Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық банк «Игі істер фестивалін» мұз айдынында тегін сырғанаулардан бастады

10.05.2024

20 мен 21 қаңтар күндері еліміздің 20 қаласында 80 мыңдай қазақстандық мұз айдынында тегін сырғанауларға қатысты. Жаппай сырғанаулар «Игі істер фестивалін» ашты, оны Қазақстан Халық Банкі өзінің 95-жылдығына орай жариялады.

«Сақылдаған сары аязға қарамастан, арнайы мұз ареналары мен сырғанауға арналған мұз айдындарына келген адамдардың алғыстары мен ізгі ниеттері бастамамыздың дұрыс екеніне көзімізді жеткізді. Біз ауқымды «ізгілік эстафетасын» іске қосып отырмыз және де оған клиенттеріміздің мүмкіндігінше көбірек үлес қосуына қатты қуанар едік», - деп Қазақстан Халық Банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары Аслан Талпаков мәлімдеді. 

Барлық қайырымдылық акцияларын байланыстыратын нәрсе - игі істер жасау және оны айналадағылармен бөлісу сияқты банктің бастамасы. 2018 жылдың әр айы барлық қазақстандықтар үшін жалпы тақырыпқа: спорт пен салауатты өмір салтына, ұлттық дәстүрлерге, өскелең ұрпақ пен қарт адамдарға деген қамқорлыққа, сонымен қатар мәдениет пен өнерге арналатын болады. Халық банктің «Игі істер фестивалі» аясындағы әрбір жаңа акциясы алдын ала жарияланып тұратын болады.

«Банктің 95-жылдық мерейтойы кем дегенде 95 игі істермен қоса атқарылуы тиіс деп шештік, мұндай істерді біз өз клиенттерімізбен бірге қуана іске асырамыз. Біздің бастамамыз достықты нығайтуға және ұлтаралық келісімге, қоғамдық пайдалы жобаларды қолдауға азғантай болса да өз үлесін қосатынына сенеміз», – деп қосты Аслан Талпаков.

Банктің 95-жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға Қазақстан Халық Банкінің акционерлері құрған Halyk қайырымдылық қоры да қатысатын болады. Қор өзінің әлеуметтік және қоғамдық мәні бар бағдарламаларын кеңейтеді, олардың қатарына: жетімдер үйін компьютерлендіру жобасы; ғылыми-көпшілік тақырыптарға арналған танымдық бейнеконтенті бар SmartHalyk Youtube-арнасы; еліміздің екі басты опера театры – Astana opera мен Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрымен ұйымдастырылған жаңа қойылымдар жататын болады. Бұдан басқа, Halyk қоры баскетбол мен футзалдан балалар мен студенттердің спорт жарыстарын өткізу бойынша өзінің дәстүрлі қолдау көрсетуін жалғастырады.

Байланысу үшін:
Шункеев Сагинбек, маркетинг және PR департаменті
Тел: + 7 727 259 0301
Mail: pr@halykbank.kz