Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

«Халық» қайырымдылық қоры жасөспірімдер арасында баскетболдан «Үміт кубогы» чемпионатын бастады

12.05.2024

2018 жылғы 16 мамыр, Алматы – Бүгін оңтүстік астанада Қазақстандағы балалар үйі мен мектеп-интернаттары тәрбиеленушілері командаларының арасында баскетболдан «Үміт Кубогы-2018» біріншілігі басталды. Осымен чемпионат Ұлттық баскетбол федерациясы мен «Халық» қайырымдылық қорының бірлесе ұйымдастырып, ауқымды қаржылық демеу көрсетіп отырған «Халық лигасы» жобасының аясында 13-ші рет қатарынан өткізіліп отыр.

12 жыл ішінде «Халық лигасы» жобасына 2 500 астам балалар қатысты. Олардың ішінде балалар үйі мен мектеп-интернаттары 110 тәрбиеленушісіне «Спорт шеберіне үміткер» дәрежесіне берілді. 2018 жылы бірінші орынға 180-нен астам тәрбиеленушіден құралған 18 команда тартысатын болады. 

Биылғы біріншілік ерекше өтті десек артық болмас. Чемпионатқа «Движение вверх» фильмі кейіпкерлерінің түптұлғалары болған, 1972 жылы Мюнхенде өткен АҚШ пен КСРО тарихында аңызға айналған матчтың қатысушылары – Олимпиада чемпиондары Әлжан Жармұхамедов және Иван Едешко арнайы шақырылды.

«Бұл өте қажетті жоба, оларға өмірде қойған алдағы мақсаттарға жету үшін күрес дағдыларын береді», – деді Әлжан Жармұхамедов.

«Чемпионат – бұл жыл бойы балалар үйлерінде атқарылатын жұмыстың нәтижесі. Бұл жоба өте қажет. Өйткені, балаларға спортпен шұғылдануға жағдай жасап қана қоймайды. Ең бастысы оларға ынталандыру және күнделікті  психологиялық дайындық қажет. Мен өзім және достарым өмірімізде бірқатар қағидаттарды ұстанамыз: Ең басты қарсылас – ол мен өзім және мен осы күресте жеңіске жетемін; Тек еңбек арқылы сен үздік боласың; Кері шегінбе – басқалардың шегінуіне куә боласын», – деді өзі сөзінде Иван Едешко.

«Халық» қорының бұл жердегі рөлі өте түсінікті және маңызды – біз балалар үйлері мен интернаттарында баскетбол секцияларындағы жұмысты қаржыландырамыз. Балалар аптасына үш рет қарысып жаттығады және де жылдың негізгі оқиғасы – «Үміт кубогы» чемпионатына дайындалуда. Баскетбол арқасында балалар өзгереді, мықты болады, өзара әрекеттестікке, өзара көмекке және қиындықтарды еңсеруді үйренеді» – деді «Халық» қайырымдылық қорының директоры Лариса Коковинец чемпионат ашылу салтанатының барысында.

Чемпионатты ұйымдастыруда «Халық» қайырымдылық қорының серіктестері де аз болған жоқ. Олар: баскетбол ардагерлерінің әуе жолын қамтамасыз еткен «Air Astana» компаниясы, 200-ден астам балалардың «Көк-Төбеге» көтеріліп, серуендеуге мүмкіндік берген «Көк-Төбе» ойын-сауық паркі және біріншіліктің ашылу, жабылу салтанаты мен ақтық ойынды ойнау үшін алаңды ұсынған «Достық» спорткешені.  

Анықтама үшін:

2005 жылдан бастап Халық банкі белсенді баскетболдық қозғалыс құру бойынша «Халық лигасы» әлеуметтік жобасын қаржыландырып келеді. Оның аясында Қазақстан бойынша қамқорлыққа алынған 18 балалар мекемелері спорт жабдықтары және керек-жарақтарымен жабдықталады, бапкерлік құрамның жұмысы төленеді. Оқу жыл бойы жоба қатысушылары баскетбол бойынша кәсіби бапкерлер басшылығымен жаттығу мүмкіндігіне ие. Осы жаттығулардың нәтижесі ретінде баскетболдан балалар үйлері мен мектеп-интернаттары арасында өтетін «Үміт Кубогы» атты ҚР Чемпионаты болып табылады. Жалпы осы жобаны қаржыландыруға Қазақстан Халық банкі 350 млн теңгеден астам қаржы жұмсады.