Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

EMEA Finance журналының басылымы бойынша Халық банкі тағы да Қазақстанның үздік банкі атанды

12.05.2024

EMEA Finance magazine беделді халықаралық басылымының жыл сайынғы European Banking Awards 2017 марапаттау  қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық банкі» (бұдан әрі — Халық  банкі) тағы да Қазақстанның ең үздік банкі атанды.

«Бүгінгі таңда банктерге бұрынғыдай қатаң реттеу талаптарына және басқа банктер тарапынан да, нарықтағы жаңа қаржылық емес ұйымдардың да тығыз бәсекелестігіне байланысты сын-тегеуріндерге жауап беруге тура келеді.   Біздің жеңімпаздар әлемдік экономикалық жағдайдың жақсаруын пайдаланып, болашақта болуы мүмкін және күтпеген тегеуріндерге дайындалып, қайта құрылымдауды, ойын қайта қалыптастыруды және қайта жабдықталуды жалғастырып келеді», — делінген EMEA Finance басылымында.

«Белсенді халықаралық басылымнан жаңа марапат алу – бұл Казкоммерцбанкті сатып алудағы міндеттердің қиындығына қарамастан, өнімді және сәтті шыққан қызметіміздің тағы бір тәуелсіз бағасы, — деді банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова. — Біз үшін кәсіби жетістіктеріміздің арқасында жоғарғы сыйлықтарға лайық болатын әлімдік ірі банктердің қатарындағы тізімде болу үлкен мәртебе. Бұл акционерлеріміздің, инвесторларымыздың және клиенттеріміздің игілігі  үшін бізді жаңа істерге барынша ынталандырады».

EMEA Finance журналы жыл сайын ЕМЕА өңіріндегі – жаңадан дамушы Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі банктердің қызметін талдай отырып, қаржы саласындағы беделді халықаралық сарапшыларға, талдаушылар мен кеңесшілерге сауалнама жүргізеді.  2017 жылғы қызмет нәтижелері бойынша Халық банкінен басқа, «Қазақстанның ең үздік инвестициялық банкі» марапатына «Halyk Finance» Халық Банкінің еншілес ұйымы» АҚ ие болды, ол бұл жоғарғы марапатты қатарынан сегіз жыл бойы иеленіп келеді.   

EMEA Finance Банктердің және өзге де қаржы институттарының басшыларына ақпарат бере отырып, Еуропа, Таяу және Орта Шығыс, Африка елдеріндегі корпоративтік қаржы саласындағы елеулі оқиағалар мен жаңалықтардан  хабардар етіп отырады. 

Байланыс үшін

Сағынбек Шункеев
Маркетинг және PR департаментінің директоры
Тел: +7 (727) 259 03 01
e-mail: Saginbeksh@halykbank.kz