Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық банк клиенттерінде өз банк шоттарын Қазпочта арқылы толықтыруға мүмкіндік пайда болды

11.05.2024

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – «Банк») пен «Қазпочта» АҚ (бұдан әрі – «Қазпочта») банк клиенттеріне жеке тұлғалардың ағымдағы және карточкалық шоттарын Қазпочта бөлімшелерінің тармақталған желісі арқылы толықтыруға мүмкіндік береді.

Бұл қызмет банктің барлық клиенттеріне 2018 жылғы 29 қаңтардан қолжетімді бола бастады, «Қазпочта» комиссиясы төлем сомасынан 0,5%-ды, бірақ 150 теңгеден аз емес соманы құрайды.

«Қазақстанда шамамен халықтың жартысы ауылдық жерлерде тұрады және де банктік қызметтердің барлығына қолжеткізе алмайды, — деп Басқарма Төрағасының орынбасары Марат Әлменов түсіндірді «Қазпочтамен» ынтымақтасудың арқасында біз заманауи банктік қызметтермен ауыл тұрғындарын, олардың ең жақын жердегі банк бөлімшесіне барып уақытын кетірмей, үлкен қалалардың тұрғындарымен ел қатарлы аса танымал қаржы қызметтеріне қолжеткізулері үшін мүмкіндігінше көбірек қамтуға ұмтыламыз».

Жаңа қызмет — 2017 жылғы тамыз айында Халық банк пен «Қазпочта» қол қойған ынтымақтасу туралы меморандумның аясында көрсетілген қызметтер тізіміндегі алғашқы қызмет. Келесі кезеңде мынадай: депозит ашу және толықтыру, жеке тұлғаларға арналған кредиттерге өтінімдер қабылдау, төлем карточкаларын жеткізу және т.б. қызметтерді іске қосу жоспарланып отыр.

«Қазпочта» екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтасуды жалғастыруда және де бүгінгі таңда біз барша қазақстандықтарға Халық банктегі шотты біздің бөлімшелер арқылы толықтыру қызметін ұсынуға дайынбыз, — деп «Қазпочта» АҚ қаржы және агенттік қызметтер жөніндегі атқарушы директоры Айнур Кунхожаева мәлімдеді. — Ең ірі банкпен серіктестік үздік тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді және еліміздің өңірлері мен шалғайдағы елді мекендерде «Қазпочтаның» ресурстарын және мүмкіндіктерін мейлінше кең пайдаланып, банктік қызметтерді әрі қарай тарату үшін тиімді құрал болады.

«Қазпочта» мен Қазақстан Халық банкі арасындағы ынтымақтасу туралы меморандум Халық банк бөлімшелері жоқ елді мекендерде орналасқан, «Қазпочтаның» автоматтандырылған бөлімшелерінде көп талап етілетін банктік қызметтерді кезең-кезеңмен ендіруді көздейді.

Анықтама үшін:

Қазақстан Халық Банкібөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер мен активтерді басқаруды қоса алғанда түрлі сегменттерде операциялар жүргізетін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасындағы және 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасындағы листингке ие. 2017 ж. шілдеде Банк активтер көлемі жағынан екінші ірі қазақстандық банктің -  Қазкоммерцбанктің бақылау үлесін сатып алды. 2017ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 8,674.6 млрд. теңге мөлшерінде активтерге ие бола отырып, Банк ең ірі клиенттік базасы мен филиалдар желісі – ел бойынша 719 филиал мен бөлімше (Қазкоммерцбанктің 220 филиалы мен бөлімшелерін қосқанда) бар Қазақстандағы жетекші кредит ұйымы болып табылады. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде және Тәжікстанда операциялар жүргізеді.

«Қазпочта» АҚ — почта байланысының ұлттық операторы, почталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің кең ауқымын ұсынады. «Қазпочта» АҚ иелігінде Қазақстан аумағының барлығын дерлік, әсіресе аудандық және ауылдық жерлерді қамтитын, еліміздегі ең ауқымды филиалдар желісі. Қазпочтаның филиалдар желісінде 3 400 бөлімше бар, онда 23 мың адам жұмыс істейді, бұл ретте, Қазпочта клиенттерінің 70%-ы ауылдық жерлерде тұрады. «Қазпочта» АҚ Дүниежүзілік пошта одағында Қазақстанның почта әкімшілігін таныстырып, жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементерінің бірі болып табылады.

БАҚ үшін байланыс телефондары:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

«Казпочта» АҚ

Сагинбек Шункеев

Маркетинга және PR департаменті

+7 727 259 0301

pr@halykbank.kz

Сауле Мукашева

Жарнама және PR департаменті

+7 7172 611 699 (вн. 1020)

mukasheva.saule@kazpost.kz