Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың БАҚ-та орналастырылуы тиіс елеулі оқиғасы туралы

10.05.2024

Осы арқылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Банктің мүлкіне тыйым салу туралы хабарлайды:

1)    акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы шешімнің күні, нөмірі, қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы шешімді қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негіздемесі: Алматы қ. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарымына сәйкес;

2)    акционерлік қоғамның тыйым салынған мүлікінің атауы және қоғамның мүлкіне тыйым салу күнінде оның қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы: Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғ., 308 үй мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік, іргелес жер телімімен (кадастрлық нөмірі 20-315-023-179),  қоғамның мүлкіне тыйым салу күнінде оның қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы 0,068%-ды құрайды.