Голосовой помощник


На сайте присутствует голосовой помощник вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости

Маалымат-борбору

Қазақстан Халық Банкі алғашқы рет «Қорғас» ХШЫО-да теңгеде инкассация жүргізді

11.05.2024

Алматы, 17 мамыр 2018 ж. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Халық банкі) қазақстандық банктердің арасында алғашқы болып «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) аумағында орналасқан ҚХР Ауылшаруашылық банкінің филиалынан теңгедегі қолма қол ақша инкассациясын 425 млн-нан астам сомаға жүргізді. Ұлттық валютаны трансшекаралық тасымалдау Қазақстан Халық Банкі және Қытай Ауылшаруашылық банкі арасында 2016 жылғы қазан айында бекітілген қолма-қол ақшаны тасымалдау бойынша қызметтерді ұсыну туралы келісімге сәйкес жүргізілді.

Осы оқиғаға арналған салтанатты іс-шараға Қорғас қаласының (ҚХР) мэрі Ren Ensi (Жень Энсы) мырза, Халық банкі басқарма төрағасының орынбасары Ертай Сәлімов, сондай-ақ ҚХР Ауылшаруашылық банкінің және «Қорғас» ХШЫО-ның өкілдері қатысты.

«Біз Қазақстан Халық банкі «Қорғас» орталығы аумағында ұлттық валютаны трансшекаралық инкассациялау саласында пионер болғанына қуаныштымыз. ҚХР Ауылшаруашылық банкімен ынтымақтастығымыз экспортерлер мен импортерлер арасында есеп айырысуды айтарлықтай жеңілдетіп, тездететініне және де Қытай мен Қазақстан арасындағы трансшекаралық ынтымақтастықтың нығаюны ықпалын тигізетініне сенімдімін, бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуына септігін тигізеді», — атап өтті Ертай Сәлімов.

Шартқа сәйкес ҚХР Ауылшаруашылық банкі ХШЫО аумағында қытайлық сатушылардан теңге қабылдайды. Ары қарай
Халық банкі түсімді инкассациялап, оны өзінің Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы филиалына тасымалдайды. Мұнда бұл сомалар Ауылшаруашылық банктің Қазақстан Халық банкіндегі корреспонденттік шотына есепке жатқызылады.

Енді «Қорғас» ХШЫО аумағында тауар сатып алатын қазақстандық кәсіпкерлерге қолма-қол теңгені юаньға айырбастаудың қажеті жоқ, өйткені Қытайдың сауда ұйымдары мен коммерциялық банктері Қазақстанның ұлттық валютасын қабылдай беретін болады, ол өз кезегінде жедел түрде инкассацияланып, елімізге қайта экспортталады. Сонымен қатар Халық Банкі және ҚХР Ауылшаруашылығы банкі арасындағы ынтымақтастық қазақстандық азаматтардың және ШОБ субъектілерінің ҚХР банктерінде теңгедегі және юаньдағы шоттарды және депозиттерді ашу бойынша операциялар санының көбеюіне әкеледі. Қазақстандық және қытайлық тарап арасында теңгеде және юаньда қолма-қол ақшасыз есеп-айырысулардың саны да өседі.

Екі ел банктерінің өкілдері қолма-қол қазақстандық теңгені «Қорғас» ХШЫО аумағынан тасымалдау бойынша операцияны жете дайындады. Осы жылдың сәуір айында бірқатар сынамалы инкассациялар сәтті жүргізіліп, кеден және шекаралық бақылаудан өтуді қоса алғанда, барлық рәсімдер ретке келтірілді.

«Қорғас» ХШЫО — Қазақстан мен Қытай арасында сәтті сауда, экономикалық, туристтік және инвестициялық ынтымақтастықтың бірегей үлгісі. Орталық екі мемлекеттің шекара маңы аумағында орналасқан және мемлекеттік шекарасынан өтетін «Арнайы дәлізбен» қосылған қазақстандық және қытайлық тараптан тұратын кешен болып табылады. ХШЫО аумағындағы сауда павильондарында тауарлар мен қызметтерге есептесу үшін қазақстандық теңге де, қытайлық юань да қабылданады.

«Halyk bank-тің «Қорғас» ХШЫО-да қатысуы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететін болады, бизнес жүргізуді жеңілдетеді, қазақстандық тараптан жуықта 3 миллион адамнан асқан туристер ағынын одан әрі ұлғайтады», — деп «Қорғас» ХШЫО» АҚ-тың аппарат басшысы Рауан Ақкешин атап өттті.

«Қорғас» ХШЫО» АҚ-тың баспасөз-қызметі

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz
тел. +7 727 2 585 145 ішкі 57615| pr@qazkom.kz