Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Bank 2018 жылы Қазақстандағы валюта айырбастау операцияларының ең үздік провайдері болып танылды (Global Finance нұсқасы бойынша)

10.05.2024

Қазақстан Халық Банкі Global Finance халықаралық басылымының 18-ші жыл сайынғы зерттеуінің нәтижелері бойынша «Валюта айырбастау операциялары нарығының Қазақстандағы 2018 жылы ең үздік провайдері» номинациясында жеңіске жетті («The Best Foreign Exchange Provider in Kazakhstan 2018»).

«Жаһандық экономика қайтадан өсуге ұмтылған сәтте, Брекзит пен соғыстан бастап – дүлей апаттарға дейін - күтпеген оқиғалар әлем мен валюталық нарықтарды дүрліктіруін жағластыруда, – деп Джозеф Д. Джаррапуто, Global Finance басылымының баспагері және редакторы атап өтті. – Біздің марапатымызға ие болатын қаржы институттар осы сын-тегеуріндерді алдын ала болжауда және олардың салдарын өз клиенттері үшін жеңуде шеберлігін танытады».

Бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін Global Finance редакциясы салалық сарапшыларды, корпорациялардың басшыларын, технологиялар бойынша мамандарды жұмысқа тарта отырып, транзакциялар көлемі, компанияның нарықтық үлесі, жаһандық қамту ауқымы, клиенттік сервис деңгейі, баға бойынша бәсекеге қабілеттілік пен инновациялық технологияларды қолдану сияқты өлшемдерді ескеретін өзінің жеке әдістемесін қолданды. Зерттеу 104 ел мен әлемнің 7 аумағын қамтыды. Талдау шеңберінде қаржы институттардың 2017 жылы жұмысын сипаттайтын деректер қарастырылды.

«Halyk Bank-тің валюта айырбастау операцияларының қазақстандық нарығындағы белсенді қызметі 2017 жылдың қорытындылары бойынша беделді халықаралық басылымның жоғары марапатына ие болғанынына қуаныштымыз. Көптеген жылдар бойында біз экспорттық және импорттық қызметін Қазақстанда жүргізетін халықаралық қаржы институттар үшін ірі серіктес банк болып табыламыз. Global Finance басылымының марапаты біздің жетістіктерімізді танудың нышаны деп бағалаймыз, ол банктің ерекше сенімділігін, команданың кәсібилігі мен клиенттеріміз үшін қызмет көрсетудің жоғары деңгейін көрсетеді», — деп Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Ертай Салимов түсіндірді.

Қазақстан Халық Банкі KASE Қазақстан қор биржасында USDKZT валюталық жұп бойынша маркет-мейкер және FOREX банкаралық нарықта көшбасшылардың бірі болып табылады. 

Жалпы, қолма-қол шетел валютасы нарығында Қазақстан Халық Банкі көшбасшы позицияларға ие, Қазақстанға кіргізілетін барлық шетел банкноталардың 50%-дан астам бөлігі – банктің еншісінде. Бүкіл Қазақстан бойынша банктік айырбастау операциялар бөлігінде банктің клиенттері, 4 мыңға жуық түрлі ұйымдар және де қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізетін клиенттер – жеке тұлғалардың одан да басым бөлігі болып табылады.

Анықтама үшін:

Global Finance – таралымы 50 мың данадан асатын, әлемнің 163 елінде оқырманы бар халықаралық қаржылық басылым. Журнал тікелей инвестициялар, капиталды басқару, инвесторлармен байланыс, тәуекелдерді басқару, банктік салада және басқалар туралы мақалаларды қоса, халықаралық қаржы туралы материалдарды жариялайды. Жыл бойында Global Finance түрлі номинацияларда басылымның сарапшылары жүргізген талдау нәтижелері бойынша жеңімпаз болып танылған қаржы инстуттарды және компанияларды марапаттайды. Жеңімпаздарды марапаттаудың ең ірі салтанаттары ХВҚ мен Әлемдің банктің жыл сайынғы кездесулерінде өткізіледі.

 

Құрамына Halyk Bank, Qazkom және Altyn Bank кіретін Halyk Group активтер көлемі бойынша ТМД-дағы ең ірі жеке қаржылық топтардың бірі болып табылады. Halyk Group-тың Халық Банкі қаржылық тобы – бөлшек бизнесті, ШОБ пен корпоративтік банктік қызметтерді, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтер мен активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттердегі операцияларды жүргізетін Қазақстандағы жетекші қаржылық топ. Halyk Group сонымен қатар Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстан мен Ресейде де қызмет етеді. 

Байланыс үшін:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Сагинбек Шункеев, маркетинг және PR департаменті
тел. +7 727 2 590 301, email: pr@halykbank.kz

«Казкоммерцбанк» АҚ
Лариса Коковинец, маркетинг және PR департаменті
тел. +7 (727) 2 585 456, email: pr@qazkom.kz