Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

2017 жылы Halyk Bank клиенттері 46 кг астам тазартылған алтын сатып алды

10.05.2024

Тазартылған өлшеуіш алтын құймаларын халыққа сату мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесі бойынша, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі — банк) клиенттері 2017 жылғы 1 маусымнан 31 желтоқсан бойынша 46,2 кг тазартылған алтын сатып алды, бұл деген ақшаға шаққанда 600 млн. теңгеден астам.

Он граммдық шағын құймалар Банк клиенттері арасында көп сұранысқа ие болды: олардың 613 данасы сатылды. Талап ету деңгейі бойынша екінші орында — салмағы 100 грамм құймалар: барлығы мұндай құймалардың 277-сі сатып алынды. Салмағы 20 және 50 грамм номиналдардың тиісінше 213 және 163 данасы сатылды.

«Клиенттеріміздің дербес «алтын қорын» құру үшін жаңа мүмкіндікті бағаланына қуанып отырмыз. Ерте заманнан бері алтын капиталды сақтаудың ең сенімді тәсілдерінің бірі болып саналып келеді. Біздің заманымызда бұл асыл металл жеке активтер портфелін әртараптандыру үшін ыңғайлы құрал бола тұрып және жалпы тәуекелді төмендетуге мүмкіндік бере отырып, өзінің инвестициялық мәнін жоғалтқан емес. Көптеген клиенттер құймаларды бағалы сыйлық ретінде сатып алады», — деп Қазақстан Халық Банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары Ертай Салимов мәлімдеді.

Халық банкі тазартылған өлшеуіш алтын құймаларын халық арасында сату бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бағдарламасының алғашқы қатысушы банкі болғанын атап өткен жөн. Банктің деректері бойынша, халық тарапынан өлшеуіш алтын құймаларға сұраныс өсіп келеді. 2018 жылғы 1 қаңтардан 8 ақпанға дейінгі кезең ішінде банк клиенттері 4,5 кг тазартылған алтын сатып алды. Бұл ретте құймалардың түрлі номиналына сұраныстың құрылымы өткен жылғы деңгейде сақталып келеді: 10 грамм номиналындағы құйманың 66 данасы; 20 грамм — 14 данасы; 50 грамм — 7 данасы; 100 грамм — 32 данасы сатылды.

Байланысу үшін:

PR-қызметі басқармасының басшысы Боровой Илья
тел. +7 727 2 585 145
ішкі. 57615,
IBorovoy@qazkom.kz
pr@halykbank.kz