саласында түрлі қызметтерді көрсетеді.Қызметтер үздік әлемдік тәжірибелерді біріктіретін стандарттарды әзірлеумен және қолданумен байланысты. Құзыреттіліктің негізгі саласы мыналар болып табылады:

• корпоративтік, салалық, ұлттық, халықаралық стандарттарды әзірлеу;
• менеджмент жүйесіне аудит жүргізу және сертификаттау;
• өнімдер мен қызметтерді сынау және және сертификаттау;
• сәйкестікті қамтамасыз ету және тәуекелдермен басқару;
• тренингтерді қоса алғанда, білім беру қызметі.

2003 жылдан бастап BSI жыл сайын бүкіл әлемде қолданылатын, 35000 астам стандарттарды құрған әлемге таны
мал британдық супер бренд болып танылып келеді.