Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Halyk Finance өз міндеттемелерін басқару бойнша ағымдағы кешенді транзакция шеңберінде жиынтық номиналды көлемі 3,25 млрд АҚШ доллары болатын 7-, 12- және 30,5-жылдық «КазМунайГаз ҰҚ» АҚ Еурооблигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі мәмілені сәті а

12.05.2024

«Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ (тақырыпта және ары-қарай – «Halyk Finance»), бірлескен букраннер ретінде «КазМунайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (тақырыпта және ары-қарай-«КМГ») Еурооблигацияларының 13,14, және 15 серияларын 7,12 және 30,5 жыл айналыс мерзімдеріне 2018 жылдың сәуірінде жалпы жиынтық сомасы $3,25 млрд-қа шығару және орналастыру бойынша мәмілені сәтті аяқтады. Осы мәміле ҚМГ өз міндеттемелерін басқару және өзінің қарыздық профилін ұзарту бойынша ағымдағы кешенді транзакцияның бөлігі болып табылады.

3-ші сәуірде ҚМГ және KMG FINANCE SUB B.V. («KMG Finance») өту мерзімдері 2020, 2021, 2025 және 2043 жылдары және жиынтық өтелмеген номиналды көлемі $3,14 млрд (бірге «Облигациялар») ҚМГ Еурооблигацияларын ұстаушыларға Облигациялардың шартын өзгертуге өз келісімін беру сұранысымен жүгінді. Мұндағы мақсат: осы Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі енгізу және бір уақытта оларды ҚМГ–ға шығаруға ұсыну. Halyk Finance Бірлескен Дилер –Менджер және Келісім алу бойынша Бірлескен Агент ретінде болатын осы ұсынысқа ерте қатысу мерзімі аяқталған соң (16 сәуір), ҚМГ и KMG Finance Облигация ұстаушылардан Облигация шарттарын өзгертуге келісім туралы нұсқаулық және/немесе оларды жиынтық номиналды $2,96сатып алу5а 9сыныстарын  алды. Осылайша көрсетілген әрбір Облигацияны шығару бойынша ең төмені-айналаста болатын шығарудың жалпы көлемінен – 75% Облигация ұстаушылардың жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша дауыс беру үшін, оферта ашылған күннен бастап 2(екі) апта ішінде-ақ ұзартылады.

17 сәуір ҚМГ шығарылымдарының күтілетін әрқайсы 500 млн. АҚШ долларынан кем емес номиналды көлемдерімен, өзінің жаңа 7-, 12- және  30,5 жастық Еурооблигацияларын алуға жаһандық өтініштер жинайды. Қазақстан Респуликасының территоиясында өтініштер жинау Қазақстандық Қор биржасында (ары қарай - «KASE»), инвесторлардың жаһандық өтініш жинаумен қатар жүргізілді. Өтуге жүргізілген алғашқы бағдарлар, сәйкесінше жылдық 4,875%, 5,500% және 6,600% мөлшерінде орнатылды, дегенмен инвесторлар тарапынан айтарлықтай қызығушылықтың арқасында, көрсетілген бағдарлар кейінірек мәрелік ауқымды жылдық  4,750%-4,875%, 5,375%-5,500% және сәйкесінше 6,450%-6,600% етіп қайта қарастырылады. Өтініш жинаудың аяқталуына қарай, дәл сол күні  230-дан аса инвесторлардың танытқан жиынтық жаһандық сұранысы жуық мөлшерде $8,5 млрд құрады, бұл ҚМГ –ға өтеуге қатысты табыстылық бойынша кесу бағасын, қарастырылған ауқымдардың ең төменгі шекарасында орнатуға мүмкіндік берді- кпон мөлшерлемесі ұқсас, 7 –ті жылдық айналмас мерзімі бар, $500 млн сомаға және Еурооблигациялар үшін 4,750%, 5,375% - 12 жылдық айналыс мерзімі бар Еурооблигациялар үшін $1,25 сомаға және купон мөлшерлемесі ұқсас және 6,450% -30,5- жылдық айналыс мерзімі бар Еурооблигациялар үшін $1,5 млрд сомаға, және купон мөлшерлемесі жылдық 6,375%. Географиялық бөлікте Еурооблигацияларды орналастыру келесі түрде көрсетіледі:

