Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Bank 2018 жылы Қазақстандағы сауданы қаржыландыру бойынша үздік провайдер деп танылды (Global Finance нұсқасы бойынша)

10.05.2024

Global Finance халықаралық баспасының 18-ші жыл сайынғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Халық Банкі «2018 жылғы Қазақстандағы сауданы қаржыландыру бойынша үздік провайдер» номинациясын жеңіл алды.

«Дүниежүзілік сауда үлкен өзгеріске ұшырап отыр. АҚШ Транс-Тынық мұхиттық серіктестікке қатысудан бас тартты, Ұлыбритания Евроодақтан шығады,  Тынық мұхит аймағының елдері аймақтық бірлікті нығайту жолында жұмыс істеуде. Сауданы қаржыландырудағы табыстары үшін марапатымыздың иегерлері өз клиенттеріне осы толқынды су арқылы шебер жалтару мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, осы беталыстың жотасында тұр», – деп Global Finance-тың баспагері әрі редакторы Джозеф Д. Джаррапуто мәлімдеді.

Жеңімпаздарды бағалау және іріктеу үшін Global Finance редакциясы салалық сарапшыларды, корпорациялар басшыларын, технологиялар жөніндегі мамандарды тартты және де транзакциялар көлемі, компанияның нарықтық үлесі, жаһандық өтеу ауқымдары, клиенттік сервистің деңгейі, баға бәсекесі және инновациялық технологияларды қолдану сияқты критерийлерді ескеретін өз әдістемесін пайдаланды. Эксклюзивті зерттеу 94 елді және АҚШ-тың 8 аймағын қамтыды. Талдау аясында 2017 жылғы қаржы институттарының жұмысын сипаттайтын деректер қарастырылды.