Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық банкі бренді Global Brands журналының бірден үш номинациясында жеңіске жетті

12.05.2024

беделді Global Brands Magazine халықаралық басылымы 2017 жылы жүргізген брендтерді жаһандық зерттеу қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бірден үш: «Қазақстандағы ең үздік банктік бренд» (Best Banking Brand), «Қазақстандағы бөлшек банкинг саласындағы үздік бренд» (Best Retail Banking Brand) және «Қазақстандағы ең үздік банктік бренд» (Most Trusted Banking Brand) деген номинациялардағы жеңіске ие болды.  

Global Brands басылымында: «Қазақстан Халық банкінің үштік жеңісі – 2017 жылы Қазақстанның дамып келе жатқан қаржы секторының жағдайында керемет нәтижелерді көрсеткен  номинаттардың бәсекелестік тобынан жете сараптамалық іріктеуінің нәтижесі болып табылады. Халық банкі операциялық тиімділік және клиенттік сервис сапасын арттыру, инновацияларға ұмтылыс мәселелеріндегі өз ұстанымы үшін, сондай-ақ жалпы алғанда Қазақстанда берік банктік жүйені құруға ықпал ететін маркетинг және PR саласындағы өз белсенділігі үшін  жоғарғы мәртебелерге лайық болып келді», – деп жазылған.

«Барлық үш номинация да Халық банкі брендінің күшін және клиенттер үшін оның артықшылықтарын көрсетеді. Банк жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша ең үлкен үлеске ие, оның шамамен 7.8 млн. клиенті бар және олардың барлығы Халық банкіне сенімді болғаны, беріктігі және тұрақтылығы үшін сенім білдіреді. Бұл кез келген банктің қызметіндегі негізгі критерилер болып табылады. Осының негізінде технологияларды дамыта отырып және сервис пен өнімдерді жетілдіру арқылы бәсекелестікке тағы да артықшылықтарды құруға болады. Осылайша біз де Казкоммерцбанкпен бірігу барысында осымен айналысамыз», - дейді өз сөзінде Басқарма төрайымы Үміт шаяхметова.

Global Brands журналы 2013 жылдан бастап жаһандық зерттеулерді жүргізіп, қызметтегі түрлі салаларды қамтиды. Журналдың сарапшылары әуекомпанияларының, банктердің және қаржы компанияларының, білім беретін мекемелердің, валюта айырбастау операциялары нарығының қатысушыларының, денсаулық сақтау ұйымдарының, қонақ үйлер мен инвестициялық компаниялардың, риэлторлардың және т.с.с. қызметін бағалайды. Түрлі елдерден және әртүрлі номинациялардағы жеңімпаз брендтердің толық тізімі – журналдың мына мекенжайындағы веб сайтында: www.globalbrandsmagazine.com/award-winners-2017 ресми түрде жарияланған.

Ұлыбританиядағы штаб-пәтері бар Global Brands журналы тәуелсіз басылым болып табылады, ол брендинг мәселелеріне назар аударып, бүкіл әлем бойынша жаңалықтарды, шолуларды, жетекші брендтер туралы пікірлер мен сұрақтарға жауаптарды ұсынады. 2013 жылдан бері журнал жетекші аналитикалық компаниямен бірге серіктестікте түрлі ұйымдарға олардың брендтерін бағалауды ұйымдастыруға, оларды оңтайландыруға және тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мақсатты аудиториялардың пікірінде брендті жағымды жағынан қабылдауға қол жеткізу үшін стратегиялық жоспарларды әзірлеуге қолғабыс жасап келеді.

Анықтама үшін:

Қазақстан Халық Банкі  – бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер мен активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде операциялар жүргізетін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасындағы және 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасындағы листингке ие. 2017 ж. шілдеде Банк активтер көлемі жағынан екінші ірі қазақстандық банк -  Қазкоммерцбанктің бақылау үлесін сатып алды.2017ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 8,674.6 млрд. теңге мөлшерінде активтерге ие бола отырып, Банк ең ірі клиенттік базасы мен филиалдар желісі – ел бойынша 719 филиал мен бөлімше (Казкоммерцбанктің 220 филиалы мен бөлімшелерін қосқанда) бар Қазақстандағы жетекші кредит ұйымы болып табылады. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғыстанда, Ресейде және Тәжікстанда операциялар жүргізеді.

Байланыс үшін:

Шункеев Сағынбек, Маркетинга және PR департаменті
Тел: + 7 727 259 0301
Mail: pr@halykbank.kz