Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Bank кез келген қазақстандық банк карточкалары арасында Card2Card ақша аударымдарының сервисін іске қосты

11.05.2024

Алматы, 2018 ж. 26 сәуір — Қазақстанның Халық Банкі кез келген қазақстандық банк карточкалары арасында теңгеде және АҚШ долларында ақша аударымдарын жіберу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жаңа Card2Card интернет-сервисін іске қосты. Жаңа сервис Халық банктің myHalyk интернет-банкингінде тіркелуді талап етпейді және Visa мен MasterCard карточкаларын ұстаушылар үшін қолжетімді.

«Біз, клиенттеріміздің уақыты мен күшін айтарлықтай үнемдейтін инновациялық өнімдер мен қызметтерді әзірлеп және ендіре отырып, Халық банктің клиенттік сервисінің сапасын жетілдіруді жалғастырып келеміз. Бұл жолы біз одан да зорын – әдепкідегідей барлық қазақстандық банктердің карточкаларын ұстаушыларға қолжетімді Card2Card интернет-сервисін іске қостық. Енді сізге қарызға ақша беру немесе материалдық көмек көрсету үшін адаммен кездесудің қажеті жоқ. Оның банктік карточкасының нөмірін біліп, карточка ұстаушының атына санаулы уақыттарда ақша түсу үшін өз компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың экранын бірнеше рет түртсеңіз болғаны. Бұл смс жіберген сияқты жеңіл», — деп түсіндіріп өтті Қазақстан Халық банкі Басқарма Төрағасының орынбасары Марат Альменов.

Card2Card сервисін пайдалану үшін halyktransfer.kz, сайтына өтіп, интернет-нысан алаңдарын толтыру (аударымды жіберуші мен алушы карточкаларының деректемелерін, аударым сомасын және жіберушінің электронды мекенжайын енгізу) және «Аудару» батырмасын басу қажет.

Егер аударым Halyk Bank-тің бір клиентінің карточкалары арасында немесе кез келген қазақстандық банктің карточкасынан Halyk Bank, Qazkom немесе агент-банктің карточкасына жүргізілсе – аударым үшін комиссия 0 теңгені құрайды. Егер аударым Halyk Bank-тің түрлі клиенттерінің карталары арасында немесе Halyk Bank пен Qazkom карталарының арасында жүргізілсе – аударым үшін комиссия аударым сомасына қарамастан 95 теңгені құрайды. Басқа қазақстандық банктердің карталары арасында немесе Halyk Bank немесе Qazkom карточкасынан басқа қазақстандық банктердің (агент-банктерді қоспағанда) карточкаларына аударым жасаған үшін аударым сомасынан 0,85% (250 теңгеден кем емес және 700 теңгеден аспайды)* мөлшерінде комиссия ұсталады.

*тарифтер Халық банктің кредиттік карточкаларына жүрмейді.

Анықтама үшін:

Қазақстан Халық Банкі — бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер мен активтерді басқаруды қоса алғанда түрлі сегменттерде операциялар жүргізетін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банк 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасындағы және 2006 жылдан бері Лондон Қор Биржасындағы листингке ие. 2017 ж. шілдеде Банк активтерінің көлемі жағынан екінші ірі қазақстандық банк -  Қазкоммерцбанктің бақылау үлесін сатып алды. 2017ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 8,674.6 млрд. теңге мөлшерінде активтерге ие бола отырып, Банк ең ірі клиенттік базасы мен филиалдар желісі – ел бойынша 719 филиалы мен бөлімшесі (Қазкоммерцбанктің 220 филиалы мен бөлімшелерін қосқанда) бар Қазақстандағы жетекші кредит ұйымы болып табылады. Банк сондай-ақ Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде және Тәжікстанда операциялар жүргізеді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

PR қызметі
Тел.: + 7 (727) 259 03 01
e-mail: pr@halykbank.kz