Орналастыру географиясы / Айналым мерзімі

7 жыл

12 жыл

30,5 жыл

АҚШ

58%

46%

52%

Ұлыбритания

23%

36%

28%

Еуропа

14%

13%

12%

Қазақстан, Азия және Таяу Шығыс

5%

5%

8%

 Осы Еурооблигацияларға BBB- (Fitch) / Baa3 (Moody's) деңгейінде рейтинг берілген. Осы мәселелер бойынша есептер 24-ші сәуірде өтті. ҚМГ-ға Еурооблигациялардың жаңа шығарылымдарын орналастырудан түскен қаражат,өтеуден кейін айналыста қалған облигацияларды өтеу және мерзімінен бұрын өтеу, сондай-ақ облигацияларды ұстаушыларға өтемақы төлеу үшін пайдаланылатын болады,бұрын олардың айналыста болу шарттарын өзгертуге және / немесе өзгертуге келісім берген және қалдық қорлар болған жағдайда - жалпы корпоративтік мақсаттар үшін.

«Бізді ерекше куантатыны,біздің команданың дағдыларын бағалы қағаздардың жаңа шығарылымын ұйымдастыруда ғана емес,өз клиенттерінің міндеттемелерін басқару бойынша кешенді транзакциялар саласында да үздіксіз кеңейту және жақсарту осындай өте маңызды және күрделі жобаға Келісім алу бойынша  Halyk Finance-ті бірлескен Букраннер, Дилер-Менеджер және Агентік ретінде таңдап алған ҚМГ-ның лайықты бағалауын сезіну. Осы мәміледе пайдалынған облигациялардың ескі  шығарылымдарының шығару құрылымы және олардың жаңа ұзақ мерзімді шығарылымдармен ауыстыру уақытылы және ҚМГ үшін өте тиімді болып табылады. Соңғы 6 айда бұл-біздің Клиенттеріміздің борыштық бейінін басқару бойынша біздің 2-ші табысты транзакциямыз,бұл өз алдына мерзімі өтелуге жақындап қалған міндеттемелерімен көптеген басқа да эмитенттерде осындай құрылымдарға деген едәуір қызығушылық бар екенін куәландырады Halyk Finance Басқарма төрағасы Арнат Абжанов.

***

«Halyk Finance» АҚ қаржы консалингі мен  андеррайтингін (корпоротивті эмитенттердің бағалы қағаздарын шығару мен бастапқы оранластыруды ұйымдастыру) қоса, инвестициялық банктік қызметтін толық кешенін көрсететін, корпоративті қаржыландыру қызметтерін  (акцияларды және компанияның қатысу үлестерін және корпоративті қарыздық қайта құруларды сатып алу/сату жөніндегі кеңес беру қызметтерін қоса), брокерлік қызметтер және бағалы қағаздармен сауда жасау, KASE сауда алаңында маркет-мейкер қызметтері инвестициялық қоржынды басқару, сонымен қаттар үздіксіз талдау қызметтерін көрсететін Қазақстанның жетекші инвестициялық банкі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ көшбасшы қаржы тобы және Қазақстандағы ең көп клиенттер базасы мен тарату желесі бар, көшбасшы дара банк болып табылады. Банк өзінің дара клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиентеріне және корпоративті клиенттеріне қызметтердің кең спекторын ( сақтандыру, лизинг, брокерлік және активтерді басқару қызметтері) ұқсына отырып, әмбебеп қаржы тобы ретінде дамып келеді. Банк өз операцияларын сонымен қатар Ресейде, Грузияда және Қырғыстанда жүзеге асырады.

Фархад Охонов
Консалтинг және Андеррайтинг
Басқармасының басшысы
«Halyk Finance»АҚ
www.halykfinance.kz
тел.: + 7 (727) 357 31 77

PR қызметі
«Народный Банк Казахстана» АҚ
www.halykbank.kz
тел. +7 (727) 259 08 16