Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Bank — KASE нұсқасы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы

11.05.2024

Қазақстан қор биржасының (KASE) сараптама кеңесі 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ты (Халық банкі) мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) нарығының көшбасшысы деп атап,  және Халық банкін «Анықтылыққа ұмтылысы үшін» дипломымен бағалады. Бұл туралы 2018 жылғы 14 ақпан күні KASE-нің көзге түскен мүшелерін марапаттау салтанатында жарияланды.

МБҚ нарығындағы Халық банк қызметінің нәтижелерін бағалай отырып, KASE сарапшылары биржаның аталған қатысушының 2017 жылғы мәмілелер саны мен көлемі, сондай-ақ нәтижелі сауда күнінің саны жағынан белсенділіктің ең үздік көрсеткіштерін көрсеткенін атап өтті. Халық банкі бұл номинацияны қатарынан екі жыл жеңіп келгенін атап кеткен жөн, осы арқылы ол өзінің МБҚ нарығындағы сауда-саттықтың ең белсенді қатысушысы мәртебесін растап келеді. Өз кезегінде, «Анықтылыққа ұмтылысы үшін» марапаты Халық банкіне оның биржаға және инвесторларға өзі туралы және өзінің қызметі туралы ақпаратты ашығырақ және толығырақ нысанда уақытылы ұсынып отыруын көрсете отырып, жетінші мәрте беріліп отыр.

«Біз Халық банкінің марапатталғаны туралы жаңалықты зор ықыласпен қарсы алдық және оның МБҚ нарығының көшбасшысы атағын және анықтылыққа ұмтылысы үшін марапатын – қазақстандық қаржыгерлердің үздік командаларының біреуінің үлкен жоспарлы жұмысының заңды қорытындысы деп есептейміз. Бұл марапаттар KASE-де ұсынылған кәсіби қатысушылар мен листингтік компаниялар арасындағы тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың мысалы бола тұрып, бизнестің барлық сегменттерінде ең жоғары нәтижелерге ең жақсы жолмен қол жеткізуге бағытталғанымызды көрсетеді», — деп Халық банкінің басқарма төрағасының орынбасары Ертай Сәлімов мәлімдеді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша биржаның көзге көрінген қатысушылары қатарына Halyk Group қаржы тобының басқа да мүшелері кірді: олар «Halyk Finance» АҚ (Халық банкінің еншілес ұйымы) және «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ («Қазкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) — оларды жылдың маркет-мейкерлері корпоративтік облигациялар нарығында мойындады. Бұдан бөлек, «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ корпоративтік облигациялар нарығындағы жыл андеррайтері деген атаққа ие болды.

KASE-нің көзге аса көрінген мүшелерін марапаттау 2002 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Жеңімпаздарды KASE басқармасының мүшелерінен және биржа департаменттерінің басшыларынан құралған сараптама кеңесі анықтайды. Сарапшылар KASE мүшелерінің белсенділік көрсеткіштерін есептеудің арнайы әдістемесін, сондай-ақ  бағалы қағаздар нарығында өзі туралы және өзінің қызметі туралы ақпаратты ашу бөлігінде іскерлік қылықтың ең үздік үлгісін көрсеткен листингілік компанияларды жыл сайын көтермелеу қағидаларын басшылыққа алады.