Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Халық банк клиенттеріне «ақылы сауалнамадан» өтуден сақ болуды ескертеді: бұл алаяқтардың әрекеті

12.05.2024

Алматы, 2018 ж. 2 мамыр — кибер-алаяқтардың белсенділігінің артуына және банк карталарынан ақша ұрлаудың өсуіне байланысты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі — Халық банк) өз клиенттерін түзелмейтін салдарға әкеп соқтыруы мүмкін қателіктерден сақтандыру қажет деп ойлайды.

Халық банктің онлайн-сервистері рұқсат етілмеген қол жеткізуден сенімді қорғалғандықтан, қазіргі кибер-алаяқтар «фишингке» жиі жүгінеді. Бұны алаяқтық схемасы деп атайды, мұнда қылмыскерлер адамды алдау жолымен банк карталарының немесе интернет-банкингтегі есеп жазбаның құпия мәліметтерін ашып беру үшін орынды сылтау ойлап табады.

«Фишингтің» көптеген түрлері бар — бұл бейтаныс адресаттан келген тауарды өте тиімді бағамен сатып алу ұсынысы бар электрондық хат не болмаса интернет-дүкеннің немесе интернет-банкингтің жасанды сайтына апаратын баннер болуы мүмкін. Соңғы кезде кибер-алаяқтар қазақстандықтардың банк шоттарынан ақша ұрлаудың жаңа тәсілін ойлап тапты — ол банк клиенттері арасында «ақылы сауалнама» өткізу арқылы.

Мұндай алаяқтық қалай болады

Интернет-сайттардың бірінде, мәселен, танымал әлеуметтік желіде сізге белгілі бір сыйақы үшін сауалнамадан өту ұсынысы бар хабарлама келіп түсті. Мұндай хабарламада корпоративтік түстер, қаріптер және банктің логотипі мен оның өнімдері, бірыңғай формалы киім киген банк қызметкерлерінің фотосуреттері, ойдан шығарылған адамдардың жалған пікірлері, шын мәнінде жоқ «клиенттерді қолдау қызметінің» байланыс телефондары пайдаланылуы мүмкін. Бұның бәрі сіздің шынайы банкпен істес болып жатқаныңыз жайлы пікірдің қалыптасуы үшін шықдық болып көрінеді.

Сіз сілтемемен өткен кезіңізде сізге таныс емес сайттың беті ашылады, онда сізге «бекіту төлемін» жасау ұсынылады және сол үшін электронды нысанның тиісті жолдарына банк картаңыздың нөмірін, атыңызды, картаның қолданылу мерзімі мен CVV/CVC-кодты (картаның сыртқы жағындағы үш таңбалы нөмір) қоса алғанда өзіңіздің дербес деректеріңізді енгізуді сұрайды.

Төлем батырмасын басқаннан кейін, сіздің барлық құпия мәліметтеріңіз алаяқтардың қолына түседі, содан кейін олар сіздің нөміріңізге (интернет нысанда көрсеткен нөмірге) «банк қызметкерімін» деп өзін таныстыра отырып қоңырау шалады да сізден 3DSecure-парольді немесе төлемді растау үшін смс арқылы келетін бір реттік кодты айтуыңызды сұрайды. Біраз уақыттан соң, сіздің банк картаңыздан сіз ешқашан сатып алмаған тауарлар мен қызметтер үшін ақша сомалары есептен шығарыла бастайды.

Алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары

  1. Кибер-алаяқтардың сізді алдап кетуіне жол бермеңіз — оп-оңай ұтып алу немесе тиімді сатып алу ұсынысы бар жалған хабарламаларға сенбеңіз.
  2. Есте сақтаңыз: Халық банк және Халық тобының басқа да банктері ешқашан өз клиенттері арасында ақылы сауалнамалар өткізбейді және сырт интернет-сайттар арқылы клиенттер туралы ешбір мәлімет жинамайды.
  3. Дербес деректеріңізді құпияда ұстаңыз және ешкімге айтпаңыз — интернет-банкингке кіру үшін логин мен парольді, мобильдік телефонның сенімді нөмірін, сондай-ақ сіздің банк карталарыңыздың деректемелерін (карта нөмірі, картаны ұстаушының аты мен тегі, картаның қолданылу мерзімі мен  CVV/CVC).
  4. Бейтаныс нөмірлерден шалынған қоңырауларға сенбеңіз, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған адамдарға – банктен смс арқылы алған растау кодын хабарлап айтпаңыз. Банк қызметкерлері мұндай мәліметті телефон арқылы сұрамайды.
  5. Тауар сатып алатын сайттардың интернет мекенжайларын тексеріңіз. Есте сақтаңыз: алаяқтар кез келген интернет сайттың тура көшірмесін жасай алады, сол себепті ол түпнұсқа сайттан еш айырмашылығы болмауы мүмкін. Түпнұсқа сайт пен жалған сайттың арасындағы айырмашылық сайттың интернет мекенжайында бір ғана көзге көрінбейтін символда – мәселен, артық немесе жетпей тұрған нүктеде немесе дефисте болуы мүмкін.
  6. Ешкімнің көмегіне жүгінбеңіз, егер ол көмек карточкалық және ағымдағы шоттарыңыз бойынша транзакцияларды жасау үшін қажет болса. Егер сіз банк сайтының немесе сізге электрондық почта арқылы келіп түсетін сұратудың шынайылығына күдіктенсеңіз, банктің байланыс орталығына 8 8000 8000 59 нөмірі бойынша хабарласуыңызды өтінеміз.
  7. Жеке құжаттарыңыздың, банкомат чектерінің скан-көшірмелерін немесе фотосуреттерін ешкімге жібермеңіз.
  8. Өзін банк қызметкерімін деп таныстырған адам асықса немесе бұл мәселеде қандай да бір қайсарлық танытса, сақ болыңыз: әлбетте, сіз алаяқтарға тап болғаныныз.
  9. Кибер-алаяқтар өздерінің арам ниеттерін іске асыру үшін сізден бірнеше санды біліп алудың жеткілікті екенін біліп жүріңіз, ал сіз бұл сандарға көңіл аудармауыңыз да мүмкін.
  10. Есіңізде болсын: сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз — сіздің қолыңызда және сіздің аңқаулығыңыздың немесе бейқамдығыңыздың арқасында ақшаңызды алып қашып кеткен алаяқтарды іздеп табудан гөрі, кез келген қылмысты болдырмау оңайырақ.