Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Altyn Bank» АҚ-ғы 60% үлесін сату бойынша мәмілені аяқтады

11.05.2024

2018ж. 24 сәуірде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Халық Банк) «Altyn Bank» АҚ (бұдан әрі - Altyn Bank) акционерлік капиталындағы 60% үлесін: 50.1% мөлшерінде China CITIC Bank Corporation Limited (бұдан әрі – CITIC Bank) және 9.9% мөлшерінде China Shuangwei Investment Co., Ltd. (бұдан әрі – Shuangwei) сату бойынша мәмілені аяқтады. Мәміле тараптар бірқатар қажетті алдын ала талаптарды орындағаннан кейін, оның ішінде қытайлық және қазақстандық реттеуші органдардан қажетті келісімдерді алғаннан кейін аяқталды. Халық Банк, аталған мәміле өзіне айтарлықтай үстеме құн қосты, деп санайды. Халық Altyn Bank капиталының 40% үлесін иеленуді жалғастыра береді және тараптар арасында бекітілген акционерлік келісімге сәйкес белгілі бір құқықтарға ие болады.

Халық Банк Басқармасының Төрайымы Уміт Шаяхметова аталған жағдайға былайша түсініктеме береді: «Біз Қазақстанның банк саласы үшін бірегей транзакцияның аяқталғаны жөнінде қуана хабарлаймыз, бұл соңғы екі жыл ағымында Халық Банк, CITIC Bank және Altyn Bank командаларының үйлесімді жұмысының арқасында іске асты. Аталған мәміле Халық Банк Тобы үшін ғана  стратегиялық маңызды болып табылмайды, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл банк саласы үшін де жағымды жаңалық болары сөзсіз, себебі бұл ірі институционалды шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылықтың сақталып отырғанын дәлелдейді. Біз, банк саласымен қатар қазақстандық қаржы қызметтерін тұтынушылар да бұл серіктестіктен ұтуы тиіс, деп ойлаймыз. Қазақстан мен Қытайдың ірі банктері арасындағы стратегиялық альянс Altyn Bank-тің банктік технологиялар, тоғыспалы сату, саудалық қаржыландыру, қазынашылық операциялар, юаньда төлемдер жасау саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтеді, сонымен қатар Қазақстанда жұмыс істейтін маңызды қытайлық клиенттерді тартуға мүмкіндік береді. Altyn Bank әмбебап банк болып қала береді және корпоративтік және бөлшек сауда клиенттерімен жұмыс істеу стратегиясын іске асыруды жалғастырады. Біз, CITIC Bank-тің инновациялық технологияларына қол жеткізудің арқасында Altyn Bank нарықтағы өз орнын нығайта алады, деп сенеміз. Сонымен қатар аталған мәміле Халық Банкке «Бір белдеу, бір жол» «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру бойынша бастамаларды іске асыру шеңберінде маңызды ойыншы ретінде қатысуға мүмкіндік тудырады».

Қазақстан Халық Банкі туралы

Қазақстан Халық Банкі – Қазақстандағы жетекші қаржы тобы, бөлшек сауданы, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтерді, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді және активтерді басқаруды қоса алғанда түрлі сегменттерде операциялар жүргізеді. Банктің 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасында және 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасында листингі бар.

2017ж. шілдеде Банк активтерінің көлемі бойынша қазақстандық екінші ірі банк – Казкоммерцбанктің бақылау үлесін алды.

2017 ж. 31 желтоқсандағы ахуал бойынша 8,857.8 млрд. теңге мөлшеріндегі активтерге ие бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банктің елімізде ірі клиенттер базасы мен филиалдық желісі - 699 филиалы мен бөлімшелері (Казкоммерцбанктің 210 филиалы мен бөлімшелерін қоса алғанда) бар. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде және Тәжікістанда өз қызметін жүргізіп отыр.

Банк туралы толық ақпарат Банк сайтында орналастырылған: https://www.halykbank.kz

Altyn Bank туралы

 «Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ), бұрын - «HSBC Банк Казахстан» АҚ ЕҰ болған, Қазақстанның банктік нарығында 1998 жылдан бері бар, 2014 жылғы қарашадан бастап оны Халық Банкі сатып алған және толығымен оған тиесілі. Altyn Bank корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне өнімдердің кеңейтілген шоғыры мен қызметтерін ұсынатын әмбебап коммерциялық банк болып табылады, Алматы, Астана, Атырау және Ақтау қалаларында 4 филиалы, Алматыда 2 бөлімшесі бар.

CITIC Bank туралы

China CITIC Bank Corporation Ltd. 1987ж.негізі қаланған, Қытайда актив көлемі жағынан жетінші орынды иеленіп, 130 елге таралған. Қытайда, сол сияқты оның шегінен тыс ірі корпоративтік клиенттерге және жеке тұлғаларға  түрлі банктік өнімдерді және қызметтерді ұсынады. Банктің активтері 900 миллиард АҚШ долларын құрайды. Банк бірінші деңгейдегі капитал көлемі жағынан «әлемдегі ең ірі 1000 банк» тізімінде 25-ші орында тұр. Банктің рейтингі: Fitch-тен ВВВ және   Moody’s-тен Baa2.

 

China Shuangwei Investment Co. туралы

China Shuangwei Investment Co., Ltd. China Tobacco Corporation-ге толық тиесілі жауапкершілігі шектеулі компания болып табылады. Компания энергетика, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, білім беру, медициналық қызметтер, логистика, инфрақұрылым, мәдениет, желілік ақпарат, қаржы өнімдері, қуат үнемдеу саласындағы бірқатар маңызды стратегиялық жобаларға инвестициялауға және басқаруға, темекі өндірісіндегі қосалқы жобаларға, сонымен қатар ілеспе консультациялық бизнес қызметтерге жауап береді.